Шығармашылық эссе Мені шабыттандырамын

      Күнделікті өмірде мені шабыттандыратын мерекелік шараларда тілек айтуға дайындалу . Қазағымызда әр түрлі  тойлар болады , соларға қайталанбас , мағынасына сай тілек ойша дайындалып шабыттанамын.Отбасылық өмірімде мені шабындаттыратын неремен . Оған арнап еркелетіп әр түрлі жағымды сөздер , өлең , тақпақ  жолдары жүрегімнен шығып жатады .Сонымен бірге жақын  туысқандарым алыста тұрады , оларды телефон арқылы тұған күндерімен,мерекемен құттықтап шабыттанамын.Шабытсыз мұғалім ұстаз емес деп а...
Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Эссе

Мені шабыттандырады...

Әр мұғалім - философ , психолог, ойшыл , шебер , өйткені мұғалім - шығармашылық мамандық иесі.Сондықтан ұстаз шабытсыз болмайды.Әр күні әр сабаққа дайындалған кезде ,әсіресе сабақтан тіс шараларға дайындалғанда , әр түрлі сценарий , баяндама немесе мақала жазғанда шабыттанамын . Мен үшін рухани күштің қайнар бұлағы - жақын жандарын. Көңіліме жақын жандардың мейіріміне , сүйіспеншілігіне бөліне отырып шабыттанамын. «Жақсы адамды көргенде- жаның семіреді», - деген мақал тегін айтылмаған.

Сонымен қатар қазақтың мақал-мәтелдері туралы ерекше айтқым келеді.Бұл халықтың рухани мәдени асыл қазынасы , қысқа да нұсқа , әсіресе өзін-өзі тану сабақтарына өте пайымды .Сабақтарда мақал-мәтелдермен әр түрлі жұмыстарды өткізүге болады,мысалы кез келген тақырыпқа «Мақалды жалғастыр » деген тапсырмаларды орындау ретінде.Мақал-мәтелдер балаларды рухани байытады.

Тағы мені шабыттандыратын қазақ отбасы тәрбиесіндегі ерекшелігі - бата беру . Халықтық тілек - бата сөздері жеткіншек жас ұрпақты әдепті , сабырлы , зерделі , арлы болып өсуге баулиды ,малды - басты , дәулетті ,бақытты ,кекшіл емес ,кешірімді болуын тілейді,жерін,елін қорғауға талапты тастүлек боп ержетуге талпынтады . Батасыз , тілексіз өмір болмайды . «Батамен ер көгереді , жаңбырмен жер көгіреді» , - деп халқымыз тек айтпаған.

Күнделікті өмірде мені шабыттандыратын мерекелік шараларда тілек айтуға дайындалу . Қазағымызда әр түрлі тойлар болады , соларға қайталанбас , мағынасына сай тілек ойша дайындалып шабыттанамын.Отбасылық өмірімде мені шабындаттыратын неремен . Оған арнап еркелетіп әр түрлі жағымды сөздер , өлең , тақпақ жолдары жүрегімнен шығып жатады .Сонымен бірге жақын туысқандарым алыста тұрады , оларды телефон арқылы тұған күндерімен,мерекемен құттықтап шабыттанамын.Шабытсыз мұғалім ұстаз емес деп айтуға болады.

19.01.2015 Жакупова Б.К.

© 2010-2022