«Отбасы – алтын діңгек»

Нақыл сөздер. 1.Отбасы –адамзат бесігін тербеткен баланың бас ұстазы.   2. Ұлтымызда «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің»   3.Ата – ана баласының түйсігіне қандай іс салса, бала сол жолмен жүреді.                                                                                   Дулат Бабатайұлы   4. «Бала тәрбиесі-бір өнер, өнер болғанда ауыр өнер, жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер»                                                                                        Мағжан Жұмабаев....
Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Нақыл сөздер.

1.Отбасы -адамзат бесігін тербеткен баланың бас ұстазы.



2. Ұлтымызда «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің»



3.Ата - ана баласының түйсігіне қандай іс салса, бала сол жолмен жүреді.

Дулат Бабатайұлы



4. «Бала тәрбиесі-бір өнер, өнер болғанда ауыр өнер, жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер»

Мағжан Жұмабаев.



































«Отбасы - алтын діңгек»

Мақсаты: Ата-аналар мен балаларды сайысқа қатыстыра отырып, олардың отбасылық тәрбие туралы білімдерін кеңейту, тәрбиенің үздік үлгілерін насихаттау.Ата-аналардың мектеппен, мұгаліммен, басқа ата-аналармен тұрақты қарым-қатынасын қалыптастыру.Мектеп - отбасы - бала қарым-қатынастың тиімді модельдерін іздестіру.

Түрі: Ата-аналар мен балалардан құралған топтар арасындағы сайыс түрінде өтеді.

Көрнектілігі: Әр отбасына арналған слайд-шоу, бейнесюжеттер, «Аңса, балам», «Бала арманы» әніндерінің минустары, құнсыз заттар.

Барысы:

Жүргізуші: «Қазақстанның болашағы жас ұрпақтың қолында. Ал, жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында»

Н.Ә.Назарбаев

Қазіргі заманның Қазақстандық қоғамында отбасының мәртебесін және рөлін арттыруда, жауапты ата-аналықты насихаттауда, отбасы тәрбиесінің өзекті проблемалық мәселелерін шешуде мектеп, мұғалімдер ата-аналарға жан-жақты көмек көрсетуде.

Бүгінгі біздің мектебімізде «Отбасы - алтын діңгек» атты сайыс ұйымдастырылып өткелі отыр. Олай болса, бүгінгі сайысқа қатысушы ата-анларымызды балаларымен бірге қошеметтеп ортаға шақырайық.

5-сынып:

6-сынып:

7-сынып:

8-сынып:

9-сынып:

11-сынып:

Жүргізуші:

Өнерпаздар өнерін салыстырып,

Бәйге үшін терлетер шабыстырып.

Әділдікті қолдайтын баға беріп,

Жіберейік қазыларды таныстырап.

Бүгінгі сайыстың әділ бағасын беріп, жеңімпазын анықтайтын әдіқазылар алқасымен таныс болыңыздар.

1)

2)

3)

Сайыс 5 балдық жүйемен бағаланады.

Жүргізуші:

Аналар бар өнерін салары анық,

Өнегелі тәлімді алған қанып.

Ал ендеше таныстырып өтейін мен,

Бөлімдерін сайыстың бөліп жарып.

Сайыс бағдарламасы төрт бөлімнен тұрады:

1 бөлім - Таныстыру

2 бөлім - Үй тапсырмасы

3 бөлім - Ситуациялық жағдаяттарды шешу

4 бөлім - «Жалғасын тап» мақал-мәтелді аяқта.

5-бөлім - Отбасылық өнер

Отбасымыз келіп жетті танысуға,

Сыпырды томағасын осы дұға.

Қызып келген қырандай керілтеді,

Әдеппенен ізетпен танысуға.

Әрбір отбасы өздерін таныстырып өтеді.

1 бөлім - Таныстыру. Бұл бөлім екі критерий (өлшем) бойынша бағаланады. Олар: шығармашылық, сөйлеу мәнері.

Жүргізуші: Әділ қазы мүшелерінен таныстыруға берген бағаларын сұрасақ.

Ата-аналардың тілегі,

Адам болып өскенің,

Адамдықтың тірегі,

Адал болып өскенің - демекші ата-ана мен баланың дайындаған үй тапсырмасын тамашалайық. Бұл бөлім екі критерий (өлшем) бойынша бағаланады. Олар: тақырыптың ашылуы, әртістік шеберлігі.

Жүргізуші: Балалардың армандары бүкіл адамзатқа ортақ. Қай тілде бала сөйлемесе де, оның болашағы, аңсаған арманы, кейін мақсаты ата-анасына байланысты. Бұл сайысты Мұхтар Шахановтың «Арман» өлеңінің жолдарымен аяқтағым келеді:

Мәңгі лаулап жану үшін ғаламда,

Үлкен бақыт табу үшін ғаламда,

Үлкен болып қалу үшін ғаламда,

Үлкен арман керек екен адамға.

Әділ қазы мүшелерінен үй тапсырмасына берген берген бағаларын сұрасақ.

Досы көпті жау алмайды,

Ақылы көпті дау алмайды - деп, сайысымыздың 3 бөлімі - «Ситуациялық жағдаяттарды шешу». Мұнда берілген жағдайды отбасылар пікір алмасу түрінде ойларын айтып, нұсқа береді. Бұл бөлім үш критерий (өлшем) бойынша бағаланады. Олар: тақырыптың ашылуы, орындау шеберлігі, тақырыптың өзектілігі.

1 жағдай -

Әділ қазы мүшелерінен жағдаяттар сайысына берген бағаларын сұрасақ.

Өзінің алғырлығын ұғындырып,

Көрсетер көп іздеген мығым қылық,

Келесі бұл сайыстың жоспарында,

Түседі бәйгеге білімділік

- деп, сайысымыздың 4 бөлімі «Жалғасын тап» сайысына келіп жеттік. Бұл сайыста ата-аналар мен оқушылар мақал-мәтелді дұрыс аяқтауы тиіс. 4-бөлім екі критерий бойынша бағаланады: дұрыс жауап беру және шапшаңдық.

Әділ қазы мүшелерінен 4 бөлімге берген бағаларын білсек.

Кедеймін деп қысылма,

Өнерің болса қолыңда.

Өнерлінің ырысы,

Жарқырап жатыр жолыңда - дей келе сайысымыздың 5-кезеңін бастаймыз. Отбасыларымыздың өнерін тамашалайық.

Әділ қазы мүшелерінен таныстыруға берген бағаларын сұрасақ.

Сайысты Василий Александрович Сухомлинскийдің сөзімен аяқтағым келеді: «Тек қана ата-аналармен бірге, жалпы күш- жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бағыт беруі мүмкін»

Жүргізуші:

Әділ қазылар мүшелері сайыстың қорытындысымен таныстырып, марапаттау рәсіміне көшейік.

© 2010-2022