Ғажайыптар алаңы ток-шоу ойыны (5-8 сыныптар үшін)

Раздел Другое
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Макин орта мектебі














«Ғажайыптар алаңы» ток-шоу ойыны



5-7-сыныптар аралығында











Өткізген: А.У.Жамалиева


2015 оқу жылы

Ойынның мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың қазақ тілі мен әдебиет пәндерінен алған білімдерін, салт-дәстүрлерін, ел-тарихын қаншалықты білетіндіктерін тексеру.
Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін, тіл байлығын дамыту,шапшаң ойлауға, ойын жинақтап жеткізе білуге үйрету.
Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, адамгершілікке, ел-тарихын, мәдениетін қадірлеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: «Ғажайып алаң» айналмалы барабаны, сұрақтар, интерактивті тақта, қара жәшік, сыйлықтар, әліпби
Пән аралық байланыс: Қазақ тілі, қазақ әдебиеті.
Ойынның барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Ойынға қатысатын оқушылар таныстырылып, ойнның шарты оқылады.
Ойынның шарты: Ойынға 5-7 сыныптарынан 3 оқушыдан қатысады, ойын 3-кезеңен тұрады, әр кезеңде бір жеңімпаз болады, осы үш кезеңді жеңген оқушылар «мәреде» сайысқа түседі, «мәреде» жеңген бір оқушы «супер» ойынға қатысып жеңіске жетеді. Әр оқушыға дұрыс әріпті атап, барабанды айналдыру үшін 1 минут уақыт беріледі. Жауап 1 минуттан асса, кезек келесі қатысушыға беріледі. Дұрыс жаупты (сөзді) білсеңіздер, кезектеріңіз жеткенде айтуға болады.

Әр кезеңге шыққан оқушыларға сыйлықтар беріледі.
Әр кезеңнің сұрақтары:
І кезең
Бұл грек сөзі. Тілдегі сөздердің жиынтығы, сөздік құрам. Бұған тілдегі барлық сөздер кіреді. Не туралы айтылған? (Лексика)
ІІ кезең
Ол 1835 -1865 жылдары өмір сүрген қазақтың ұлы ғалымы, ХІХ ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда туған демократтық, ағартушылық мәдениеттің тұңғыш өкілдерінің бірі, шығыстанушы, тарихшы, фольклоршы, этнограф, географ, ағартушы. Ол Құмұрын бекетінде дүниеге келген. Кімтуралы айтылып жатыр? (Мұхаммедқанафия)
ІІІ кезең
«Ер Төстік» ертегісіндегі перінің қызының аты қалай? (Бекторы)

Мәренің сұрағы:
Асыл сөзді іздесең,
..... оқы ерінбе.
Адамдықты көздесең,
Жат тоқып ал көңілге. С. Торайғыровтың өлеңінде қай ақынның есімі жазылмаған? (Абайды)
Супер ойын

Негізгі Сұрағы:
Халықтардың тұрмыс-тіршілігіне, салт-сана, әдет-ғұрпына қарай әр дәуірде өзгеріп басқа сөздермен ауысып отырған немесе ескіріп кеткен сөздер. (Архаизм)
Қосымша сұрақтары:

  1. Ә.Тәжібаевтің ерлік туралы аңызы алай аталады? («Толағай»)

  2. Кімнің ұсынысымен 20 ғасыр басында қазақ фонетикасының

ерекшеліктері ескеріліп жасалған, араб графикасына негізделген «төте жазу» пайдаланылған? (Байтұрсынов)

Қорытындылау:

  • Сонымен, ойынымызға қатысып, жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар

болған ойыншымыз ....... құттықтаймыз!

Жеңімпаз оқушылар марапатталады.

© 2010-2022