Көктем. Сын есім. 1сынып, қазақ тілі

Раздел Другое
Класс 1 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

1ә сынып


Сабақтың тақырыбы: Көктем
Сабақтың мақсаты: Балалардың жыл мезгілдері туралы түсініктерін аша түсу, Көктем мезгіліндегі табиғат өзгерістерін сезіне білуге, әсемдікке баулу.
Сабақтың көрнекілігі: жыл мезгілдерінің суретері

Ұйымдастыру бөлімі:
Шаттық шеңбері: Армысың шапағатты Күн - ана!
Армысың қайырымды Аспан - ана!
Армысың мейірімді Жер - ана!
Құт дарыт бар әлемді жарылқа!
«Қонжық» ойыны
Мақсаты: Балалардың тіл байлығын жетілдіру, сүйіспеншілік сезімін ояту.
Балалар, біз өткенде аюды мақтап едік енді қонжыққа жақсы сөздер айтайықшы.
Балалар қонжықты өздері білетін жақсы сөздермен еркелетеді.
(Томпағым, ақылдым, ең адал досым, мейірімді қонжығым)
Өткен тақырыпты еске түсіріп, бекіту (сурет бойынша)
Ата мен әже деген кімдер

Сендердің ата әжелерің бар ма?

Ата әжең туралы не айта аласың?
Сергіту жаттығуы:
Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі,
Кіп-кішкентай ағаштар,
Су құйғанда өседі.
Жаңа сабақ:
Кіріспе сөз
Балалар, бүгін біз жыл мезгілдері туралы, оның ішінде Көктем мезгілі туралы әңгімелейміз. Қане көктем туралы кім не айтады?
Балалар:
Көктемде қар ериді, ағаштар бүршік жарады.
Сурет бойынша әңгіме:
Мына суреттен нені көріп тұрмыз?
- Көктемде жердің түсі қандай болады екен?
- Суретте тағы нені байқадыңдар?
- Балалар, құстарға қандай көмек көрсетуге болады?
- Ал енді, балалар, біз бүгін ақын Төлеген Айбергенов ағаның «Көктем» өлеңімен танысамыз..
Көктем
Көңілді көктем далаға
Келді сұлу шағала.
Аспандағы ақ құстар
Ауылымды арала.
Көктем қандай көңілді
Көктен жаңбыр төгілді.
Мөлдір аспан ашылып,
Күннің көзі көрінді.

Ойын: «Күн мен түн» Мақсаты: балалардың зейінін жетілдіруге арналады.
Ойынның барысы:
Балалар парта үстіне бастарын қойып жатады, «күн» дегенде бастарын көтереді, «түн» дегенде бастарын партаға қойып көздерін жұмады. Қателескен бала ойыннан шығарылады.

Бекіту сұрақтары:
- Сонымен, қандай жыл мезгілдерін білеміз?
- Көктемнің қандай ерекшеліктері бар?
- Біз танысқан өлеңді кім жазған?
- Өлеңде не туралы айтылған?Дәптерге көктемнің суретін саламыз


© 2010-2022