Конспект урока в 7 классе на тему Интернет. Интернет маған не үшін керек?

Раздел Другое
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сынып: 7

Сабақтың тақырыбы: Интернет. Интернет маған не үшін керек?

Сабақтың мақсаты: а) білімділік: интернет желісі жөніндегі білімді игерту, интернетпен жұмыс жасау барысы туралы жан - жақты түсіндіру;
ә) дамытушылық: оқушылардың ой - өрісін, логикалық ойлау, басқару қабілеттерін дамыту;
б) тәрбиелік: оқушыларды дербес өмір сүруге, еңбекшіл, қарапайым болуға тәрбиелеу;
Сабақтың көрнекіліктері: Компьютерлік жабдықтар, сабақ презентациясы

Тілдік бөлім: Интернационалдық терминдер. Интернационалдық терминдердің орфографиясы.

Лексика: Интернетке кіру, интернет сайттары, ақпарат табу, қызық мәлімет, қызықты ойындар, хат алмасу, танысу, достармен хабарласу, қазақша сайттар, кодтары, электронды пошта жасау, көшіру, жұмыс үстеліне ауыстыру, көшіріп әкелу, қайта қалпына келтіру, өшіру.

Тренинг: Интернет тақырыбына байланысты сөздік сөзін немесе сөзкесін атап барып, орнына отыру.

Айтылым.

Жаңа сабақты бастағанда оқушыларды тақырыптың ішіне ендіру мақсатында өтілетін тақырып бойынша «Ой шақыру» тәсілімен сұрақтар беріледі. Сұрақтар жалпы сыныпқа айтылады.

1. Сен интернет қолданасың ба?

2. Интернетті қайда (үйде/сабақта) қолданасың?

3. Сен интернеттен не іздейсің?

4. Интернет оқушы үшін пайдалы ма?

5. Интернетпен жұмыс істесең қанша сағат жұмыс істейсің?

6. Интернетпен жұмыс істеген қымбат па?

7. Интернеттің қандай пайдасы бар?

8. Интернеттің қандай зияны бар?

Ұсынылған сұрақтар бойынша топтық жұмыс. Сұрақтарға жауап беру барысында қиындық туындаса, мұғалім ол сұрақты жеңілдетіп қайта сұрауы керек. Мысалы, «интернет зиянды ма?» сұрағына оқушы жауап бере алмаса, «интернет кітап оқуға кедергі келтіре ме?» немесе «интернетті қолданып кітап оқығын келе ме?» деп, «интернетпен жұмыс істеген қымбат па?» сұрағын «интернет қызметіне айына қанша теңге төлейді?» деп өзгертуге болады.

Осы сұрақтарға топпен жауап беру барысында жұмысты түрлендіріп ұсынуға болады: сұрақтар ішіндегі жаңа сөздердің кейбіреуін тақтаға не карточкаға жазып жұмыс істетеді. Мысалы тапсырма түрлері:

1-карточка: Қолдану сөзін жікте. Мен қолданамын. Сен ... . сіз ... . Ол ... .

2-карточка: Қолдану сөзін көпше түрде жікте. Біз қолданамыз. Сендер ... . Сіздер ... . Олар ... .

3-карточка: Дұрыс сөйлемді тап: Мен интернеттен нан іздеймін. Мен интернеттен ақпарат іздеймін.

Сол секілді зиянды, пайдалы, кедергі сөздерімен өз ойын айтады.

Ой шақыру сұрақтарымен жұмыс кем дегенде 7-10 минут уақыт орындалады. Өйткені осы сұрақтағы ақпараттар мәтін ішінде болуы тиіс. Осы сұрақтарды басшылыққа алып мәтін құрауға болады.

Оқылым. Мәтін.

Менің ата-анам үйге интернет желісін қосты. Ай сайын интернет қызметін төлеп тұрамыз. Интернет қымбат.

Мен интернетті жиі қолданамын. Интернеттің пайдасы көп. Интернеттен өзіме қажет көп ақпарат табамын. Ақпараттарды сабаққа дайындалғанда пайдаланамын. Онда оқушыларға арналған сайттар: Энциклопедиялар, анықтамалар, географиялық карталар, тарихи деректер жинақталған интеллектуалдық сайттар бар. Интернеттен өзімді қызықтыратын кез-келген тақырыпты табамын.

Кейде интернеттен қызықты онлайн-ақпараттарды оқимын, кино көремін. Интернетте көп отырмаймын. Ата-анам рұқсат етпейді. Денсаулыққа зиян келтіреді. Интернетте жұмыс істегенде 40 минут отырамын.

1. Мәтін бойынша тапсырма.

1. Әр оқушыға мәтінді ішінен 1 рет оқу ұсынылады.

2. Мәтінді оқып болғаннан кейін әр топ 1-2 сөйлеммен мәтіннің мазмұнын түсіндіреді. Мысалы: Интернеттің пайдасы көп. Интернет өте зиянды.

2. Лексикалық не грамматикалық бірліктерді игеруге бағытталған жұмыстар ұсынылады.

1. Мәтіннен интернетке қатысты сөздерді тап.

2. Мәтіннен пайдалы деген сөзге мағынасы қарама-қарсы сөзді тап.

3. Қазақ және орыс тілдеріне ортақ сөздерді тап.

3. Диалогтік сөйлесім. Жазылым.

Мұғалім оқушыларға сұқбаттасу мақсатында 5 сұрақ жаз деп тапсырма береді.

Қатар отырған оқушыларға сұрақ-жауап әдісі арқылы бір-бірінен «сен интернетті қолданасың ба?», «сен интернетті қайда (үйде, мектепте, көшеде) қолданасың?» деген сұрақтар арқылы диалогтық сөйлеуге мумкіндік туады.

5. Рөлдік ойын. Тілдесім.

Қатысушылар: интернет-дүкені операторы және оқушы.

Тапсырма. Оқушыға: оператордан өзіне ұнаған тауардың қанша уақыт ішінде жеткізілетіні, төлемді қалай жүргізу туралы сұрау.

Интернет деген сөзге класстер құрастыру.

Бағалау.

Үйге тапсырма: Интернет маған қажет па? Эссе.

© 2010-2022