Статья на тему БІЛІМ БЕРУДІҢ ҚАЗІРГІ ЖҰЙЕСІ

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

БІЛІМ БЕРУДІҢ ҚАЗІРГІ ЖҮЙЕСІ


Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі - маңызды мәселелердің бірі.

Сондықтан да оқушылардың ой-өрісін, ұлттық мәдениетін, ұлттық рух пен сана-сезімін дамытып, алғыр тұлғаны қалыптастыруда тәрбие жүйесіндегі инновациялық іс-әрекеттердің ендірілуі үлкен жетістіктерге жетелейді .

«Инновация» ұғымын қарастырсақ, ғалымдардың көбі оған әртүрлі анықтамалар берген. Инновация латыншадан аударғанда «жаңа», «жаңалық», «жаңарту» дегенді білдіреді немесе "инновация" - бұл нақты қойылған мақсатқа жетуде ойға алынған жаңа нәтиже.

Инновациялық үрдістің негізі - жаңалықтарды қалыптастыру, қолдану, жүзеге асырудың тұтастық қызметі. Кез келген жаңа әдіс жекелік, сондай-ақ уақытша жоспарға жатады. Бұл яғни, бір мұғалім үшін табылған жаңа әдіс, жаңалық басқа мұғалім үшін өтілген материал тәрізді.

Инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай туғызады. Кейінгі кезеңде ғалымдар өз зерттеулерінде оқу-тәрбие ісіне жаңалықтарды енгізіп, тарату мәселесін қарастырады. Мемлекеттік білім стаңдарты деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді. Ал жаңа педагогикалық технологияның түрі, қолдану ерекшелігі, одан туындайтын ділгір мәселелер бүгінгі таңда әлі нақтыланып белгілі бір жүйеге түспеген дүние.

Елбасы жолдауында барлық дамыған елдерде білім беру жүйесінің сапасы жоғары деңгейде атап кетті. Осы орайда жаңа технологияларды енгізу, білім беру қызметкерлерін үздік технологиялармен қамтамасыз ету, халықаралық білім беру стандарттарына көшу - білім беру саласындағы негізгі стратегиялық басымдықтар болып отыр. Себебі, ақпараттық технологиялар студенттерге білім алу үшін кең спектрлі мүмкіндік бере отырып, мұғалімдерге оқу процесін сапалы жаңа деңгейге шығаруға және оқыту сапасының тиімділігін арттыруға септеседі.

Оқу орындарының инновациялық қызметтін басқарушылық қолдаудың өзекті мәселелері түрлі инновацияларды таратуымен, және бір жағынан олардың педагогтерінің аз болуымен түсіндіріледі, екінші жағынан бүгінгі таңда білім беру ұйымдарында өткізілетін көптеген инновациялық қайта құрулар байыпты ғылыми-әдістемелік қамтамасыздандыруды талап етеді.

Білім берудің қазіргі жүйесі әлеуметтік практика саласында үсті үстіне «көп ғылымды», ал оның тиімділігі үсті үстіне тәуелді және стихиялық жинақтық тәжірибе мен дәстүрді ғана емес, сонымен бірге адам және қоғам туралы барлық ғылым кешені пайда болуын жоспарлаудың ғылыми негіздерін жасауына тарту шарасын анықтаушы бола түсуде.

Инновациялық тәртіпте жұмыс жасайтын білім беру мекемесінің қызметінде орын алған жағдайларын саралау бірқатар келеңсіздіктерді анықтады: педагогикалық инновациялық нығайтудың жүйелілігі мен тұтастығының болмауы, шығармашылық ізденіс үшін мүмкіндіктердің кеңеюіне мүмкіндік туғызатын, педагогтердің инновациялық қызметін, сапа мониторингінің жоғын және оны енгізудің тиімділігін ынталандыратын инновациялық үдерістердің ғылыми-әдістемелік қамтамасыздандырудың, мекеме қызметінде нормативтік-құқықтық қамтамасыздандырудың жетіспеушілігі.

Инновациялық қызметті сауатты жүзеге асыра алатын педагогтерді даярлау қажет.

Инновациялық қызметтің негізгі мақсаты заманауи талаптар деңгейінде балалармен тәрбие-білім беру жұмысының жоғары нәтижелілігіне қол жеткізу болып табылады. Инновациялық үдерістер оларды басқаруда қаншалықты түсінікті және нақты болса, соншалықты табысты болады. Және тек тиімді басқарушылық көмек көрсетуде педагогтер толықтай түрде педагогикалық үдерістің жаңғыртуына және жаңартуына жеткізетін өздерінің жұмыстарын жүзеге асыра алады.

Ұжымдағы педагогтердің жаңашылдық деңгейі. К.Ангеловский педагогтердің жаңашылдық деңгей бағасы бойынша олардың 5 тобын ерекше атап көрсетеді: жаңашыл, озат, орташа, соңғының алдынғысы, соңғы.
1. «Жаңашылдар» тобы - жаңаны тез қабылдайтын, онымен танысып, оны жақсы деп санайтын жаңашылдық рухы ерекшеленген педагогтер.
2. «Озаттар» тобы- өз ұжымындағы осы немесе басқа да инновациялық практикалы, тәжірибелі тексерісті алғашқы болып жүзеге асыратындар. Олар бірінші болып аймақтағы, аудандағы инновацияларды қабылдайды.

3. «Орташалар» тобы. Жаңалықтарды сабырлылықпен, асықпай игереді, сонымен бірге олар соңғылар қатарынан көрінгісі келмейді. Олар инновациялық қызметке ұжымның көп бөлігі жаңаны қабылдағанда ғана қосылады.
4. «Соңғының алдынғылары» тобы. Бұл деңгейдің педагогтері жаңа нәрсе қабылданып, оған оң көзқарас көрсеткеннен кейін оны қабылдайды.
5. «Соңғылар» тобы. Бұл деңгейге ескі керітартпа ойлармен және қызметке деген қарым-қатынас дәстүрмен тығыз байланысқан педагогтер кіреді.

Қазіргі оқу орындарында жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.

Жаңа педагогикалық технологиялар оқушының шығармашылық қабілеттерін арттыруға өз үлесін қосады.

Жаңа технологияны қолдану оқып үйрену, меңгеру, өмірге ендіру, дамыту кезеңдері арқылы іске асады.

Жаңа технологиялардың педагогикалық негізгі қағидалары: балаға ізгілік тұрғысынан қарау; оқыту мен тәрбиенің бірлігі; баланың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту; баланың өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгерту; баланың танымдылық және шығармашылық икемділігін дамыту; әр оқушыны оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне орай оқыту; барлық оқушылардың дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу; оқу үрдісін оқушының сезінуі.

Бүгінгі таңда білім беру қызметін көрсетуде бәсеке күшейіп отыр, тұтынушылардың дайындық деңгейіне деген талаптары өсуде. Осындай кезеңде өз өмірін сақтап қалуы үшін мектеп үздіксіз өз қызметін жақсартуға және қайта құруға, оқу-тәрбие үрдісін жетілдіруге мәжбүр.

Білім беру қоғамдық әрекет ретінде қоғамда өзгеріс ізін қалдырады. Білім беру жүйесінің даму деңгейі қоғамдық дамудың белгілі дәрежесінің нәтижесі немесе салдары деп айтуға болады. Дегенмен, кері байланыс та бар. Білім беру жүйесінің өзі қоғам мен оның дамуына ықпал етеді. Ол қоғамдық дамуды тездетуі немесе тежеуі мүмкін

Педагогтердің идеясы, ойлап шығарулары мен ашулары сияқты кез келген инновациялық қызметінің нәтижесі мектептер мен педагогика ғылымының прогрессивті дамуына ықпал етуі керек. Бұл қызметті күнделікті тіршілік әрекеті мен психологиялық және тағы да басқа стресс сияқты нәрселерден құтқарып, шығармашылық ой заңдылығы бойынша және ғылымның өзіне тән дамуының кең өріс алуына мүмкіндік беруі керек.

Жалпы, білім беруде енгізілген жаңалық тек педагогикалық қана емес, ол қоғамдық та мәселе болып табылады, білім беру қызметі қоғам үшін ерекше ықылас білдіріп, балалар үшін бұл саладағы жаңалыққа қоғамның мүдделі екенін де айтуымыз керек.

"Қазақстан Республикасының білім беру дамыту туралы тұжырымдамасының" басты мәнділігі - ол үздіксіз білім жүйесінің негізгі иедеялары мен қағидаларын XXI ғасыр талаптарына сәйкестендірудің және оны әлемдік білім кеңістігінің даму заңдылықтарына ұштастырудың жолдарын көрсетуге арналып отыр.

Инновациялық оқыту білімді тереңдетумен қатар оқушының оқу әрекетіне жетелеп, олардың оқуға деген ынтасын оятады. Казіргі кезде педагогикалық технология ұғымы педагогикалық лексиконымызға берік еніп келеді. Технология - бұл қандай да болсын істегі, шеберліктегі, өнердегі амалдардың жиынтығы деген ұғымды білдіреді.

Әдістемелік ізденіс-жаңалыққа жол ашу. Мұғалімдер әдістемелік ізденістерді басшылыққа ала отырып, еңбекті сабақ үрдісінде білулері керек.

Қазіргі кезде көп айтылып, талқыланып жүрген жаңалықтарды оқыту үрдісіне енгізу, яғни, инновациялау инновациялық үш бөлімнен тұрады:

  • Кәсіби шеберлік

  • Біліктілік дағдылары

  • Жүзеге асыру, қолдану.

Білім беру саласындағы қазіргі оңды өзгерістер әрбір мұғалімнен өз ісіне мұқияттылықты талап етеді.

Нағыз өз ісінің шебері ғана жоғары жетістіктерге ие бола алады. Ал білікті маман болу үшін көп ізденіс керек екені даусыз.


© 2010-2022