Эссе Жаңа формация мұғалімі-шығармашыл тұлға

Раздел Другое
Класс -
Тип Статьи
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Букабаева Кульшар Сейдуловна Эссе Жаңа формация мұғалімі-шығармашыл тұлға

Қарашоқы орта мектебінің директоры

Алматы облысы

Кербұлақ ауданы

[email protected]


Тақырыбы: «Жаңа формация мұғалімі-шығармашыл тұлға»


«Елдің дамуы-оның білім беру жүйесі арқылы бағаланатын болады»-деп Елбасы айтқандай, даму жолындағы қоғамда ең алдымен білім дамуға тиісті. ХХІ ғасыр білімін-адамның қызығушылықтарының дамуы, оның өзінің дамуы деп түсіну керек. Кімде-кім осындай білімге қол жеткізгісі келсе, әрекет етуі, ақыл-парасатын, қарым-қабілетін жұмсауы қажет, яғни әркім өз бетінше білім алуы керек. Сондықтан, мектептің білім мазмұнын қайтадан қарап, заман талабына сай өзгерту-бүгінгі күннің басты мәселесі.

Білім беру сапасын бағалаудағы PISA, TIMSS, PIRLS зерттеулерінің негізінде мектептердің білім беру сапасының жоғарлауды қамтамасыз етуге себепші 6 фактор анықталған:

  • Білім беру стандартының халықаралық талаптарға сәйкестігі;

  • Білім беру сапасын бағалауының дұрыстығы;

  • Өскелең ұрпақты рухани-адамгершілік тұрғысынан тәрбиелеудің тиімділігі;

  • Білім беру саласындағы ғылыми зерттеулер;

  • Білім беруді басқару жүйесінің тиімділігі.

Қазіргі білім беру парадигмасы «білікті адамға» бағытталған білімнен «мәдениет адамына» бағытталған білімге көшуді көздейді. Жаңа қоғамдағы білімге айрықша көңіл аударарлық мәселе білім емес, оны меңгеруге деген қабілеттілік, есте сақтау емес, психиканың негізгі механизмі-ойлау, шыдамдылық емес, оқу үрдісін деген белсенділік, оқу нәтижелеріне жету арқылы өз орнын анықтау, жауапкершілік, жай оқу емес, жеке, қоғамдық, кәсіби өмірді нұрландыру үшін оқу. Бұл әр адамның өзін-өзі қайта құра алуы, қоғамдық талаптар тұрғысынан өзіне сыни баға бере алуы, айналаны өзгертуге қатыса алуы.

Нәтижеге бағытталған білім моделі мен басқарудың жаңа парадигмасы аясында жекелеген ұғымдар мен нормаларды және тиімді педагогикалық технологияларды меңгеру үшін педагогикалық кәсіби мәдениеті дамытуға бағытталған оқу қажеттіліктері туындайды. Білімді түрлендіруде, білім процессін реформалауда зерттеуші мұғалім мен көшбасшы мұғалім жаңа формация мұғалімі ретінде орталық тұлға болып табылады. Жаңа формация мұғалімі-рефлексияға қабілетті, өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық, зерттеулік, дидактикалық-әдіснамалық, әлеуметтік тұлғалы, коммуникативті, ақпараттық құзыреттілігі жоғары деңгейде сипатталатын рухани-адамгершілікті, белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға. Осы орайда, жаңа форматтағы мектеп басшылары мұғалім жұмысының тиімділігін бақылап, эволюация жасау үшін педагогиканың жаңа нысандарын игеруі, тәлімгерлік пен коучинг үдерісін өзі өткізуі және өткізуге жағдай жасауы, мұғалімдердің кәсіби дамуын жоспарлауы, ұжымдық жұмыс пен бірлескен оқуды көтермелеуі керек. Оқытудағы көшбасшы ретінде мектеп басшылары тиімді тәжірибе қоғамдастығын құрып, онда үздіксіз кәсіби дамудың жоғарғы деңгейге көтеріліп, жұмыс күнінің бір бөлігіне айналуына ықпал ете алуы керек (Басшыларға арналған нұсқаулық, 18бет). Мектеп басшылары жергілікті қоғамның күшін пайдалана отырып, ата-аналармен және мүдделі адамдармен бірлесіп жұмыс істеп, барлық оқушылардың табысты оқып, жоғарғы нәтижелерге қол жеткізуін қамтамасыз етеді. Алдымызға қойған мақсатымыз бастауыш сатыдан бастап, баланың тілін, ой-өрісін, қиялы мен шығармашылығын дамыту арқылы, заман талабына сай жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруымыз қажет.

© 2010-2022