Рефлективный отчет по коучингу

Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Oқытудағы ақпараттық коммуникациялық технологиялар».

Мақсаты: Оқытуда ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалану, сабақтың нәтижелілігіне тигізетін әсері және оқытуда ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалануды дамыту жолдарын қарастыру.

Сергіту сәтін ұйымдастыру арқылы олардың сабаққа деген құлшыныстарын ояттым.. Сабақтың келесі бөлімінде қатысушы ұстаздарды жаңа модульмен

таныстырдым.

Бізге оқытуда ақпараттық - коммуникациялық технологияларды қолданудың төмендегідей мәселені естен шығармау керек: оқытуда ақпараттық - коммуникациялық технологияны қолдануда мұғалімдердің біліктілігін жоғарылату сонымен қатар оқытуда ақпараттық - технологиялық технологияны тұрақты қолданып жүрген мұғалімдер іс - әрекетінен тәжірибе жинақтар дайындау. Сонымен қатар оқытуда ақпараттық технологияны қолданудағы сабақтарда төмендегідей ерекшеліктер болатынына тоқталып өттім:

-Мұғалім оқушыға сұрақ қойып, тез арада оқушы оған жауап қайтарады

-Мұғалім тапсырманың дұрыстығын байқайды;

-Оқушының компьютермен жұмыс барысында пайда болған қиындықтарды

қадағалайды;

-Кейбір амалдарды оқушы өз бетінше орындайды,

-Сыныптағы оқушылардың барлығынан жауап алуға болады және алған білімдерін практикамен ұштастырады;

-Білімі төмен оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуіне мүмкіндік жасайды;

Теориялық түсінік жұмыстары жүргізілгеннен кейін қатынасушылар үш топқа бөлініп тапсырмалар орындады.. Одан әрі үш топқа бөлініп компьютер,фотоаппарат,ұялы телефон туралы өз ойларын ортаға салды.

1-ші топтан Күлзира сандық фотоаппараттың қажеттілігі,бұрынғы фотоаппараттан айырмашылығы жөнінде айтып өтті.2-ші топтан Күміс ұялы телефон туралы оның сабақ барысында қажеттіліктері жөнінде әңгіме қозғады.1-ші топтан Сабиратолықтырып, компьютерді сипаттап оның біздің заманымыздағы алатын орны және қажеттіліктерін айтып өтті.

Тапсырма орындалып болғаннан кейін екі әрекетке түсініктеме алу үшін кері байланыс орнатып, «оқытуда ақпараттық - коммуникациялық технологиялардың оқушы мен мұғалім арасындағы құзіреттіліктерді теңестіру үшін не істер едіңіз?» деген сұрақты қоя отырып, пікірлері тыңдалдыБұл жерде де айтылған пікірлерде, негізінен сабақ нәтижелігіне сабақта қолданылған ақпараттық - коммуникациялық технологиялардың тигізетін жақсы әсері бар

екені туралы,оны қолда на білу қажеттілік тері жөнінде ой қозғау болды.

Сауалнама нәтижесінде көріп отырғанымыздай коучингтен соң

Сұрақтар

Жауаптары

Иә

Жоқ

1 Сізге коучинг сабағының мақсаттары түсінікті болды ма?

11 0

2 Сіз бұл мақсаттар сіздің қажеттіліктеріңізге сәйкес келетінін мойындайсыз ба?

11 0

3 Сізге оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер ұсынылды ма?

11 0

4 Коучинг сабағы кезінде сіз қызығушылықты сезіндіңіз бе?

10 1

5 Жаңа тәсілдерді қолданғанда сіздің сеніміңіз артты ма?

10 1

6 Коучинг сабағы сізді өзіңіздің оқыту мен оқу тәжірибеңізге өзгеріс енгізуге жігерлендірді ме?

11 0

Коучинг соңында мұғалімдерде мынадай ой қалыптасты: егер оқушының оқуға деген қызығушылығын оятқың келсе, АКТ сабақта үнемі қолдану керек, тапсырмалар орындалып болған соң мектепте жүргізілген коучинг сабақтарда қатысушы мұғалімдердің іс әрекетіне тигізген әсерін, тілегін анықтау мақсатында сауалнама толтыруға берілді.11 мұғалімнің екеуіі АКТ ны мүлдем білмейді екен.

Қорытындысы бойынша коучинг сабақта үйренген тәсілдер мен әдістерді сабақта қолдану тиімді екенін көрсетіп, коучингтің құрылысындағы элементтерді артығы жоқ екенін көрсеткені өз жұмысымда нәтиже бар екенін көрсетті. Одан әрі жалпы оқытудағы АКТ жөніндегі білімдерінің қаншалықты дамығанын «Білім»ағашына бейнелеп берді, нәтижесінде сабақ жөнінде түсінік қалыптасқаны байқалды.

Коучинг сабаққа қатысушыларға слайд жасауды, видеоролик

жасауды көрсеттім.Слайд жасауды қатысушы 11 мұғалімнің жетеуі ғана меңгеретінін байқадым.Мұғалімдер зейін қойып тыңдады.Ноутбукпен қалай жұмыс жасауды көрсеттім. Интернетпен жұмыс жасап ,почта ашу жөнінде кеңес бердім.

Оқушыларға үйде отырып та тапсырма беруге болатыны жөнінде айтып өттім.

Оқушылардың күнделікті өмірде АКТ-ны қолдану мүмкіндіктері негізінен тиісті саладағы тиімді оқыту мен оқуға байланысты.Егер оқушылар АКТ-ны тиісті дәрежеде меңгермей оның мүмкіндіктерін игермеген болса,олардың басқа пәндерде АКТ -ны пайдалануы тиімсіз болуы да мүмкін.Бұл АКТ саласында және пәндік білім бойынша кенжелеп қалуға ықпал етуі мүмкін.(Нұсқаулық),114 бет



© 2010-2022