М. Әуезовтың «Көксерек» әңгімесі (7 класс)

Раздел Другое
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пән мұғалімі: Дуйсенгалиева Гулзира Амангалиевна

Сабақтың тақырыбы: М. Әуезовтың «Көксерек» әңгімесі
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Әңгіменің мазмұны бойынша талдау жасау. Шығармаға сын тұрғысынан ойлап,талқылауға үйрету. Тұжырымдар жасау, ой қорыту әрекеттерін салыстыру және сабақтастыруды, жалпы болжам жасап білуді үйрету.
2. Дамытушылық: Жазушының аң мен адам арасындағы тартысын суреттеуі арқылы тіршілік үшін күрестің өте күрделі де қиын әрекет екенін дәлелдеу.Оқушылардың сөйлеу мәдениеттілігін,өз бетінше ой қорытып тұжырым жасай білу белсенділігін арттыру.Өз беттерімен еңбектену сезімдерін қалыптастыру.
3. Тәрбиелік: Табиғатты қорғай білуге,қасқырға деген көзқарасты қайта қарау; адамгершілікке, ұжымшылдыққа тәрбиелеу;
Сабақ түрі: Ойын сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, талдау,пікірлесу,топтастыру,топтық жұмыс, жоба жасау
Көрнекіліктер: Тірек сызбалар, тақырыпқа байланысты суреттер, слайд
Сабақ барысы:

I . Ұйымдастыру кезеңі

А) Кезекші арқылы еске түсіру;

Ә) Құрал-жабдықтарын тексеру;

Б) Сабаққа назарларын аудару;

Сабақ жоспары:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. «Білемін» бөлімі

  3. «Зерттей аламын» бөлімі

І тапсырма.«Проблемалық сұрақтар»бекеті

ІІ тапсырма. «Өз ойыңды тізбекте»(ойтолғау)бекеті

ІІІ тапсырма. «Ойлан,тап»бекеті

IV тапсырма.«Кім?Қашан?Қайда?»бекеті (Сипаттау)

Мұғалім сөзі: \интербелсенді тақтада шығады \
М. Әуезов адам мен табиғат арасындағы байланысты,қайшылықтарды өзінің «Көксерек» деген әңгімесінде шебер көрсете білген. Кішкентай Құрмаштың трагедиясы сендерге де ой салары анық ...

Оқушылар оқулықтан жазушы ойын нақты,айқын жеткізе білген үзінділерді немес тірек сөздерді айтады:\оқушылар жауап берген соң,тақтада көрсетіледі\

Қасқырлар әлемі

Көксерек-дала тағысы

Көксерек және Құрмаш

Қасқыр. Аққасқа. Көксерек

Құрмаштың өлімі

II. «Білемін» бөлімі

Алдын ала берілген шығармашылық тапсырма бойынша бір немесе екі оқушы өзінің жинақтаған тың мәліметтерін презентация арқылы қорғайды,талқылайды. (3 минут)

Мұхтар Омарханұлы Әуезов

(1897-1961)

Тұңғыш режиссер

Ұлағатты ұстаз



Аудармашы

Драматург

Қазақстандағы тұңғыш футбол командасының ойыншысы

Қоғам қайраткері



Зерттеуші,ғалым

Қоғам қайраткері


III. «Зерттей аламын» бөлімі

Жаңа тақырыпқа ену. Оқушыларға әңгіме бойынша сұрақтар бере отырып,өз беттерінше ойларын ортаға салу арқылы талдау жасату,пікір алысу.Сұрақтарға жауап бергіздіре отырып,әңгіменің негізгі идеясын,өзекті ойын анықтату. Әр жоба,сызба талқыланып қорытындыланады.

\Интербелсенді тақтадан көрсетіледі\


І тапсырма.«Проблемалық сұрақтар»бекеті

1-топ тапсырмасы:


Сабақта шығармада көтерілген актуалды мәселелер:

1.Әңгіме тек Көксерек айналасында ғана ма?

Жауабы: Әңгіме тақырыбы «Көксерек» деп аталғанымен тек қасқыр тағдырымен қоса адам мен табиғат арасындағы күрделі проблемалар көтерілген.

2.Әңгіме арқылы басты ойды ашатын ең негізгі оқиғалар қайсысы?

Жауабы: Басты ойды ашатын ең негізгі оқиға-табиғатқа қарсы жасалған қиянат.

3.Ауыл адамдарының іс-әрекетін ақтауға бола ма?

Жауабы: Ауыл адамдарының іс-әрекетін ақтауға болмайды.Жазушы табиғатқа қиянат жасағандарды «екі аяқтылар», «көргіш көздер» деп атайды.

4.Жалпы табиғатқа шабуыл жасау,оның тылсым тыныштығын бұзу мәселесіне қалай қарайсыңдар?

Жауабы: Табиғатқа шабуыл жасап,оның тыныштығын бұзу мәселесі-қауіпті мәселе.Әсіресе қасқыр апанын талқандап,ұрпағын жою-қауіптірек.

5.Құрмаштың қайғылы тағдырының себебі неде?

Жауабы: Құрмаштың қайғылы тағдыры адамдардың қатыгездігінен болды.

6.Кінәлілер кімдер?Кім қатал,кім өктем?Көксерек пе,әлде ауыл адамдары ма?

Жауабы: Кінәлілер-адамдар.Адам табиғатқа қиянат жасап,өктемділік көрсетті.

Көксеректі ызаландырған «екі аяқтылар».

\Оқушылардың жауаптары тыңдалып,мұғалім тарапынан қосымша мағлұматтар беріліп,толықтырылады\

1-топ оқушылары орындайды:

  • Дала тағылары мен адамдар іс-әрекетіндегі ұқсастық неде?

\Оқушыларға плакат беріледі,олар өздерінің ойын сызба арқылы көрсетеді,дәлелдейді\

ІІ тапсырма. «Өз ойыңды тізбекте»(ойтолғау)бекеті

2-топ тапсырмасы:

Конверттердің біреуін таңдап,ашыңдар,қағаз бетіне өз ойларыңды тізбектеңдер.

1.Қасқырды қолға үйретуге болады ма?

2.Оқиғаны сендер қалай аяқтар едіңдер?

3.Құрмаш өліміне кім кінәлі?

2-топ оқушылары орындайды:

  • Көксеректің жойқын дүлей күшке айналу себебі не?

\Плакатқа өздерінің ойын сызба түрінде түсіріп қорғайды\

ІІІ тапсырма. «Ойлан,тап»бекеті

3-топ тапсырмасы:

Мақалмен қорыту. ( 3 минут)

Үш топ өзара қасқыр туралы мақал айтысып жарысады.

1.Иттің иесі болса , бөрінің тәңірісі бар.

2.Ауыл иті ала болса да, бөрі келгенде бірігеді.

3. Қасқырды қанша асырасаң да орманға қарап ұлиды.

4. Қасқырды сұрлығы үшін емес,ұрлығы үшін ұрамыз.


3-топ оқушылары орындайды:

  • Құрмаштың қайғылы тағдырына кім кінәлі?

\Сызба арқылы жоба жұмысын қорғайды\




Үш топ кезектесіп жауап жауап береді

Интербелсенді тақтадан көрсетіледі:


IV тапсырма.«Кім?Қашан?Қайда?»бекеті (Сипаттау)

Бұл бекетте мәтін ішіндегі кейіпкерлердің сөздерін талдай отырып қай кейіпкердің сөзі екендігіне тоқталамыз.


Кейіпкер сөзі

Ауыл адамдары

Жұмаш

Құрмаштың

әжесі

Бейсембай

1

Қуарған-ай, неңді алып ем? Не жазып ем ?

+

2

Кәпір қырыс, неме , кеудесін

бермейді, жасымайды.

+

3

Мына кәпірдің екі көзі жап-

жасыл болып кетіпті, тұқымын

сезген екен, мұны өлтіріп,

терісін алайық .

+

4

Қасқырың болса қайтейін, менің

қара ала

төбетім бір-ақ

соғады.Араша

лай алмасаң, әлдеқашан өлтіріп

тастар еді.

+

5

Іздегендерің-

нің өзі-сол,

бәрін істеп жүрген сол.

Енді оны бір қолға берсе-ау!

+

6

-Осы…осы…осы ит!

+

V тапсырма. «Зерделі сұрақ,дәлелді жауап»бекеті

\Интербелсенді тақтадан көрсетіледі,топ мүшелері кезектесіп жауа береді\

Бекіту сұрақтары :

1.М.О.Әуезовтің тұңғыш шығармасы? («Адамдық негізі - әйел», Мұхтар Әуезовтің мақаласы. Әуезовтің қалам алды туындыларының бірінен саналатын бұл мақала Семейде шығып тұрған «Сарыарқа» газетінің 1917 жылғы 5 қыркүйектегі 12-санында жарияланған)
2. Қара ала төбеттің иесі кім ?(Жұмаш)
3 Аққасқаның иесі кім ? (Қасен)
4. Қандай шөп, өсімдік атауларын кездестірдің ?(жуалар,итмұрын т.б.)

5.Грекше «Кірістіру» деген ұғымды білдіретін сөз? (эпизод)

6.Валентина Әуезова қай жылдың қабырға күнтізбесін сатып алды? (1929 жылғы)

7.Әңгіменің негізгі кейіпкері кім?

VI.Бағалау.Топтардың балдарын есептеп,орындарын тағайындау.

Орындалатын жұмыс түрлері:

Мұғалім берген ұпай саны

Оқушы жинаған ұпай саны

Баға

II. «Білемін» бөлімі


III. «Зерттей аламын» бөлімі


І тапсырма.«Проблемалық сұрақтар»бекеті

1-топ тапсырмасы:


1-топ оқушылары орындайды:

  • Дала тағылары мен адамдар іс-әрекетіндегі ұқсастық неде?


ІІ тапсырма. «Өз ойыңды тізбекте»(ойтолғау)бекеті

2-топ тапсырмасы:


2-топ оқушылары орындайды:

  • Көксеректің жойқын дүлей күшке айналу себебі не?


ІІІ тапсырма. «Ойлан,тап»бекеті

3-топ тапсырмасы:



3-топ оқушылары орындайды:

  • Құрмаштың қайғылы тағдырына кім кінәлі?


IV тапсырма.«Кім?Қашан?Қайда?»бекеті (Сипаттау)



V тапсырма. «Зерделі сұрақ,дәлелді жауап»бекеті



VII.Үйге: «Табиғат және адам» тақырыбында эссе жазу.

VIII.Түйіндеме:

-Балалар,«Көксерек» әңгімесінде жазушы қасқырдың мінез-құлқы,өзіне тән табиғи қасиеттерін тақырып етіп алып,айнала қоршаған табиғаттың өз заңы,өзіндік ерекшелігі бар,оны адамдардың түсіне білуі қажет деген ойды білдіреді.

«Табиғатқа қиянат жасама,адамзат»(оқушылардың жауаптары)









Қопа орта мектебі



Тақырыбы:

Мұхтар Әуезов

"Көксерек" әңгімесі



7-сынып

Өткізген:

Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалім:

Дүйсенгалиева Г.А.









2014-2015 оқу жылы


1-топ оқушылары орындайды:

  • Дала тағылары мен адамдар іс-әрекетіндегі ұқсастық неде?

\Оқушыларға плакат беріледі,олар өздерінің ойын сызба арқылы көрсетеді,дәлелдейді\





2-топ оқушылары орындайды:

  • Көксеректің жойқын дүлей күшке айналу себебі не?

\Плакатқа өздерінің ойын сызба түрінде түсіріп қорғайды\







3-топ оқушылары орындайды:

  • Құрмаштың қайғылы тағдырына кім кінәлі?

\Сызба арқылы жоба жұмысын қорғайды\


























IV тапсырма.«Кім?Қашан?Қайда?»бекеті (Сипаттау)

Бұл бекетте мәтін ішіндегі кейіпкерлердің сөздерін талдай отырып қай кейіпкердің сөзі екендігіне тоқталамыз.


Кейіпкер сөзі

Ауыл адамдары

Жұмаш

Құрмаштың

әжесі

Бейсембай

1

Қуарған-ай, неңді алып ем? Не жазып ем ?


2

Кәпір қырыс, неме , кеудесін

бермейді, жасымайды.

3

Мына кәпірдің екі көзі жап-

жасыл болып кетіпті, тұқымын

сезген екен, мұны өлтіріп,

терісін алайық .


4

Қасқырың болса қайтейін, менің

қара ала

төбетім бір-ақ

соғады.Араша

лай алмасаң, әлдеқашан өлтіріп

тастар еді.

5

Іздегендерің-

нің өзі-сол,

бәрін істеп жүрген сол.

Енді оны бір қолға берсе-ау!


6

-Осы…осы…осы ит!






VI.Бағалау.Топтардың балдарын есептеп,орындарын тағайындау.

Орындалатын жұмыс түрлері:

Мұғалім берген ұпай саны

Оқушы жинаған ұпай саны

Баға

II. «Білемін» бөлімі


III. «Зерттей аламын» бөлімі


І тапсырма.«Проблемалық сұрақтар»бекеті

1-топ тапсырмасы:


1-топ оқушылары орындайды:

  • Дала тағылары мен адамдар іс-әрекетіндегі ұқсастық неде?


ІІ тапсырма. «Өз ойыңды тізбекте»(ойтолғау)бекеті

2-топ тапсырмасы:


2-топ оқушылары орындайды:

  • Көксеректің жойқын дүлей күшке айналу себебі не?


ІІІ тапсырма. «Ойлан,тап»бекеті

3-топ тапсырмасы:



3-топ оқушылары орындайды:

  • Құрмаштың қайғылы тағдырына кім кінәлі?


IV тапсырма.«Кім?Қашан?Қайда?»бекеті (Сипаттау)



V тапсырма. «Зерделі сұрақ,дәлелді жауап»бекеті




© 2010-2022