Сабақты талдау критерийлері ұстаздарға

Сабақты талдау критерийлері   1.Сабақтың диагностикалық негізі (зерттелетін сұрақтар бойынша  кәсіби құзыреттіліктегі  проблемалық аймақты  анықтау)   2. Мақсатты анықтау   3. Ынталандыру( тыңдаушылардың кәсіби қажеттіліктерінің сабақтың мақсатымен ұштасуы,күтілетін нәтижеге ерекше назар аударуы)   4. Ақпараттандыру   5. Практикалық  жұмысты ұйымдастыру   6. Тындаушылардың құндылыққа бағытталған  пікір-алмасу әдістердің  қолдану мақсатының әсері    7. Оқытудағы  қолданылған әдістердің тиімділігі...
Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақты талдау критерийлері

1.Сабақтың диагностикалық негізі (зерттелетін сұрақтар бойынша кәсіби құзыреттіліктегі проблемалық аймақты анықтау)

2. Мақсатты анықтау

3. Ынталандыру( тыңдаушылардың кәсіби қажеттіліктерінің сабақтың мақсатымен ұштасуы,күтілетін нәтижеге ерекше назар аударуы)

4. Ақпараттандыру

5. Практикалық жұмысты ұйымдастыру

6. Тындаушылардың құндылыққа бағытталған пікір-алмасу әдістердің қолдану мақсатының әсері






Сабақты талдау критерийлері

7. Оқытудағы қолданылған әдістердің тиімділігі мен мақсаттылығы. Олардың мақсатқа сәйкестігі

8. Оқу материалының қолданбалы сипаты , оның практикалық іс-әрекетпен байланысы.

9. Оқытушының серіктестік ұстанымы, тыңдаушыларды тақырыпты талдауға тарту, диолог түрінде жұмыс істеу біліктілігі.

10. Оқытушының ізгілік қасиеттері : қайырымдылық, ақжарқындылық, ашықтық

11.Білім беру процесін даралау мен саралау

12. Оқытудың нәтижелерін бағалау






Сабақтың біріңғай үш дидактикалық мақсаты:

Бірінше кезең.Ұйымдастыру кезеңі

Дидактикалық мақсаты оқушыларды сабаққа жұмыс істеуге дайындау;

Кезеңнің мазмұны, яғни оқушылармен сәлемдесу,түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу, сабаққа дайындығын тексеру

Нәтижеге жету шарттарыМұғалімнің жинақылығы,талап қоюшылығы,

ұстамдылығы

Екінші кезең. Үй тапсырмасын тексеру

Дидактикалық мақсаты Білім деңгейін үй тапсырмасы бойынша орындалғанын тексеру,тексеру барысында кемшіліктерді түзеу

Кезеңнің мазмұны үй тапсырмасындағы білім деңгейіндегі көрініс табуы, білімдегі типтік кемшіліктерді анықтау,оның пайда болу себептерін зерттеу,байқалған олқылықтарды жою

Нәтижеге жету шарттары Мұғалім қызметінің мақсаттылығы,оперативті жұмыс істеуі,үй тапсырмасын тексерудің тиімді,жүйелі әдістерін қолдануы.

Үшінші кезең. Білімді жан-жақты тексеру

Дидактикалық мақсаты Білім мен дағдылардың себептерін аша отырып,оқушы білімін жан-жақты тексеру

Кезеңнің мазмұны Әртүрлі материалдың меңгеру сапасы мен көлемін тексеру,

анықтау,оқушының ойлау қабілетін дамыту,

жауаптардың толықтылығын білім білік дағдыларын бағалау

Нәтижеге жету шарттары білімді тексерудің әртүрлі әдістерін қолдана отырып,оқушыға жұмыстың маңыздылығын,қажеттілігін сезінуге жағдай туғызу.



Төртінші кезең. Оқушыларды білімді белсенді меңгеруге дайындау

Дидактикалық мақсаты Оқушының танымдық қызметін белгілі бір мақсатқа бағыттау және ұйымдастыру

Кезеңнің мазмұны Жаңа материал тақырыбын ,мақсаты мен міндетін хабарлау,жаңа материалды оқып үйренуге практикалық қажеттіліктерін көрсету

Нәтижеге жету шарттары Оқушы үшін жаңа материалдың түйінді мәселелеріне ерекше назар аудару үшін қолдану,

көрнекілікті пайдалану,өздік жұмыстарын тиімді ұйымдастыру







Бесінші кезең Жаңа материалды меңгерту

Дидактикалық мақсаты Оқушыға оқылып отырған мәселенің негізгі идеяларына нақты түсінік беру

Кезеңнің мазмұны Ынта,ықыласты жұмылдыру,оқушыға материалды қабылдату,жалпылай және жүйелей білу

Нәтижеге жету шарттары Жаңа материалдың түйінді мәселесіне оқушының ерекше назарын аудару

Алтыншы кезең Жаңа материалды меңгергенін тексеру

Дидактикалық мақсаты Жаңа ұғымдардың мазмұны мен заңдылықтардың түсінгенін анықтау

Кезеңнің мазмұны Материалды меңгеру дәрежесін анықтау

Нәтижеге жету шарттары Оқушының ойлау белсенділігін қажет ететін сұрақтар қою, сандық және сапалық құрамын анықтау

Жетінші кезең Оқушы білімін бағалау

Дидактикалық мақсаты Жаңа материал боцынша оқушы есінде білім ,білік дағдыларын қалыптастыру

Кезеңнің мазмұны Түсіндірілген білімдер мен дағдыларды бекіту,оқушы жауабындағы кеткен кемшіліктерді анықтау

Нәтижеге жету шарттары білім есте сақтап қана қоймай сонымен қоса өмірде пайдалана білуге бағыттау,бекіту формаларын қолдану

Сегізінші кезең Үй тапсырмасын беру

Дидактикалық мақсаты Оқушыға үй тапсырмасын хабарлау,оны орындауды түсіндірусабақты қорытындылау

Кезеңнің мазмұны Үй тапсырмасын қалай орындауға нұсқау беру

Нәтижеге жету шарттары Үй жұмыстарының түрлерін ұсыну,

шығармашылыққа баулу

© 2010-2022