• Преподавателю
  • Другое
  • МОДУЛЬДІК ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ТӘРТІБІНДЕ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТ САБАҚТАРЫН ӨТКІЗУДІҢ ДӘСТҮРЛІ ЕМЕС ФОРМАЛАРЫ

МОДУЛЬДІК ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ТӘРТІБІНДЕ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТ САБАҚТАРЫН ӨТКІЗУДІҢ ДӘСТҮРЛІ ЕМЕС ФОРМАЛАРЫ

МОДУЛЬДІК ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ТӘРТІБІНДЕ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТ САБАҚТАРЫН ӨТКІЗУДІҢ ДӘСТҮРЛІ ЕМЕС ФОРМАЛАРЫГүлмира Хасенқызы ҚайырбековаПавлодар қаласы М.Әуезов атындағы № 42 жалпы білім беру мектебі «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжы-рымдамасының» басты мақсаты оқушылардың талдау, синтездеу, әрі логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, яғни оқушылардың сабақ бойы ой еңбегімен шұғылдануын қамтамасыз ету, оқушыны ізденуге, өз бетімен қорытынды жасауға үйрету болып ...
Раздел Другое
Класс 11 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

МОДУЛЬДІК ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ТӘРТІБІНДЕ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТ САБАҚТАРЫН ӨТКІЗУДІҢ ДӘСТҮРЛІ ЕМЕС ФОРМАЛАРЫ


Гүлмира Хасенқызы Қайырбекова

Павлодар қаласы М.Әуезов атындағы № 42 жалпы білім беру мектебі


«Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжы-рымдамасының» басты мақсаты оқушылардың талдау, синтездеу, әрі логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, яғни оқушылардың сабақ бойы ой еңбегімен шұғылдануын қамтамасыз ету, оқушыны ізденуге, өз бетімен қорытынды жасауға үйрету болып отыр. Білім - ел қазынасы, халқымыздың білімділігі еліміздің байлығының ең маңызды бөлігі десек, білімнің негізі мектепте, яғни бар ғылымның бастауы - мектеп, «Елдің келешегі бүгінгі жастардың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында» деп Елбасы бізге үлкен міндет артып отыр. Егемен еліміздің болашағы, оның әлемдік өркениеттегі өз орны, ең алдымен білім мен тәрбиенің бастауы болатын - ұстаз қолында, сондықтан да біздің басты мақсатымыз - білім сапасын жақсарту.

Қазіргі таңда білім берудің әлеуметтік құрылымы маңызды элементтердің біріне айналып отыр. Дүние жүзінде білімнің ролі артып, әр елдің өзіндік білім беру жүйесі тағайындалған. Бірақ, ол әлем халықтарының білім берудегі тәжірибесімен, бағыт-бағдарымен деңгейлес болуы қажет. Қазақстан Республикасындағы үлкен өзгерістердің білім беру саласында қамтылуы маңызды іс-шара болып табылады. Осы орайда білім беруді дамыту тұжырымдамасы Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытудағы маңызды құжат екендігі сөзсіз.

Модульдік технологияның гипотезасы:

Егер оқыту прцесі модульдік технологияның дәстүрлі емес формаларымен өткізілсе, онда оқу динамикасы жоғарлайды.

Егер «оқушы+оқушымен+топпен+ұжыммен+мұғаліммен»қатынаста болса, сабақтың тиімділігін жоғарлатуға, жеке тұлғаның өзін-өзі қадағалауға,өзін-өзі тәрбиелеуге, дамытуға мүмкіндік береді.

Нәтижесінде:

- Қазақ тілінен білім сапасы жоғарлайды;

- Оқушының ойлау,сөйлеу қабілеттері артады;

- Шығармашылық және танымдық қабілеттері дамиды.[1]

Практикалық тиімділігі:

Жалпы білім беретін орта мектепте қазақ тілінің ана тілі ретіндегі ұлттық бояуы мен болмысын таныта отырып, оқушыға ұлттық тілдің қасиет-сапасын меңгертудің маңызы өте зор. Сондықтан қазақ тіліне тек қарым-қатынас құралы деп қарамай, оны ұлттық тіл мәдениетінің жоғары көрсеткіші ретінде оқытуда егеменді елдің экономикасы жан-жақты даму үстінде, соған лайықты бәсекеге қабілетті еліміз үшін мамандар дайындап, өндіріске қосуда олардың терең білімділігімен қоса, іскерлік қарым-қатынасты меңгеруінің де орны айрықша болып отыр. Күні ертең-ақ қоғамдық-әлеуметтік ортаға баратын мектеп оқушыларын тілдің теориялық жағынан гөрі, іскерлік қарым-қатынас жағдайында жол таба білуге үйрету маңызды болып саналады. Әрі сонымен қатар бұл жастағы жеткіншектер дайын теориядан гөрі, практикалық әрекет нәтижесінде өздерінің тұжырымын жасауды қалайды.

Қазақ тілі бағдарламасы мен оқулықтарында іскерлік қарым-қатынасты оқыту кенже қалып келе жатқан мәселелердің бірі. Әлемдегі білім берудің дамуының стратегиялық бағытының бірі - оқытудың дәстүрлі репродуктивтік стилінен өтіп, білім берудің жаңа дамып келе жатқан оқушылардың таным белсенділігін, өз бетімен ойлау қабілетін жетілдіретін моделіне көшу, оқу-тәрбие үрдісінің ұйымдастыруы мен мазмұнына өзгеріс енгізуіне лайық жол табу, жаңа технологияларды қолдану. [6]

Осы міндеттерді шешуге оқыту технологиялары жағдай жасайды, өйткені сабақтарда іс-әрекет жасау арқылы өткізу негізінде мүмкіндік береді. Педагогиялық технологиялар - бұл білімнің басымды мақсаттарымен біріктірген пәндер мен әдістемелердің; оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырамдамамен байланысқан міндеттерінің, мазмұнының, формалары мен әдістемелерінің күрделі және ашық жүйелері, мұнда әр позиция басқаларына әсер етіп, соңында оқушының дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды, әсіресе, осы бағытта модульдік технологияның орны ерекше. Мақсаты - жалпы білім беретін орта мектептің жоғары сыныптарында модульдік технологияның дәстүрлі емес оқытудың теориялық негіздеріне және қарым-қатынас теориясына сүйене отырып, іскерлік қарым-қатынас талабына сай білім, білік, дағдыларды дамытуға арналған оқу-әдістемелік кешен ұсыну, оның тиімділігін тәжірибе арқылы дәлелдеу. [4]

Міндеттері:

- іскерлік қарым-қатынасты модульдеп оқытудың лингвистикалық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік негіздерін анықтау;

- іскерлік қарым-қатынасты модульдеп оқытуға арналған оқу материалдарының мазмұнын айқындау;

- мектеп оқушыларына іскерлік қарым-қатынасты меңгертуге бағытталған бағдарлама ұсыну;

- іскерлік қарым-қатынасты жүргізу барысында өткізілетін тапсырмалар мен жаттығулар жүйесінің тиімділігін анықтау;

- іскерлік қарым-қатынас тіліндегі мәтіндердің ішкі мазмұнын айқындап, нәтижелерінің тиімділігін тәжірибе арқылы дәлелдеу.

Бүгінгі таңда оқытушылар өз тәжірибелерінде әр түрлі оқыту технологияларын қолдануда. Солардың бірі М.Жанпеисованың модульдік оқыту технологиясы. Мен өз тәжірибемде модульдік оқыту технологиясын қолданамын, өйткені ол маған сабақтарымда интерактивті оқытуды ұйымдастыру мүмкіндігін береді.

Бұл оқыту технологиясының ерекшелігі тұлғаның танымдық қабілеттерін және танымдық процестерді дамытуға, сондай-ақ тұлғаның қауіпсіздігін, өзін-өзі өзектілендіру, өзін - өзі бекіту, қарым - қатынас, ойын, танымдық және шығармашылық қажеттіліктерін қанағаттандыруға, белсенді сөздік қорын дамытуға бағытталуы.

Оқу модулі қайта жаңғыртушы оқу циклі ретінде үш құрылымды бөліктен: кіріспеден, сөйлесу бөлімінен және қорытынды бөлімнен тұрады.

Әр оқу модулінде сағат саны әр түрлі болады. Бұл оқу бағдарламасы бойынша сол тақырыпқа, тақырыптар тобына немесе тарауға бөлінген сағат санына байланысты. Зерттеулер 7-12 сағаттан тұратын оқу модулінің неғұрлым тиімді екенін көрсетті.

Кіріспе бөлімінде оқытушы оқушыларды оқу модулінің жалпы құрылымымен, оның мақсат - міндеттерімен таныстырамын.Содан кейін осы оқу модулінің барлық уақытына есептелген оқу материалын қысқаша, сызба, кесте және тағы басқа белгілік үлгілерге сүйене отырып түсіндіремін. Сөйлесу бөлімінде танымдық процесс топты 2-6 адамнан шағын топтарға бөлу арқылы, негізінен оқушылардың өзара әрекет етуіне құрамын. Бұл технологияны қолдану барысында мен оқу материалдарын дайындау көп уақыт талап ететінін байқадым. Ал қазіргі заманғы интерактивті құрылғылар дайындыққа кететін уақытты шамамен үш есеге азайту мүмкіндігін береді. Сонымен қатар электронды материалдар қайта өңдеуге, қатесі болған жағдайда тез түзетуге, жетілдіруге өте қолайлы болып табылады. Және интерактивті құралғыларды сабақта қолдану оқушылардың қызығушылықтарын, белсенділіктерін, дайындықтарын арттыра түседі. Дәстүрлі емес сабақтар интеграциялық сабақ пән аралық байланысты жетілдіру мақсатына байланысты пайда болған. Мұндай сабақтарда бір тақырыпты түрлі пәндерден беретін мұғалімдер оқытады, сондықтан мен 9 «А» сынып оқушыларымен ағылшын тілімен біріктіріп беремін. Сонымен қатар бұл сыныпта тарих сабағы қазақ тілінде жүргізілгендіктен, сабақта тарих пәнімен байланыстырып өткіземін. Кіріктірілген сабақтың негізгі мақсаты - оқу материалдарын байланыстырып, сабақта оқушыларға терең білім беру, ойлау қабілетін дамыту. Оқу материалдарын бағдарламаларға сай пәндер бойынша біріктіріп беру оқушылардың жан-жақты тұтас, терең және берік білім алуына мүмкіндік жасайды. Сондықтан жыл сайын әрбір мұғалім пәндердегі ұқсас оқу материалдарын біріктіріп, яғни пән аралық байланыс принципін қолданып, интегралдық жоспар жасайды. Ондағы материалдарды дер кезінде сабаққа пайдаланып, тиімді етіп іске асырады. Сабақта дәстүрлі емес мынандай түрлерін: аукцион, брейн -ринг, пресс-конференция, іскерлік -ойын қолданамын. [3]

Модульдік оқыту технологиясының міндетті шарттарының бірі - оқытуды ойын түрінде және түрлі белсенді оқыту формалары арқылы ұйымдастыру. Бүгінгі таңда ойын оқыту үрдісінің тиімді тәсілдерінің бірі деп есептеледі. Ол сабақта табиғи тілдік қатынас жағдайын құруға әсер етеді, оқушыларды оқу үрдісіне белсенді қатысуға еріксіз тартады, ынталандырады, пәнге деген қызығушылығын тудырады.

Осы ойын түрлерін сабақта көп қолданамын. Биылғы оқу жылында

9 «А» сыныбында «Театр» атты ашық сабақта «Брейн-ринг» ойынын қолданып, оқушылардың сабаққа белсенді қатысып,терең білім алғанын байқадым. [5]

Модульдік оқыту жүйесінде іскерлік ойын арқылы оқытудың да маңызы аса зор. Оқушылар әр түрлі проблемаларды талдайды, оның шешу жолдарын іздестіреді. Мұндай сабақтар оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытады, пәнге қызығуын арттырады, өмірде кездесетін түрлі қиындықтарды жеңуге тәрбиелейді. Іскерлік ойын сабақтарын өткізу 3 кезеңнен тұрады:

1-кезең. Дайындық (рөлдерді бөліп беру, оқушыларды топтарға бөлу, проблемаларын алдын-ала таныстыру, қажетті материалдарды жинау).

2-кезең. Ойын кезеңі (оқушылар жасаған хабарламаларды тыңдау, пікірталас жасау, қабылданатын шешімді талқылау және оны бақылау, талқыланған шешімді қабылдау).

3-кезең. Қорытындылау (проблемаларды шешудің тиімді жолдарын іздестіру).

Дәстүрлі ұйымдастырылған оқуға қарағанда, ойын арқылы оқыту үрдісінде оқушылар аз шаршайды және көп мағлұмат алады, ойын барысында жағымды эмоциялар алып, белсенділiгi артады, сөздік қоры дамиды, жеке тұлғаның қажеттіліктері қанағаттандырылады.

Ұсынылған іскерлік ойындарды педагогтың кәсіби шеберлігін дамытуда, құзырлылығын анықтауда пайдалану арқылы оң нәтижелерге қол жеткізуге болатындығы мен зерттеу жұмысын жүргізген кезде анық байқадым және мұны күнделікті өмір тәжірибесінің өзі де дәлелдеуде.

Қатысымдық біліктілік - сөйлесу әрекетінде оқушының өз ойын еркін жеткізіп, тілдесушіні жақсы түсіне білуі. Қатысымдық біліктілікке басқа адамдармен өзара әрекетке түсу, топта жұмыс жасау дағдылары, ұжымдағы әртүрлі әлеуметтік рөлдерді меңгеру кіреді.

Жалпы білім беретін мектеп рефор­масының қайсысы болмасын, оның мүлтіксіз жүзеге асырылуы сапалы оқу­лыққа тікелей байланысты. Себебі мектеп оқулығы барлық оқу үрдісінің өзіндік озық үлгісі болып табылады. Ол оқытудың мазмұнын ғана емес, сонымен қатар, жұмыстың әдістемелік тәсілдерін, жалпы бағытын және оқытушы мен оқушының іскерлік қарым-қатынасты орнатудағы жүргізілетін жұмыстарды айқындап отырады.

10-сыныптың жаратылыстану-математика бағытындағы қазақ тілі «Сөз мәдениеті» оқулығының негізгі мазмұны оқушының меңгеретін білімін сөйлесім әрекетінің компоненттері (жазылым, айтылым, тыңдалым, оқылым) бойынша жүйеленген. Бұған қосымша оқулықта оқушылардың коммуникативтік біліктілігін дамытуды мақсат еткен. Сол арқылы оқулықта оқушылардың ой ұшқырлығы, сөз ұтқырлығы, сөйлеу шеберлігі мен білімін дамытуды қамтамасыз ететін жан-жақты іскерлік қарым-қатынасты меңгертуде бір-бірімен іштей сабақтасып жатқан тараулар, оның құрамындағы тақырыптар мен тақырыпшаларға қатысты практикалық дағдыларды қалыптастыру да назардан тыс қалмаған.

Оқулықта іскерлік қарым-қатынасты жүзеге асыру үшін оқу жұмыстарының әр алуан түрлері жинақталған. [2]

Оқулық көмегімен модульдік технология негізінде оқушылардың іскерлік қарым-қатынас қабілеттерін белгілі бір деңгейге жеткізіп, олардың табиғи қасиеттерін оята білу жатыр. Бұл белгілі бір тапсырмалар жүйесі арқылы іске асырылады, себебі оларды шешу барысында оқушылар ізденіс жұмыстарын жүргізіп, тың тәсілдер ойластырып, тәжірибе жинақтайды. Осы мақсаттарға сабақтың дәстүрлі, дәстүрлі емес, ойын, кіріктірілген сабақ, саяхат, аралас сабақ түрінде Жанпейісованың модульді оқыту технологиясы үлгілерін, ойындарды пайдалануға болады. Шығармашылық қабілет әрбір баланың табиғатында болуы мүмкін. Біздің мақсатымыз әрбір оқушының бойындағы жасырынып жатқан мүмкіндікті ашып көрсету.
ІХ сыныпта оқулық 9 модульден тұрады. Мәтіндер елтану бағытында берілген. Мәтіндер оқушылардың танымдық ой-өрістерін кеңейтуге, экономика, мәдениет салалары бойынша бүгінгі жаңа заманның көптеген терминдерімен танысады. Тіл үйренуге қажетті грамматикалық материал кесте түрінде ықшамды етіп берілген. Оқу модулінің қорытындысы бөлімінде бақылау жүргізу, диагностикалық, тест арқылы 1.тестілеу - міндетті түрде; 2.сынақ, бақылау, мұғалімнің таңдауы бойынша жүргізуді нақтылайды. М.Жанпейісова оқу модулінің тұтас мазмұны бойынша оқу бағдарламасы негізінде тест сұрақтарын екі топқа бөліп қарастырады:
1. абстрактілі - негізгі ережелер мен пәнаралық байланысты айқындайды;
2. нақты - орташа күрделірек дәрежедегі нақты материалдар бойынша білімін арттыру.

Ойын сабақтар: «Тапқырлық ойыны», «Сиқырлы сандық», «Мені түсін» сұрақ-жауап арқылы топпен жұмыс жүргізіп отырамын.
Тәжірибе барысында келесі әдістер: сұхбат, оқушылардың ауызша және жазбаша жауаптары, өзіндік жұмыстар, бақылау жұмыстары қолданылады.

Осы әдіс-тәсілдерден кейін сынып оқушыларының нәтижелері анағұрлым жоғары екені байқалды. [7]

Модульдік технология төмендегідей мүмкіндік береді: оқушының іс-әрекеті атқару кезіндегі қызығушылығы арттырылады, бұл мақсат пен міндетті толық көрсетіп, оған жету жолының маңыздылығын көрсетеді.

Қорыта келгенде, М.М.Жанпейісованың Модульдік оқыту технологиясының маңызы мен тиімділігі өте зор. Дәстүрлі емес технологиясы оқушының ауызекі сөйлеу дағдысын, ауызша және жазбаша сауаттылығын, өз бетімен жұмыс жасау іс-әрекеттерінің нәтижесін көру, шығармашылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді.

Ұстаздың басты мақсаты - шәкіртінің өзінен де білімі терең, дәрежесінің биік болуы. Сол кезде ғана қоғамда алға жылжу үрдісі жүреді.











Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. М.М.Жанпейісованың «Модульдік оқыту технологиясы» Алматы,

25 б

  1. Қазбекова Н.Т. "Қазақ тілі сабақтарында коммуникативтік оқытудың элементтерін қолдану". // 12 жылдық білім, 2006-№1- 125б

  2. Рахымбаева А., Тойымбаева Ж. "Қазақ тілі сабағында оқушылардың коммуникативтік құзырлылығын дамыту". Ғаламтор желісі, 226б

  3. "Технологиялар арқылы сабақтың тиімділігін арттыру". Ғаламтор желісі, 97б

  4. Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде - Казахский язык и литература в русской школе» журналы, №4-2007.1-128.Алматы, 8б

  5. «Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде - Казахский язык и литература в русской школе» журналы, №12-2009.1-144.Алматы, 24б

  6. «Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде - Казахский язык и литература в русской школе» журналы, 1-128.6-2006.Алматы, 32б














ТІРКЕУ ҚАҒАЗЫ



Аты, әкесінің аты Қайырбекова Гүлмира Хасенқызы, Бегалинова Әлия Ерғалиқызы

Ғылыми дәрежесі, атағы қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдері

Ұйым, қызмет М.Әуезов атындағы №42 ЖОМ

Секция, Баяндама Физика-математикалық, жаратылыстану-ғылыми және гуманитарлық бағыттағы пәндерді оқытудың өзекті мәселелері «Модульдік оқыту технологиясы тәртібінде қазақ тілі мен әдебиет сабақтарын өткізудің дәстүрлі емес формалары»

Үй мекен-жайы Бекхожин к. 15-91, 1-Май көшесі, 223

Телефон 528184, 622265

Факс

Е-mail

Шақыру қажеттілігі Конференцияға тыңдаушы ретінде қатысамыз






























МОДУЛЬДІК ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ТӘРТІБІНДЕ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТ САБАҚТАРЫН ӨТКІЗУДІҢ ДӘСТҮРЛІ ЕМЕС ФОРМАЛАРЫ




МОДУЛЬДІК ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ТӘРТІБІНДЕ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТ САБАҚТАРЫН ӨТКІЗУДІҢ ДӘСТҮРЛІ ЕМЕС ФОРМАЛАРЫ

© 2010-2022