Урок на тему аққудың айырылуы

Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Сабақтың тақырыбы: Сәкен Сейфуллин «Аққудың айырылуы»

Сабақтың мақсаты: С.Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығы туралы білімдерін жүйелеу, «Аққудың айырылуы» поэмасының негізгі идея - табиғаттағы үйлесім, шынайы махаббат мәселесін көрсету, әдебиет теориясын қайталау, поэманы талдау; ақпараттық-коммуникативтік құзыреттілігін, оқу және ой қорыту дағдылырын дамыт; экологиялық тәрбие беру, қоршаған ортаны қорғауға шақыру, жақсылық пен жамандықты ажырата білуге тәрбиелеу

Пәнаралық байланыс: биология, география, музыка, орыс тілі мен әдебиеті

Сабақтың түрі: интерактивті тақтаны пайдалану арқылы өткізілетін тақырып бойынша білімдерін жүйелеу сабағы

Сабақтың көрнекілігі: флипчарт, презентация, Н.Тілендиевтің «Аққу» күйі, сабақ құрылысының картасы

Әдістері: топпен жұмыс, сұрақ-жауап әдісі, проблемалық және жоба әдістері

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі

-сәлемдесу

-оқушыларды түгелдеу

-назарларын сабаққа аудару

ІІ. Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын анықтау:

Презентация, №1 слайд: С.Сейфуллиннің портреті мен «Сәдуақас» жазуы

-Бұл кімнің портреті?

- Неліктен «Сәдуақас» деген жазуы бар?

Урок на тему аққудың айырылуы

Презентация, №1 слайд:

жұмбақ «Болмайды бізді ешқашан ату,

Түсім аппақ, атым - ... » (аққу суреті шығады)

Урок на тему аққудың айырылуы

-Сонымен, сабақтың тақырыбы қандай? (Презентация, №1 слайд: ақынның портреті мен аққулар суреті)

Урок на тему аққудың айырылуы

Флипчарттың №1 беті: күні, тақырыбы

(флипчарттың әр бетінде күні жазылған ТЕЛЕГРАФТЫ ТАСПА жүріп тұрады)

- Дұрыс, сабақтың тақырыбы: Сәкен Сейфуллин «Аққудың айырылуы». Балалар, осы тақырып бойынша бүгінгі сабағымыз үшінші сағат екен. Сендер қалай ойлайсыңдар, сабақ барысында не істейміз? Қандай мақсаттқа жетуіміз керек?

(оқушылардың жауаптары)

-Жақсы, енді мен қойған мақсаттармен өз мақсаттарыңды салыстырып көріңдер:

Флипчарттың №2 беті: сабақтың мақсаттары мен міндеттері

Сабақтың мақсаттары мен міндеттері

- С.Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығы туралы білімді жүйелеу, «Аққудың айырылуы» поэмасының негізгі идея - табиғаттағы үйлесім, шынайы махаббат мәселесін көрсету, әдебиет теориясын қайталау, поэманы талдау;

-ақпараттық-коммуникативтік құзыреттілігін, оқу және ой қорыту дағдылырын дамыт;

-экологиялық тәрбие беру, қоршаған ортаны қорғауға шақыру, жақсылық пен жамандықты ажырата білуге тәрбиелеу



-Енді, балалар, С.Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығына шағын шолу жасайық. Сәкен Сейфуллин кім? (оқушылардың жауаптарынан кейін флипчарттың беті ашылады)

Флипчарттың №3 беті: Сәкен Сейфуллин

Урок на тему аққудың айырылуы

ІІІ. Ақынның өмірі бойынша білімдерін жүйелеу

-Ақын өмірінің негізгі кезеңдерін естеріңе түсіріндер. Ол үшін «Сандар сөйлейді» ойынын ойнаймыз

Флипчарттың №4 беті: «Сандар сөйлейді» ойыны

Қарағанды облысында туған

зауыт мектебінде оқыған

Ақмола училищесінде оқыды

Омбы мұғалімдер семинариясын бітіріп шықты

«Өткен күндер» алғашқы өлеңдер жинағы шықты (Қазан қаласы)

«Жас қазақ» ұйымында,«Тіршілік газеті» редакциясында қызмет етеді

Қазақстан халық комиссарлары кеңесінің төрағасы, «Еңбекші қазақ» газетінің редакторы

«Еңбек Қызыл ту» ордені берілді

тұтқындалды

репрессия құрбаны болып, қаза тапты

ақынның есімі ақталды

1956

1894

1905

1914

1936

1937

26.02.1938

1922-1925

1908-1913

1913-1916

1917

Бос орындарға керекті кезеңді (жылын) қою. ЖЫЛЖЫТУ аспабы арқылы орындалады.

- Сейфуллиннің шығармашылығы бойынша қандай туындыларын атай аласыңдар? (оқушылардың жауаптарынан кейін флипчарттың №5 бетіне назарларын аударады)

Флипчарттың №5 беті: Шығармашылық жолдары.

Оқушылар берілген шығармаларының жанрын анықтап, ҮЛКЕЙТКІШ аспабы арқылы өздерін тексереді

«Көкшетау», «Аққудың айырылуы», «Қызыл ат», «Домбыра»

«Тар жол, тайғақ кешу»

«Жер қазғандар», «Жемістер», «Бандыны қуған Хамит», «Айша»

Әңгіме-пьесалар

роман

поэмалар



IV. Поэманы талдау.

Презентация, №2 слайд

  • Бүгін талдайтын шығармаға көшу үшін сатылай кешенді талдау кезеңдерін қайталайық:

Урок на тему аққудың айырылуы

  • Бұл талдау парағы әр оқушының алдында бар, сабақ бойында оны толықтырып отырыңдар.

Презентация, №3 слайд: әдеби-теориялық ұғымдармен жұмыс

  • Қазір керекті әдебиет терминдерін қайталаймыз. Берілген сөздік, дәптер және оқулықтардан керекті термин анықтамаларын тауып айтып беріңдер:

Урок на тему аққудың айырылуы

Әдеби-теориялық ұғымдардың анықтамалары:

  • Әдебиеттің тектері: эпос, лирика, драма

  • Әдебиеттің жанрлары: роман, эпопея, повесть, әңгіме, поэма, өлең, ертегі, батырлар жыры, трагедия, лиро-эпостық жырлары

  • Лирика - әдебиеттің тегі, шындықты адамның ойы мен сезіміне астастыра суреттейтін шығармалар

  • Поэма - өмірде болған, болуға тиіс күрделі құбылыстар, оқиғаларды көлемді, эпикалық не лирикалық сипаттағы өлеңмен суреттейтін жанр

  • Сюжет - оқиғалардың біртұтас желіс құруы

  • Композиция - шығарманың ішкі құрылымы



  • Өткен сабақта біз осы поэманы шартты түрде үш бөлімге бөлдік: Презентация, №4 слайд

Урок на тему аққудың айырылуы

Оқулықпен топ ішінде жұмыс

  • Поэма мазмұны бойынша топ ішінде келесі тапсырманы орындаңдар:

Презентация, №5 слайд

Урок на тему аққудың айырылуы

1-топ

1. Көлді сипаттаған үзіндіні оқулықтан тауып, оқыңдар

2. Автор қандай көркемдегіш тәсілдерді қолданады?

3. Көлді қандай құстар мекендейді? Көлдің көркі неде?

2-топ

1. Аққулар айырылып кеткен соң не болды? (үзіндіні тауып, оқыңдар)

2. "Кім бүйтті екен көлді жарып? Суық жүрек шіркін-ай?"

"Суық жүрек" деп кімді атайды?

3-топ

1. Жалғыз қалған аққу мергенге не деп жалынды?(үзіндіні тауып, оқыңдар)

2. Аққу қалай ажалын тапты?

3. Аққу өз өлімімен нені дәлелдеді?

- Сонымен, поэманың негізгі тақырыбы, идеясы қандай?

-Табиғаттың үйлесімін бұзуға болмайды, оны қорғау керек

-Шынайы махаббат мәңгілік, таза болады


Презентация, №6 слайд

Урок на тему аққудың айырылуы

V. Жоба әдісі арқылы жұмыс:

Флипчарттың №6 беті: - Аққу қандай? (ИНТЕРАКТИВТІ ҚАЛАМ аспабы арқылы орындайды)

Урок на тему аққудың айырылуы

Флипчарттың №7 беті: - Мерген қандай? (ИНТЕРАКТИВТІ ҚАЛАМ аспабы арқылы орындайды)

Урок на тему аққудың айырылуы

-Сонымен, балалар, аққу қазақ халқы үшін киелі, сымбатты құс. Сендер дайындаған шағын жобалардан аққулар туралы және аққуларға байланысты мақал-мәтел сөздері бойынша екі жобаны қарайық:

1. Оқушының «Аққулар» презентациясы мен жобасы (Н.Тілендиевтің «Аққу» күйі орындалуымен бірге)

2. Оқушының «Аққу туралы мақалдар» презентациясы

VІ. Қорытынды. Сабақ бойында толтырған сатылай кешендік талдау парақтары бойынша 3-4 оқушы қорытынды жасайды. Бағалау

VІІ. Үйге тапсырма:

  1. Көл суреті бойнша үзіндіні жаттау

  2. «Аққулар махаббаты» тақырыбына эссе жазу


© 2010-2022