Әдепті болам десең, арлы бол! 8 cынып

Раздел Другое
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Әдепті болам десең, арлы бол!

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушыларды адамгершілікке, қарапайымдылыққа, кішіпейілділікке, әдептілікке, еңбексүйгіштікке, өз халқының салт-дәстүрін үйрене отырып, жаман әдеттерден аулақ болуға үйрету.

ә) Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп

әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру.

б) Оқушыларды әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың өтілу әдісі: әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап.

Көрнекілігі: суреттер, сызбалар, нақыл сөздер жазылған плакаттар.

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

-Құрметті ұстаздар, оқушылар, қонақтар!

(әнұран орындау)

  1. Психологиялық дайындық.

-Балалар, бүгін бізде ерекше сабақ. Біздің сабағымызға қонақтар қатысып отыр. Бүгінгі сабағымызды жақсы көңіл-күймен өткізу үшін, біз бір-бірімізге жақсы тілектер тілейік. «Жүректен жүрекке» ойыны (тілектер айтылады. )

-Денің сау болсын!

-Ұқыпты бол!

-Батыл бол!

-Кішіпейіл бол!

-Ізетті бол!

-Әдепті бол!

-Ақылды бол!

-Білімді бол!

-Сүйкімді бол!

-Қазақтың баласы бол!

-Отаныңның баласы бол!

-Еліңе қорған бол!

-Арманшыл бол!

-Әжеңнің шуағы бол!

-Атаңның ұрпағы бол!

-Өнерлі бол!

-Биші бол!

-Әнші бол!

-Өнерің өрге жүзсін!

-Нұр жаусын!

-Мерейің үстем болсын!

-Білім беріп, жақсылыққа тәрбиелегеніңіз үшін рахмет!

-Рахмет!

-Міне, балалар, бір-бірімізге денсаулық тілеп, жақсылық жасасақ, ол өзімізге жақсылық болып оралады екен.

3. Жаңа сабақ.

-Ал енді балалар бәріміз тақтаға қарайықшы.

Ситуациялық жағдай. (тақтадан сурет көрсету)

Әдепті болам десең, арлы бол! 8 cыныпӘдепті болам десең, арлы бол! 8 cынып




Әдеп

Арман мен Аян қалада тұрады. Екеуі де бір мектепте, бір сыныпта оқиды. Бүгін автобустың алдыңғы орындығына жайғасқан екеуі мектепке келе жатты. Алдыңғы есіктен қолындағы сөмкесін әзер көтеріп әжей кірді.

Аян орнынан тұрып, әжейге орын берді. Ал Арман болса көрмегенсіп, теріс қарап отыра берді.

Бір уақытта әжей, орнынан тұрып, түсуге ыңғайланды да, сөмкесінен екі алма алып, Аянға берді. Әжей Аянның әдептілігіне сүйсініп, алғысын білдірді.

-Ал балалар сендер не істер едіңдер?

-Арманның істеген ісі дұрыс па?

- Әдептілікке жата ма?

Демек, адам бойында жақсы-жаман қасиеттер болады екен. Бізге ақылдылықты, адалдықты, қарапайымдылық пен кішіпейілділікті инабаттылықты, шыншылдықты ата-аналарымыз, ұстаздарымыз үйретеді екен.

-Ал біз, осындай жақсы қасиеттерді ананың ақ сүтімен , бал тілінен бойымызға сіңіреміз.

-Жақсы бала осы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез, әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысуларың керек.

-Ал ,балалар, өздерің ойланыңдаршы әдепті бала қандай болады?

-Әдепсіз бала қандай болады? Өздерің айтыңдаршы?

-Демек, бүгінгі тәрбие сағаты жақсылыққа жол бастап, жамандықтан арылуға бағыттайды. Мектеп жасынан жақсы әдеттерге тәрбиеленіп, жаман әдеттерден бойымызды аулақ ұстағанымыз жөн екен.

-Олай болса, бүгінгі ашық тәрбие сағатының тақырыбы «Әдепті болам десең, арлы бол!» Ал енді, адам бойындағы жақсы-жаман қасиеттерді топтастырайық.

-Сендер қалай ойлайсыңдар? Жарқырап тұрған күнге қандай баланы жатқызуға болады?

-Ал, мына бұлтқа қандай баланы жатқызуға болады?

-Олай болса, мына тақтада жақсы және жаман қасиеттер жазылған сөздер берілген. Сол сөздерден жақсы және жаман қасиеттерді бөліп алып, күннің шуағы мен бұлттан жауған жаңбырды көрсетейік.



Әдепті шыншыл

Әдепті болам десең, арлы бол! 8 cыныпӘдепті болам десең, арлы бол! 8 cыныпӘдепті болам десең, арлы бол! 8 cыныптәртіпті білімді

мӘдепті болам десең, арлы бол! 8 cыныпейірімді

Әдепті бала

Әдепті болам десең, арлы бол! 8 cыныпӘдепті болам десең, арлы бол! 8 cыныптаза жүреді ұқыпты

Әдепті болам десең, арлы бол! 8 cынып

Әдепсіз бала

тӘдепті болам десең, арлы бол! 8 cыныпӘдепті болам десең, арлы бол! 8 cыныпіл алмайды Әдепті болам десең, арлы бол! 8 cыныпӘдепті болам десең, арлы бол! 8 cынып нашар оқиды

Әдепті болам десең, арлы бол! 8 cынып

өтірікші еріншек

әдепсіз

-Балалар, өздерің де білесіңдер, кеше ғана біздің елімізде үлкен спорт жарысы өтті.

-Сендер теледидардан көрген боларсыңдар? Қысқы спорт ойындарының бірнеше түрлерінен жарыстар өтті.

-Қысқы спорт ойындарының қандай түрлерінен жарыстар болды?

-Хоккей, шаңғы, коньки, тұғырдан секіру т.б.

-Ия, дұрыс және бұларға қоса тағы басқа да түрлерінен сынға түсті. Олай болса, сол қалғандарымен бүгінгі тәрбие сағатында танысатын боламыз.

-Ол үшін біз сендермен мынау өздерің көріп тұрғандай таудың биік шыңына шығуға тырысайық. Бірақ бұл шыңға біз бірден шыға алмаймыз. Шыңға шығу үшін біз тапсырмаларды орындауымыз керек.Әр тапсырманы дұрыс орындасаңдар, шыңға шығасыңдар, әрі Азиададағы қысқы спорт ойындарының түрлерімен танысасыңдар.

Әдептілік - адамдардың өзара жақсы қарым-қатынасының, жүріс-тұрысының ережесі. Осы әдептілік ережесін сақтау керек.

Сергіту сәті: Оқушылармен бірге сергіту сәтін орындау

Жаман әдет туралы қандай мақал білесіңдер?

-Жаман әдет туралы мақал білетін болсаңдар айта қойыңдаршы?

-Ұрлық - түбі қорлық.

-Ұрымен жақын болсаң, ұятқа қаласың.

-Атақты ұры аштан өледі.

-Ұры қарының серігі.

-Міне, балалар, бұл жерден біздің білгеніміз кісі сыйлық жасаса рахмет, біреуді ренжітсең міндетті түрде кешірім сұрау керек екен. Біреудің затын ешуақытта да рұқсатсыз алмау керек екен, бір рет рұқсатсыз алсаң соған әдеттеніп кетесің де, біртіндеп ол әдетті бойыңа сіңіресің.

-Ойын : «Жалғасын тап»

-Ұқыптының тоны тозбас

............................................ (ұқыпсыздың ісі оңбас)

-Әдептілік белгісі

.............................. (Иіліп сәлем бергені)

-Сәлем түзелмей,

............................ (Әлем түзелмейді)

-Аға әдепті болса

................................ (іні әдепті)

-Әдепті бала ата-анасын мақтатар

........................................................(Әдепсіз бала ата-анасын қақсатар)

ҮІІ. Сабақты қорытындылау:

Не білдім?

Не білгім келеді?

Нені үйрендім?

Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңыз және ол туралы не айтып бере аласыздар?

Сабақтың тақырыбы қалай аталады?

ҮІІІ. Оқушыларды бағалау.әр оқушыны мадақтай отырып, бағалау.

Үйге тапсырма: Әдептілік туралы эссе жазу



© 2010-2022