Отанды қорғау - сенің азаматтық борышың

Раздел Другое
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бүгін еліміздің қорғаныс қабілетінің кемелденгенін білдіретін мереке. 1991 жылы 25 қазанда Қазақстан Президентінің Жарлығымен Қазақ КСР-ң мемлекеттік қорғаныс комитеті құрылды. Кейін республиканың қорғаныс мәселелерін толық түрде жеке шешуге көшуіне байланысты қорғаныс комитеті Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі болып қайта құрылды. 1992 жылдың 7 мамырында тәуелсіз елдің заңдық құқықтарының негіздеріне және тәуелсіз мемлекеттер достығына қатысушы мемлекеттер арасындағы қол жеткен келісімдерге байланысты ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығы шықты. Бұл Жарлық бойынша, Қазақстан аумағына орналасқан Қарулы Күштер өздерінің мүліктерімен қоса, республиканың қарауына өтті. Жоғарғы Бас Қолбасшы ретінде Қарулы Күштерді басқаруды Президент өз мойнына алды. Елбасынан басқа қорғаныс ісімен тікелей шұғылданатын алғашқы Қорғаныс министрі болып генерал-полковник Cағадат Нұрмағанбетов тағайындалды. Бұл күн Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің құрылған күні болып құрылғандықтан «7 мамыр Отан қорғаушылар күні» деп жарияланды.Ендеше бүгінгі мерекелерініңіз құтты болсын.

Армысыздар, ардақты азаматтар,
Отбасының тірегі, елді бастар.
Құтты болып мереке баршаңызға
Бақ-береке әкелсін отбасыңа!

Халқымызда «Ер - елінің қорғаны» деген аталы сөз бар. Біз осындай жандардың ержүрек істеріне сай сый-құрмет көрсете отырып, отбасыларыңызға амандық, береке-бірлік, еңбекте жеміс пен шығармашылық табыстар тілейміз. Бүгінгі «Отанды қорғау - сенің азаматтық борышың» атты кездесу кешіне қош келдіңіздер!
Ағалар біздің кең арқау асқарымыз,
Жолын қуар солардың жастарымыз.
Абзал жанды ақылгөй ағаларға
Ілтипатпен иілген бастарымыз.
Еңбектерің жемісті қиыр шың боп,
Шапағатты шуақ - нұр құйылсын көп.
Шын жүректен құттықтап біз тілейміз:
Бар жақсылық, бар бақыт бұйырсын деп.

Ендеше бүгінгі кездесу кешіміздің қонақтарымен таныс бола отырыңыздар:

  1. Шалқар ауданының қорғаныс істер жөніндегі бөлім бастығы, подполковник Қази Елубайұлы Сыбаев

  2. Аудандық әдістемелік құрылымдық бөлімше әдіскері Жақсыбаева Нұргүл Назарқызы

Ананы баласынан, ағаны бауырынан айырып, мыңдаған боздақтарды жер жастандырып, бөтен елдің топырағын бұйыртқан зұлмат соғыстың өлшемі адам өмірімен, тағдырымен бағаланып, өте қымбатқа түскен жеңістің аяқталғанына 70 жыл. Бүгінгі жастардың болашағы, бақыты үшін, қан төккен аға - апалардың даңқы еш уақытта өшпейді! Олардың рухына біздер тізе бүгіп, бас иеміз!Сонымен қатар Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың туылғанына 90жыл!

Көрініс

Бейбіт өмір!Осынау сөздің астарында азааттық пен еркіндікті және бас бостандығын білдіретін үлкен мағына жатыр. Бұл сөзде қай халықтың болмысы жердің бүтіндігі мен елдің амандығы үшін, бейкүнә сәбилердің тыныш ұйқысын қорғау үшін небір тар жер тайғақ кешуден өткенін баяндайтын тарихы жатыр.Бейбіт өмір қалыптасқан жерде әрбір ұлттың жер бетінде жасауы да сан ғасырларға жалғаса бермек.

20 жылдық қалыптасу кезеңінде ұлттық әскер күштері азаматтардың еңсесін тіктеп, еркіндігін кеңейтіп, аянбай еңбек етуде. Әскеріміз жаңарып, оның күш-қуаты жылдан жылға нығаюда. Бұл күн - қайсар мінезді ата-бабамыздың жауынгерлік дәстүрінің заңды жалғас тапқан күні.

Әскери қызмет - әр азаматтың Отан алдындағы абыройлы борышы екені баршамызға белгілі. Соңғы жылдары әскер қатарына шақырылатын және азаматтық борыштарын өтейтін жастардың қатары сиреп барады. Оның себебі неде?

Оқушылар тарапынан сұрақтар.

  • Әскерге шақырушылардың денсаулығынан қандайда бір ақаулық табылған жағдайда әскерге қабылданбайды?

Қазақстан Республикасының Ұлттық Ұланының қатарында қызмет ету жастар үшін үлкен құрмет. Ұлттық Ұлан Мемлекеттік шараларды және мемлекеттік объектілерді қорғайды, шетелдік делегацияларды қарсы алады және шығарып салады, басқа да маңызды шараларды орындайды. Ұлан әскерлері өздерінің саптық бой түзетулері мен шеберліктерін көрсетеді. Ендеше, Ұланға қабылдану үшін қандай талаптар қойылады?

Ақын Мұхтар Шаханов:
...Жердің аман тұрғандығы,
Сол намысқой еркектердің арқасы...
Немесе
...Қайғы келсе жеңілмейтін,
Бақыт келсе, семірмейтін,
Ер мінезін қадірлейтін,
Еркектердің даңқы артсын!- деп жырға қосқан.
Арыстан айбатты , жолбарыстай қайратты, қырандай қырағы, намысқой, ер мінезді азаматтарымызға жігерлеріңіз мұқалмасын, асқақ шыңдарды бағындырып, қонар тұғырларыңыз биіктей берсін демекпіз!

Ән: Нұрпейісов Айкен «Алға, қазақ жігіттері»

Қазақ халқының тәрбие жүйесінде жас ұрпақты, қоғам мүшелерін Отанға, халқына, елге, жерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеп, мұны олардың бойына сіңіріп, қалыптастыру жетекші орын алады. Өйткені, Отан, халық, ел, жер деген ұғым өте ауқымды. Бұған шын мәнінде адамның бүкіл болмысының қатысы бар. Өзінің бүкіл халық болып, мемлекет болып құрылу тарихында талай тар жол, тайғақ кешулерді, басынан кешіріп үнемі шапқыншылардың шабуылына төтеп берумен өмірін өткізген халқымыз елді, жерді қорғаудың қадірін ерте түсініп, баласын ана сүтімен бірге Отанын сүюге және қорғауға тәрбиелеген.

  • Слайдта мектеміздің түлектері, қазіргі кезеңде әскери институтта қызмет жасап жүрген азаматтармен таныс болыңыздар.

  • Әскерге шақырылушы жастардың арасында әскери қызметке икемді жастар да жоқ емес. Отан алдындағы әскери борышын өтегеннен кейін келісімшарт арқылы әскери қызметке қалып қызмет жасап жатқан жастарымыз да бар. Оларға мемлекет тарапынан әртүрлі жеңілдіктер қарастырылған?

Әрбір ер азаматтың алдында Отанды қорғау деген қасиетті борыштың тұрғандығы белгілі. Еліміздің әрбір азаматы Отан алдындағы борышын өтеуге міндеттеледі.

Тәуелсіз мемлекетіміздің қорғаныс қуаты жылдан-жылға арта түсіп, әскери реформалар табысты жүргізілуде. Әскери саладағы оң өзгерістер Отанымызды қорғауды, Қазақстан халқының бейбіт өмірін қамтамасыз етеді. Қарулы күштеріміз осынау қасиетті борышқа адалдық танытып келеді.

Әрбір елдің болашағы өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, ержүрек, қайсар ел азаматын тәрбиелеуден бастау алады. Яғни бұл бастау мектеп табалдырығында қалыптасады .

  • Құрметті Нұргүл Назарқызы, қазіргі таңда аудан жастарымен , оның ішінде ер балаларымызбен қандай жұмыстар атқарылуда? Біздің ерлер қауымы белсенді ме?


  • Қазіргі жастардың түсініктері әр қилы. Кейбіреулері өзгелердің «әскер қатарында болғаннан қандай пайда, бекерге уақыт өткізесің»» дегендей теріс пиғылдағы насихаттың жетегінде жүрсе, енді біреулерінің ата-аналары баласының әскерге баруына карсылық білдіріп жатады. Осындай жалтарушыларға қолданылатын заң қандай?

Оқушылар сұрақтары

Ерлік - елдің туы.Ер қуаты қару болса, ел қуаты - батырлары, сақадай сарбаздары мен сардарлары.Халық қашанда қаһарман ұлдарын пана тұтқан. «Отан үшін күрес - ерге тиген үлес». Халықтың осы даналығы қайда жүрсек те қашанда жүрек дәптерінде, сана сахнасында сақтаулы жүрсе, қазақ баласы азаматтық парызын адал ақтауды ұмытпас.

Ән :Ермұратова Әсем «Қазақ елі»

© 2010-2022