• Преподавателю
  • Другое
  • Открытый урок Борщтың түрлері. Мәскеулік, украиналық, флоттық және сібірлік борщтарды дайындау

Открытый урок Борщтың түрлері. Мәскеулік, украиналық, флоттық және сібірлік борщтарды дайындау

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Студенттердің теориялық білімдерін тереңдету, тәжірибе жүзінде борщ тағамдарының түрлерін дайындауды іс жүзінде үйрету. Дамытушылық: Студенттердің мамандыққа қызығушылығын арттыру, тағамды дәмді дайындау қабілетін дамыту. Тәрбиелік: Студенттердің қызмет көрсетуге жауапкершілікті сезінуге, ұқыптылыққа, тағам дайындауға, гигиенасын сақтауға тәрбиелеу. Пәнаралық байланыс: Азық-түлік өнімдерінің тауартануы, тамақтану физиологиясы, санитария және гигиена негіздері, тамақтандыру кәсіпорнының жабдықтары. Сабақ түрі: Өндірістік оқыту. 6 сабақ 270 мин. Сабақтың көрнектілігі: Бейне проектор, слайд, инструкциялық карта. Жұмыс орындарының құрал- жабдықтары: Шикізат, асхана ыдыстары, тақтайлар, пышақтар, тәжірбиелік жұмысқа қажетті өнімдер. Сабақтың барысы Кіріспе нұсқау: (45 мин) 1.Ұйымдастыру кезеңі (2мин) 1. Студенттермен сәлемдесу. 2. Студенттерді түгендеу. 3. Студенттердің сабаққа дайындығын тексеру. 2. Кіріспе нұсқау (43 мин) «Қоржын ойыны» арқылы өткен тапсырманы қайталап, білімдерін тексеру. 1) Борщ дегеніміз не және қай ұлттың тағамы? 2) Борщ тағамы қандай көже түріне жатады? 3) Борщ тағамының түрлері? 4) Борщ тағамының негізгі құрамын ата? 5) Мәскеулік борщтың дайындалу ере...
Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

«Қапшағай көпсалалық колледжі» МҚКҚ


Өндірістік оқытудан

ашық сабақ


Тақырыбы: Борщтың түрлері.

Мәскеулік, украиналық, флоттық және сібірлік борщтарды дайындау.

Открытый урок Борщтың түрлері. Мәскеулік, украиналық, флоттық және сібірлік борщтарды дайындау.

Өткізілетін топ-233


Өндірістік оқыту шебері: Жармуханбет Р.О



Сабақ жоспары

Тақырыбы: Борщтың түрлері.

Мәскеулік, украиналық, флоттық және сібірлік борщтарды дайындау.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Студенттердің теориялық білімдерін тереңдету, тәжірибе жүзінде борщ тағамдарының түрлерін дайындауды іс жүзінде үйрету.

Дамытушылық: Студенттердің мамандыққа қызығушылығын арттыру, тағамды дәмді дайындау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Студенттердің қызмет көрсетуге жауапкершілікті сезінуге, ұқыптылыққа, тағам дайындауға, гигиенасын сақтауға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс: Азық-түлік өнімдерінің тауартануы, тамақтану физиологиясы, санитария және гигиена негіздері, тамақтандыру кәсіпорнының жабдықтары.

Сабақ түрі: Өндірістік оқыту. 6 сабақ 270 мин.

Сабақтың көрнектілігі: Бейне проектор, слайд, инструкциялық карта.

Жұмыс орындарының құрал- жабдықтары:

Шикізат, асхана ыдыстары, тақтайлар, пышақтар, тәжірбиелік жұмысқа қажетті өнімдер.

Сабақтың барысы

Кіріспе нұсқау: (45 мин)

1.Ұйымдастыру кезеңі (2мин)

1. Студенттермен сәлемдесу.

2. Студенттерді түгендеу.

3. Студенттердің сабаққа дайындығын тексеру.

2. Кіріспе нұсқау (43 мин)

«Қоржын ойыны» арқылы өткен тапсырманы қайталап, білімдерін тексеру.

  1. Борщ дегеніміз не және қай ұлттың тағамы?

  2. Борщ тағамы қандай көже түріне жатады?

3) Борщ тағамының түрлері?

4) Борщ тағамының негізгі құрамын ата?

5) Мәскеулік борщтың дайындалу ерекшелігі?

6) Украиналық борщтың дайындалу ерекшелігі ?

7) Флоттық борщтың дайындалу ерекшелігі ?

8) Сібірлік борщтың дайындалу ерекшелігі ?

9) Борщ тағамының шығымы және жіберілу температурасы?

10)Борщ тағамының сапасына қойылатын талаптар?

3.Тапсырмаға нұсқау беру:

Бейне материал көрсету

Борщ деп құрамына міндетті түрде қант қызылшасы кіретін көжені айтады. Борщ-украиндықтардың ұлттық тағамы.Борщты сүйек сорпасынан,саңырауқұлақ піспе суынана,кейде сорпасынан дайындайды және ол- етсіз ас.

Борщ дайындау үшін құрамында қызылша, сәбіз, пияз, ақжелкек, май, ұн,қант, сірке суы, дәмдеуіштер болатын тұздық пайдаланылады. Тұздықты (әр сыбағаға 75 г.) борщ пісуіне 10-12 мин. қалғанда салады.

Жас орамжапырақты борщ үшін сабанша, ал флоттық және сібірліктер үшін қылыш тәрізді формада турайды. Ашыған орамжапырақты алдын ала бұқтырады.Картопты томаршағфлоттық және сібірлік үшін текшеше түрінде турайды.Сәбіз бен пиязды сабанша,флоттық және сібірлік үшін тілімше түрінде ұсақтап турайды және шала қуырады.Борщ дайындаудың тіркесті сызбасы 12- суретте келтірілген.Борщ міндетті түрде қыщқылтым-тәтті,дәмді және қарақошқыл-қызыл түті болуы тиіс.Егер борщ түсі ашық болса,онда берер алдында оны қызылша тұнбасымен аздап бояп береді.

Мәскеулік борщ. Ет сорпасына сүрленген шошқа сүйегін пісіріп, сорпаны сүзеді. Жоғарыда көрсетілген әдіспен борщты қайнатып, пісіреді. Ет жиынтығана ысталып пісірлген сан еті, пскен ет, шұжық еті сияқты өнімдер кіреді.Әр сыбағаға олардың әрқайсысынан бір кесектен алады да турайды. Аздап сорпа құйып қайнатады және 3-5 мин. пісіреді.

Ұсыну кезінде тәрелкеге ет өнімін салып, борщ құяды,оған қаймақ, көктер салады.. Бөлек самса және тәрелкемен сүзбе қосып ватрушка береді.

Украиналық борщ.Сабанша түрінде туралған жас орамжапырақты қайнап тұрған сорпаға салып әрі қарай қайнатады.Оның үстіне томарша не бөлікше түрінде туралған картопты салып,10-15 мин. пісіреді. Шала қуырылған көкөніс және бұқтырылған қызылша қосады, кайнатады. Сабанша түрінде туралған тәтті бұрыш,сорпада не суда сұйытылған, шала құырылған ұн,дәмдеуіш, тұз,қант қосып дайын болғанша пісіреді. Берер алдында сарымсақпен, маймен қатықтиайды. Егер ашыталған орамжапырақпен дайындалған болса, онда оны бұқтырылған түрінде картоптан кейін салады.

Беру кезінде тәрелкеге етті салып,борщ құяды. Қаймақ қосады, көк салады. Бөлек пампушка беруге болады.

Флоттық борщ.Сүйек сорпасында төстікті не ысталған шошқа етін пісіреді.Қосылатын орамжапырақты қылыш тәрізді,картопты текшеше,калған көкөністерді тілімше түрінде турайды.Борщты орамжапырақпен, картоппен дайындалған түрде әзірлейді.

Берер кезде тәрелкеге1-2 кесек піскен ысталған шошқа етін салады,үстіне борщ құйып,қаймақ,көк салады.Бөлек түрінде крупеник немесе қара құмық ботқасын беруге болады.

Сібірлік борщ.Бұл борщ үшін үрме бұршақты бөлеке пісіреді.Тұздыұ ьабаға не шұңғыл суырма табаға бір қатарға фрикаделькалар салып,1/3-іне сорпа құйып, көбейтеді.

Сорпаға қылыш тәрізді туралған орамжапырақ салып,әрі қарай қайнатады.Текшеше түрінде туралған картоп салып,10-15 мин. пісіреді.Сосын шала қуырылған көкөкніс және бұқтырылған қызылша салып,қайнатады.Одан соң піскен үрме бұршақ, дәмдеуіш,тұз,қант салып,толық дайын болғанша пісіреді.Дайын борщқа тұзбен бірге үгітілген сарымсақ қосады.

Ұсынар кезде тәрелкеге фрикаделькалар салып, үстіне борщ құяды.Қаймақ пен көк салады.

Техника қауіпсіздік ережесін және санитарлық гигиеналық ережелерді қайталау.

Сергіту сәті.

Инструкциялық нұсқауымен жұмыс.

3. Ағымды нұсқау ( 180 мин)

Жұмыс орнының жұмысқа дайындығын тексеру.

1-ші айналымда. Студенттердің жұмысқа дайындығына назар аудару, әр студенттің инструкциялық нұсқау картасымен танысқандығын байқау. Студенттердің жұмысының дұрыстығын тексеру, қате болған жағдайда оларға көмек көрсету, техника қауіпсіздігі ережелерінің орындалуын талап ету.

2-ші айналымда. Студенттердің жұмыс барысында материалды ұғынуына көңіл аударып, қиын сұрақтарға түсінік беру. Тағам дайындау әдістерінің орындалуын тексеру, әр студенттің іс- әрекетіне көңіл аудару, әсіресе олардың құрал- жабдықтармен пайдалана білуіне көңіл аудару.

3-ші айналымда. Дайындалған тағамның сапасын тексеру, құрал-жабдықтарды, жұмыс орындарын қабылдап алу.

4. Қорытынды нұсқау (45 мин)

1.Студенттерді қатыстыра отырып дайындаған тағамдарын талдау.

2.Студенттерге мақтаулар мен ескертулер айту

3. «Постер» әдісі арқылы сабақты бекіту және «Рефлексия» әдісі бойынша сұрақ- жауап алу.

4. Бағалау.

5. Жұмыс орнын жинап, гигеналық ережелерді орындау.

Үйге тапсырма беру.

Щи тағамы. Щи тағамының инструкциялық картасын дайындау.



© 2010-2022