• Преподавателю
  • Другое
  • «Мектепке дейінгі шақта балалардың танымдық қабілеттерін дамытудағы ойын тәжірибесінің маңыздылығы»

«Мектепке дейінгі шақта балалардың танымдық қабілеттерін дамытудағы ойын тәжірибесінің маңыздылығы»

«Мектепке дейінгі шақта балалардың танымдық қабілеттерін дамытудағы ойын тәжірибесінің маңыздылығы» «Ойнай білмеген, ойлай да білмейді»                                                                                                                             Халық даналығы     Тәуелсіз еліміздің көк туын желбіретер ертеңгі болашақ, яғни бүгінгі бүлдіршіндер тәрбиесі аса ауқымды, назар салатын басты мәселенің бірі.   Мемлекетіміз келешекте жас ұрпақтың еліміздің азаматы болуы үшін денсаулығына, ...
Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Мектепке дейінгі шақта балалардың танымдық қабілеттерін дамытудағы ойын тәжірибесінің маңыздылығы»

«Ойнай білмеген, ойлай да білмейді»


Халық даналығы



Тәуелсіз еліміздің көк туын желбіретер ертеңгі болашақ, яғни бүгінгі бүлдіршіндер тәрбиесі аса ауқымды, назар салатын басты мәселенің бірі.

Мемлекетіміз келешекте жас ұрпақтың еліміздің азаматы болуы үшін денсаулығына, отбасына, ойынға, білімге деген құқықтарын толығымен қуаттап, қабілеттерін барынша жүзеге асыру және үлкен жетістіктерге жетуде табанды болуын қолдайды.
Бала тәрбиесі ана сүтінен басталады деп есептейміз. Сонымен, тәрбиенің ең алғашқы бастамасын отбасында алса, жалғасы балабақшамен байланысады. Балабақшадағы тәрбиенің осындай сирек қолданылатын құралдарының бірі - ойын. Өйткені, мектепке дейінгілердің негізгі әрекеті ойын десек, шатаспаған болармыз. Баланың таным қабілеттерін дамытуда ойынның рөлі өте зор.

Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбайұлы «Ойын ойнап, ән салмай өсер бала бола ма?» - деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Жас баланың өмірді танып, еңбек қатынасы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады. Ойынды зерттеу мәселесімен тек психологтар мен педагогтар ғана емес, философтар, тарихшылар, этногрофтар және өнер қайраткерлері мен бұл саладағы ғалымдар да шұғылданады. Көптеген жазушылар бала ойынның психологиялық мәнін және ойынға тән ерекшеліктерді көркем бейнелер арқылы ашып береді.

Ойын дегеніміз - балалар үшін оқу да, еңбек те. Ойын - айналадағы дүниені танудың тәсілі. Ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңу жолын үйретіп қана қоймайды, ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады. Ойын - өмір тынысы.

Ойын арқылы адам баласының белгілі бір буыны қоғамдық тәжірибені меңгереді, өзінің психикалық ерекшеліктерін қалыптастырады. Бала ойынында да қоғамдық, ұжымдық сипат болады. Мысалы, кез келген бала ешуақытта жалғыз ойнамайды, қатар құрбыларымен бірлесіп ойнайды, ойын арқылы бір-бірімен өзара қарым-қатынас жасайды. Ал мұның өзі оның дамуы үшін ерекше маңызы бар фактор екендігі түсінікті. Ойын баланың түрлі қасиеттерін дамытатынын, мұнда да баланың қабілеті, белсенділігі бір сыдырғы байқалатынын, А.С. Макаренко өте жақсы корсетті. «Үлкендер өмірі үшін жұмыс, қызмет істеу, әрекет ету қандай орын болса? - деп жазды ол? - балалар өмірінде ойын да сондай үлкен маңызды. Ойында бала қандай болса, өскеннен кейін жұмыста көбінесе сондай болады. Сондықтан келешекке адамды тәрбиелеу бәрінен бұрын ойын арқылы болады».

Ойын балаларды ортақ мақсатқа, ұжым намысын қорғауға, оның табысына ортақтасуға тәрбиелейді. Ұжымдық ойындарда бала жолдастық мәні неде екенін түсіне бастайды. Өзінің басындағы мінез-құлықтың кейбір теріс бітістерінен (тартыншақтық - менмендік, өкпешілдік, қыңырлық т.б.) ұялып, одан арылғысы келеді. Бірақ бұған шамасы жете қоймайды. Осындай ойындарда баланың қабілеттері жақсы жетеле бастайды. Мысалы, бір бала өзінің ұйымдастырғыштығын байқатса, екінші бала табынды, жігерлі екендігін аңғартады. Ұжымдық ойындар баланың моральдық, эстетикалық сезімдердің қалыптасуына да әсер тигізеді. Мысалы, орман ішінде ойналған ойын туған өлкесінің табиғатын сүйе білуге, ондағы өзен, көлдер мен өсімдіктердің, жан-жануарлардың өміріне қызығушылықты оятады.

Ойын атадан балаға, үлкеннен кішіге мұра болып жалғасып отырған және халықтың дәстүрлі шаруашылық, мәдени, өнер тіршілігінің жиынтық бейнесі көрінісі де болған. Әрине, ойын өнер ретінде әдебиет пен мәдениеттің сан алуан түрлерімен қабысып, астасып келіп, бірін-бірі толықтырып, байыта түседі.

Өзінің өлең жырларында халық ойынды тәрбие құралы деп танып, оның бойындағы жастарды ойландырап, толғандыратын қасиеттерін аша түседі. Ойын тек жас адамдың дене күш қуатын молайтып, оны шапшандыққа, дәлдікке, т.б. ғана тәрбиелеп қоймай, оның ақыл-ойының толысуына, есейіп өсуіне де пайдасын тигізеді. Манашұлы Тұяқбай жырында: «Балалармен ойнайды, ойнап жүріп ол бала кеудеге ақыл ойлайды», - дейді.

Мұндай мысалдарды халық ауыз әдебиеттерінен - көптеп кездестіруге болады. Бұдан көретініміз ойын тек көңіл көтеру ғана емес, қайта белгілі бір халықтың әлеуметтік экономикалық дамудың төменгі сатысында тұрған кезінде, жазу өнері әлі дамымаған, оқу орны болмаған кезде, өз ұрпақтарын өмірге әзірлеу мүмкіншіліктерін пайдаланатын бірден-бір тәжірибелік іс-әрекет қызметін атқарған. Сонымен бірге ойын сол халықтың өзінің ішкі байланысының ғана емес, басқа халықтармен де ұлтаралық қатынастарының негізін қалаған. Ойынға жиналатын орын халықтың сан алуан өнерінің де сарапқа түсетін жері болған. Сөйтіп ол ғасырлар бойы қоғамдық тәрбиенің баға жетпес жемісті қызметін атқарған.

Қазақ ұлт ойындары - ата-бабаларымыздан бізге жеткен баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз. Сондықтан, оны үйренудің, күнделікті тұрмысқа пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуге пайдасы орасан зор. Ойын баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның шығармшылық қабілетін оятып, бүкіл өміріне ұштаса береді. В.А. Сухомлинскийдің сөзімен айтқанда: «Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімі жастықшақ өмірімен ұштастырып, өзін қоршаған, дүние туралы түсінік алады. Адамды өжеттікке, батылдыққа, шапшандыққа, ептілікке, тапқырлыққа, байсалдылыққа үйрететін - осы ойын».

Ұлттық ойындардың мектеп жасына дейінгі балаларға лайықтары «Орамал алу», «Тақия жасыру», «Алтын қақпа», «Ақ серек-Көк серек», «Айгөлек», «Ақ сандық - Көк сандық», «Ақ сүйек» ойындар ойнату арқылы баланы тапқырлыққа, жылдамдыққа, шапшаңдыққа, икемділікке, батылдылыққа үйрету іске асырылады. Яғни, таңертеңгі қабылдау кезінен кешке баланың үйге қайтуына дейінгі уақыт аралығындағы күн тәртібіне сәйкес дене тәрбиесі күні бойы тәрбие түрлерімен біртұтас сабақтас жүргізіледі. Сондықтан да, бағдарлама бойынша арнайы өтетін тақырыптық тәрбие сәттерінің арасында әуелі дене сергіту, жұмыс соңында ырғақты қимыл-қозғалыс ойындарын өткізу көзделеді.

Ең бастысы ата-бабадан қалған өнер мен өнеге, үлгілерінің лайықтыларын баланың сана сезіміне құйып көзіне көрсете отырып, ойын арқылы бойына сіңіріп, оларды әдептілікке, мейірімділікке ізеттілікке, туысқандық пен бауырмалдыққа, үлкенге - құрмет, кішіге - қамқорлыққа баулып адамды қажеттерді ұғындыру, қалыптастыру. Бір ғажабы ойындар балалардың жан сұлулығында, тән сұлулығында жан-жақты жетілдіруге бағытталған. Өзгені былай қойғанда жан-жануарлар қалай дыбыстайды, қалай іс-әрекеттер жасайды, оларды тілімізде қалай айтады дейтін танымдық, тілдің маңызы зор мәселелерді «Қалай айтуды білесің?» ойынның өзі балалардың құлағына құйып береді. Мысалы: Әтеш - шақырады, Есек - бақырады, Бақа-бақылдайды, Шыбын - ызылдайды т.б.

Ойынды ойнау барысында балалардың жас ерекшілігі ескеріледі. Әр түрлі ойынның өтілу барысында, оның ережесін сақтап, яғни 3 кезеңнен тұратынын есте сақтауымыз керек:

  1. ойынды өткізер алдындағы дайындық жұмыс;

  2. ойынның басталуы мен ойналу барысы;

  3. ойынның аяқталуы.

Дене тәрбиесі іс-әрекеті мазмұны негізінен қимылды ойындардан тұрады. Ойын кезінде жасалатын қимыл-қозғалыстар балалардың ептілік, шапшаңдық, күштілік, батылдық, төзімділік қабілеттерін дамытады. Денсаулығын нығайтып, ақыл-ойын өсіреді. Ойын барысында балалар бір-бірімен жақын араласып, тату, ұйымшыл болып өседі.

Аса көрнекті үздік педагог Н.К.Крупская қимылды ойын жөнінде былай деп толғанады: «Ойын - өсіп келе жатқан бала организмінің қажеті. Ойында баланың дене күші артады, қолы қатайып, денесі шыңдала түседі, көзі қырағыланады, зеректілігі, тапқырлығы, ынтасы артып жетіле түседі. Ойында балалардың ұйымдастырушылық дағдылары қалыптасып шыңдалады». Ұлттық ойындарымыз балаларға тәрбиелік мәнімен, дене бітімінің әсем де сымбатты болып бітуге пайдасы зор. Бір-ақ мысал келтіріп кетейін: «Қуыр-қуыр, қуырмаш» ойыны балалардың саусақ маторикасын дамытуға, тіл байлығын жетілдіруге, көңілін көтеруге қолдануға болады. Балаларды қазақ халқының ұлттық ойындарымен, ойната отырып жан-жақты тәрбиелейміз. Сонымен қатар балабақшамызда жиі қолданатын бірнеше ұлттық ойындардың шарттарын ұсынамын:

Ақсерек-көксерек
Бұл ойынды ойнау үшін балалар екі топқа бөлінеді,қолдарынан ұстап тұрады. Ара қашықтық 20-30 қадам.

1-ші топ. Ойынды бастайды: Ақсерек-ау ақ серек

Бізден сізге кім керек.

2-ші топ Ақсерек -ау ақ серек

Сізден бізге (бала аты) керек!

Аты аталған бала келесі топқа дейін жүгіріп барып ортасынан ұстасқан қолдарды ажыратып кету керек. Егер өтіп кетсе сол топтан бір баланы тобына алып қайтады,өте алмаса сол топта қалады. Ойын осылай жалғаса береді.

Соқыр теке

Балалар дөңгелене тұрады. Бір баланың көзі байланып қойылады.

Балалар: Бота, бұзау, қозы, лақ

Қайда кеткен құлыншақ

Соқыртеке бақ-бақ

Мені ізден тап-тап

Деп тақпақтайды.

Содан кейін Соқыр теке (баланың көзі байлаулы) балаларды қуалайды немесе балалар оның жанына келіп түртіп қашады. Соқыр теке ұстап алған баланың көзі байланады да ол «Соқыр теке» ролін атқарады. Ойын осылай жалғаса береді.
Сақина жасыру

Ойынды өткізуші және сақина жасырушы бала белгіленеді. Қалған ойыншылар жерге отырып тізілерінің үстіне алақандарын жаяды. Бастаушы жабулы қолын әрбір ойыншының алақанына салысымен,ол бала алақанын жаба қояды.Бастаушы бір баланың алақанына сақина салысымен, ойыншылардың біреуінен-«Сақина кімде»-деп сұрайды. Ол сақинаның кімде екенін білсе сол баламен орнын ауыстырады. Ал білмесе ол өз өнерін көрсетеді. Ойын басқарушы ойынды осылай жалғастыра береді.

Баланың ойнайтын алғашқы ойындары бұл заттық ойын. Басқаша түсіндірсек бұл затты игеру. Сіз балаға беретін ойыншықтар арасында қуыршақ та, аю да, ұсақ ойыншықтар да бар. Бастапқыда бұл ойыншықтардың барлығы үлкендер үшін - балалар ойыншықтарға басқа заттарға қарағандай қарайды, яғни олар үшін ойыншықтардың басқа заттардан айырмасы жоқ. Екінші жылдың басында олардың ойыншықтармен ойнауы елеусіз болады.

Бірақ ұзамай-ақ, бірақ балалар бір жарым жастан бастап үлкендер көрсеткен әрекетттермен қатар өзі бақылаған әрекеттерді де жасай бастайды: олар жасанады, таранады, қуыршақты құшақтайды, оны сүйеді - бұл рольдік ойын. Осы рольдік арқылы бала тамақ «жейді», үстелде таяқшамен жазу «жазады», «оқиды».

Бір жарым жылдан кейін балалар «көмекшесі», «орын басушы» ойындарын ойнай бастайды. Осы аралықта балалар өзін үлкен адамдарша сезініп, нақты үй адамының әрекетін жасай бастайды. Бұл мектеп жасына дейінгі балалардың ойын әрекетінің дамуының негізгі кезеңдері. Осыдан келе балалар мектеп жасына келгенде спорттық ойындар едәуір орын алады. Олар футбол, волейбол, теннис, городки, лапта ойындарын ойнай алады. Бұл ойындарда ережелерді сақтау, бір-бірімен жарысу моменттері күшті болады. Сондықтанда мұндай ойындар инициативаны, жылдамдықты, ептілікті, тапқыштықты қажет етеді, өз қимылдарын жолдастарының қимыл-қозғалысына бағындыруды үйренеді, жолдасқа көмек көрсетуді, өз командасы үшін бар мүмкіндігін пайдалануды ойлай бастайды. Егер ата-ана немесе педагогтар мектеп жасына дейінгі балалардың тек қана заттық ойын яғни, затты игерумен айналысса бала көмекші немесе орын басушы заттарды пайдалана алмаса бұл қауіпті жағдай. Мұндай балалардың психикалық дамуын жан-жақты зерттеу керек.

Ойын мен еңбектің бір-біріне ұқсас сипаттары көп, сондықтан кейбір педагог ғалымдар «Жақсы ойын - жақсы жұмыс сияқты» - деп қарап, бұлардың арасында айырма шамалы деген түйін жасайды. Демек, ойын мен жұмыстың ұқсастығы - жақсы ойын да, жақсы жұмыс та көңілді, қуанышқа толтырып, рақатқа бөлейді. Баланың ойында да тиісті жұмыстағыдай белгілі дәрежесінде жауапкершілік болуға тиіс. Олардың айырмашылығы - баланың ойыны нақты материалдық, рухани байлық жасай алмайды, ал жұмыс ондай игілікті өндірудің негізгі жолы екені белгілі.

Баланың қуанышы мен реніші ойында айқын көрінеді. Ойын кезінде баланың психологиялық ерекшелігі мынада:

  1. Олар ойланады.

  2. Эмоциялық әсері ұшқындайды, белсенділігі артады, ерік қасиеті, қиял елестері дамиды, баланың шығармашылық қабілеті мен дарыны ұштайды.

Ойын үстінде бала бейне бір өмірдің өзіндегідей қуаныш, реніш сезімінде болады. Сонда ойын туралы жасалатын тұжырым мынау

  1. Ойын - тәрбие құралы, ақыл-ойды кеңейтеді, тілді ұстатады, өмірді таниды, сезімді кеңейтеді.

  2. Ерік және мінез қасиеттерін бекітеді, адамгершілк сапаны жетілдіреді.

  3. Ұжымдық сезім әрекеттері өсе түседі.

  4. Эстетикалық тәрбие беру құралы.

  5. Еңбек тәрбиесін беру мақсттарын шешуге мүмкіндік береді.

  6. Бірінен-бірі ептілікті үйренеді, өзінің денесін нығайтады.

Демек, ойын баланы жан-жақты жарасымды тәрбиелеудің психологиялық және физиологиялық негіздері болып табылады.

Қолданылған әдебиеттер:


  1. Леонтьев О.М. «Пособие для учителя», Москва, 1989 г.

  2. Федотов А.А. «Методы воспитательной работы», Москва, 1995 г.

  3. Немов Р.С. «Психология», Москва - Гумнитарный издательский центр «Владос», 1999 г.

  4. Кел, балалар, ойнайық! - Алматы «Арда», 2006 ж.


© 2010-2022