Сабақ жоспары өзін - өзі тану пәні 4-сынып

Раздел Другое
Класс 4 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:



Мейірімділік -асыл қасиет



Сағындықова Ләззат

Бастауыш сынып мұғалімі

Арал қаласы № 220 орта мектеп

Өзін -өзі тану

Сағындықова Ләззат

220 орта мектеп 3 «в»сыныбы №25 сабақ Сабақтың тақырыбы: Мейірімділік -асыл қасиет (105-бет)

Мақсаты:

1. «Қайырымдылық», «Мейірімділік», сүйіспеншілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

2. Әңгімелесе отырып, дұрыс әрекет жасай білуге ықпал ету

Міндеттері:

- мейірімділіктің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;

- өзара сыйластық қарым қатынастарын дамыту;

- мейірбандылыққа , адамгершілікке , қайырымдылыққа тәрбиелеу;

Қолданылған құрал - жабдықтар: Аудио ертегі, жағдаяттар, бейне роликтер , үлестірме қағаздары.

Әдіс -тәсілі: түсіндіру,әңгімелеу,пікір алмасу,ертегі ,жаттығулар

Сабақтың барысы:

  1. Тыныштық сәті (нұрға бөлену)

  • Балалар денелеріңді түзу, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып

отырыңдар. Ауаны терең жұтып, еркін тыныстаңдар. Денелеріңді бос ұстап, айналадағы барлық тіршілік иесі сендерді аялап, қоршап, қамқор болып жатқанын сезініңдер. Тұла бойларың жақсылыққа, махаббатқа толғанын сезініңдер. (музыка тыңдау арқылы нұрға бөлену)

  • -Қандай сезімде болдыңдар?

Үй тапсырмасын тексеру .

-Мейірімділікті қалай көрсетуге болады?

-Өздеріңе мейірімділік көрсеткен кезде қандай сезімге бөлендіңдер?

-Жақсы көретін жан-жануарларың бар ма?

-Табиғатқа қамқорлық жасаған кездерің болды ма?

Балалардың жауаптарын түйіндеу:

Адамдар бір-біріне жылы сезімдерін білдіріп, айналасындағыларға тек жақсылық ойлап, игілікті істер жасау арқылы ғана мейірімділікті таныта алады.

Жаңа сабақтың тақырыбымен таныстыру:

-Біз бүгінгі сабақта адамның жақсы қасиеттерінің бірі мейірімділік туралы әңгімелесеміз.

-Балалар мейірімділік әр адамның жүрегінде өмір сүреді. Мейірімділікті адамның көзінен көруге, іс-қимылынан табуға болады. Мейірімді адамды барлығы жақсы көреді.

Мейірімділік - адамның өзге біреуге жылылығын, ізгі ниеті мен лебізін білдіру көрінісі. Мейірімділік адамдар арасындағы сыйластық, кең пейілділік, жанашырлық, ізгі ниет секілді қасиеттерге негізделеді. Мейірімділік адамның жоғары адамгершілік белгісі ретінде оның бүкіл тыныс-тіршілігін, жан дүниесін жадырататын, шат-шадыман тіршілігі үшін қажетті аса маңызды қасиеттің бірі болып саналады.

" Мейірімділік, махаббат, қайырымдылық, адалдық секілді ақ жүректен шығады" (Шәкерім). Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде мейірімділік адамдар арасындағы адамгершілік,ізгілік пен ізеттілік, имандылық пен инабаттылық секілді асыл қасиеттермен үндестік тапқан. Ж.Баласағұн "кір тигізбей ұста ойыңның өресін, мейірім етсең - мейірімділік көресің" деп, мейірімділікке зор мән берген.

«Мен апамның ай мен күні» өлеңін айтайық.

Апам мені: «Айым» - дейді,

Мен мұңайсам, уайым жейді.

Апам мені: «Күнім» - дейді,

Мен қуансам күлімдейді .

Мәтінмен жұмыс: Мәтінді әңгімелеу.

«Сары тауық пен балапандары»

М.Төрежанов

Күздің бір күні сары тауық балапандарын ертіп, ауылдан ұзап кеткен. Аяқ астынан жаңбыр құйып кетті. Суық жаңбырдың астында қалған сары тауық балапандарын қанша асықса да мекеніне жеткізе алатын емес.
Өйткені , балапандарының жылы жүні әлі шықпаған балғын жас еді.Сары тауық қатты састы. Шөжелерін қос қанатының астына алып, бауырына басты. Бір балапаны сыймай сыртта қалды. Ана айла жасап, балапандарын кезектестіріп бір-бірден тыста ұстап, тоңа бастағанда бауырына алып отырды. Кезек ең кенжесіне келгенде ана оны сыртқа шығармады.
- Оны неге шығармайсыз?- деп сұрады бір ақ балапан.

- Ол тым жас.

- Жас болса қайтеді? Кезегі келгенде ол да шықсын.

- Cырқаттанып қалады.Кішімізге өзгеміз қамқоршы болуымыз керек емес пе? Кәне, мұның орнына кім барады?- деп сұрады анасы.

- Мен,-деді тұңғышы.

- Мен барайын?-деді оған тетелесі.

- Кезекті маған беріңіз!-деді одан кішісі.

- Мен қалам ба сонда?-деді алғашқы қарсылық білдірген балапан.

- Қатесін түсінген сенің барғаның жөн!- деді сары тауық балапанды тысқа қарай ысырып.

- Сары тауық су өтіп қатты жаурады. Бірақ балапандарын тоңдырған жоқ. Балаға деген ыстық махаббатымен жылытып, сақтап қалды.

  • Күн ашылып, ана жүрегіндей жадырады.

Оқушылардың мейірімділік туралы пікірлері , әңгіме мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауаптары тыңдалады.

  • Сары тауық өз балапандарын қандай жақсы қасиеттерге баулыды?

  • Сары тауық өз аналық мейірімін қалай көрсете білді?

  • «Күн ашылып, ана жүрегіндей жадырады» дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Ал сендер мейірімділікті, қайырымдылықты кімдерден үйреніп жүрсіңдер?

Дәйексөз:

Тақтаға «Мейірімділікті анадан үйрен» деген халық даналығын жазып қою.

  • Ана халық ұғымында жаратушы. Олай дейтініміз табиғатты да адамды да дүниеге әкелуші ана дейді. Ал барлық нәрсенің дүниеге келуі үлкен мейірім мен шапағаттан пайда болады. Табиғаттың барлық жанға бірдей мейірімді болуы сондықтан. Адамның да ананың кіршіксіз мейірінен берілген мейірімділігін сақтап қалу өз қолыңда.

Сабақ жоспары өзін - өзі тану пәні 4- сынып

2. Қызығушылықты ояту.

Оқушыларға сұрақтар қойылады.

- Үлкендер еркелеткенде қандай күйде боласыңдар?

- Жақсы көретін адамдарға қандай тілек айтқың келеді?

- Басқаларға жақсылық жасаған кездерің болды ма?

3. Мұғалім «сыйы»

Украин ертегісі «Өгей әке»

Аудио ертегі тыңдатамын.

Сұрақтар қою:

  1. Балаларға өгей әке қандай жақсылық жасады?

  2. Қай бала өз сөзінде тұра білді ?

  3. Ертегіден не түйдіңдер?

Дұрыс әрекет ету арқылы мейірімді, қайырымды іс жасауға болады екен.

4. Шығармашылық тапсырма (топпен жұмыс)

Сахналық қойылым көрсету

1) - Сен досыңмен келе жаттың. Кенет сендердің қасыңнан өте бергенде бір қыз бала аяғы тайғанап құлап қалды. Сен не істер едің?

2) - Сен мектептен келе жаттың кенет көшеде бір топ баланы көрдің. Олар суға түсіп кеткен кішкентай күшікке тас лақтырып жатыр екен сен не істер едің?

3) - Үлкен кісі мен сырқат адамға қандай жақсылық жасауға болатыны туралы айтыңдар

5. Дәптермен жұмыс

1- Тапсырма Өздеріңді жақсы көретін адамдарың туралы жазыңдар немесе суретін салыңдар

2- Тапсырма «Ана-деген кім?» сұрағына жауап жазыңдар

3- Тапсырма «Мен мейірімді баламын» тақырыбында өздерің жасаған ізгілік істерің туралы шағын әңгіме құрастырып жазыңдар.

5. Біз қандай мейірімділік, қамқорлық жасай аламыз?

Оқушылардың ойларын тыңдау.

Бөлме өсімдіктеріне қандай мейірімділікпен қарау керек. Неге? Мысал келтіре отырып, әңгімеле.

6. Сабақты бекіту.

Мейірімді бол! Кестесін толтыру.

Сұрақтарға жауап алу.

- Талға мысық мініп түсе алмаса не істер едің?

- Сырқат жанға сенің қолыңнан қандай жақсылық жасау келеді?

- Үлкен кісіге қандай жақсылық жасау керек?

«Мейірімділікті анадан үйрен!» демекші аналарға арнап «Асыл ана» әнін орындау арқылы қорытындылау.

1. Самайдағы ақ шашыңның әр талына қарызбын ,

Еш нәрсемен өтелмейді-ау парызым.

Жауаптымын жанарыңнан сырғаң асса тамшы жас

Маған бәрі сын .

Ауырмашы аман жүрші көз алдымда көрініп,

Арамыздан ұзамашы бөлініп.

Көңіліңе қаяу түссе шырылдайды-ау жүрегім

Жаным егіліп.

Қайырмасы:
Асыл Ана жаулығы желбіреген ,

Асыл ана жүрегі елжіреген .

Асыл ана жаулығы желбіреген

Асыл ана жүрегі елжіреген.

2.Ақ тілекшім, ақ жолдайым, ақ жүректім анашым,

Бәйек болып қабағымды бағасың.

Сан айналып өтсем дағы таба алмаспын әлемнен

Сендей жан ашыр.

Есейсем де аңсатады алақаның аяулы ,

Еске салып сәби күнді баяғы

Айналайын деген сөзің жүрегімде анашым

Мәңгі қалады.

Қайырмасы:
Асыл Ана жаулығы желбіреген ,

Асыл ана жүрегі елжіреген .

Асыл ана жаулығы желбіреген

Асыл ана жүрегі елжіреген.

.

.

.

© 2010-2022