Өлеңдер: Ұлы Далам, Ұлы Елім!

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

"Ұлы Далам, Ұлы Елім!"

Естіледі тұлпардың дүбірлері...

Күй шертіп, домбырам да күмбірледі.

Бір сәтте дамыл таппай Ұлы Далам,

Иесі боп тарихымның куәгері.

Тастарың Тоныкөктің бір белгісі,

Белдерің Білге қаған ескерткіші.

«Көк түріктің көк семсері» атанған,

Өр кеудең Күлтегінің ерлік ісі.

Сыр өңірің еседі Қорқыт күйін,

Сарынына қобыздың салып үнін.

Төңіректің төрт бұрышын аралап,

Асан қайғың іздейді Жерұйығын.

Қойнауыңа үңіліп ғұламалар,

Өнер-білім, ғылымның кені аталар.

Кейінгі ғылым, білім, әдебиеттің,

Дамуына түп төркін, негіз болар.

Он бесінші ғасыр мен он жетінші,

Аралығы халықтың хандық тұсы.

Әдеп-ғұрып, мұрасы айқындалып,

Мәдениеттің өзіндік бет-бейнесі.

Тағдыр берді Керей мен Жәнібекке,

Үлесін билік құру мемлекетке.

Арғы ата- бабалары Шыңғыс ханнан,

Беделді әулеттің өте мықты.

Өз тізгінін өз қолына алған тұста,

Өр рух, асқақ сезім тасып тысқа.

Хандық дәуір бейнесі көрінеді,

Жыраулық поэзияны оқып, ұқса.

Ұшқыр ойдың иесі би-шешенің,

Ақылыңмен кеңескен хан-көсемің.

Қара қылды қақ жарып хақ сөйлеген,

Әділдіктің мініп ап ақтаңгерін.

Намысы кекке суарылып хас батырың,

Ұлттық рухпен қиратқан жау шатырын.

Кең байтақ өлкемізді қоныс тепкен,

Ат үстінде қорғаған қорамсағың.

Қол салып патша үкіметі жерімізге,

Жайлады алауыздық елімізде.

Әдет-ғұрып, қазақы мінезінен

Айырылды, қара халық түсті езгіге.

Атойлап аңсап өткен азаттықты,

Қарсы шығып жоюға отарлықты.

Ер Исатай, Махамбет өтпеді ме?

Ер үстінде жар салып әділдікті.

Айбынды Алашымның қайраткері,

Елімен емен - жарқын келбеттері.

Бұғауынан босатты бодандықтың,

Өр кеудеде қалғанша ақтық демі.

Ту еткен Тәуелсіздік идеясын,

Жыр еткен ел- жұртымның бел- қиясын.

Өрісі кең өнеге, ғұмырлы ғибратын

Сақтағай бүгінгі ұрпақ мол мұрасын.

Ал бүгінде еңсесін тіктеді ел,

Керегесі кеңейіп болды кемел.

Елбасымен жүрегі бірге соғып,

Ұстанып салиқалы саяси жол.

Шежіресін шертеді тарихи ел,

Оқы, қара, тыңдағын, жас буын, кел!

Өткені мен бүгіннің, келешектің

Ұлықтаған ұраны - Мәңгілік ел!

Шежірелі - жыр Елім!

Сырға толы - сыр Елім!

Ғұмырлы бол мәңгілік,

Ұлы Далам, Ұлы Елім!


Өмір гүлі.

Көрікті оймен кестелеп,

Жібектей нәзік өмірді.

Гүл шоғымен дестелеп,

Алабұртқан көңілді.

Сұлу сөзбен себелеп,

Өмір гүлін өсірем.

Мұңды күнін мен ептеп,

Көңілімнен өшірем.

Хош иісін өмірдің,

Құшырлана иіскеймін.

Көтеріңкі көңілдің

Көбелегін тиіспеймін.

Өмір атты өзеннің,

Кемесінен түспеймін.

Өмір атты көп гүлдің

Гүл-бағынан кетпеймін.

Күн нұрына шомылып,

Өмір гүлім нәр алсын.

Жапырағы жайылып,

Өмір гүлім солмасын.

Өмір деген - бұл сынақ,

Болса-дағы тым қысқа.

Сүрінбейік тек бірақ,

Шалса-дағы тұс-тұстан....



© 2010-2022