Ашық сабақ қазақ әдебиеті 6-сынып

Раздел Другое
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Мақал- мәтелдер. 2-сабақ.

Сабақтың мақсаты: білімділік - оқушылардың мақал-мәтелдер туралы білім, білігін тереңдету; дамытушылық - оқушылардың тіл байлығын арттыру, өзіндік ойын дәлелдеуге тұжырымдама жасауға жетелеу; тәрбиелік - ана тілін ардақтап бағалай білуге, сөз қадірін терең ұғуға тәрбиелеу;

Түрі: алған білімді меңгертуді жалғакстыру.

Әдіс-тәсілі: топтастыру, талдау, салыстыру, ой қорыту.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі

Сабақтың эпиграфы:

«Бірлік болмай, тірлік болмас»

(қазақ мақалы)

Сабақтың барысы.

I Ұйымдастыру. Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.

Шаттық шеңбері «Қуаныш гүлі»

  • Мен саған осы гүлді сыйлап, сәттілік тілеймін...

Үй тапсырмасы бойынша бұлтшалардағы тапсырмаларға жауап беру.

Ашық сабақ қазақ әдебиеті 6-сыныпВидеоролик «Мақал-мәтелдер»

  • Видеороликте не туралы айтылған?

  • Қандай тақырыптағы мақалдар көрсетілді?

  • Сендер қандай мақалдар білесіңдер?

  • Бұл видеороликтегі мақалдар біздің сабақтың эпирграфына дәл келеді, ендеше біз әрдайым тату болайық!

II. Жаңа сабақ.

Мақал-мәтелдер - халық даналығының, көрегендігінің айнасы тіл байлығының алтын қазынасы. Мақал-мәтелдер - өмір шындығының көрінісі, халықтың кейінгі ұрпаққа қалдырған өсиеті, өмір сүру әрекетінің ережесі.

«Сөздің көркі - мақал» деп тегін айтылмаған. Мақал-мәтелдерді адам баласы өзі айтайын деген оймен орайластырып орынды қолданса, сөзі мірдің оғындай өткір, көңілге қонымды көркем әрі бейнелі болады. Мақал-мәтелдер аз сөзбен терең мазмұнды бере алады. Оны мына видеороликтен тамашалап, көз жеткізейік.

Мақал - халықтың өмірде алған тәжірибесінің, ой-тұжырымының қорытынды жиынтығы, айқын ойды үлгі-өнеге, ақыл ретінде қысқа қайырып, көркем бейнелеп жеткізетін халықтың дана, нақыл сөзі.

Мақал-мәтелдер қосарлана айтылғанымен, олар бір-біріне туыс болғанмен, екеуінің өзара айырмашылықтары бар. Ол айырмашылықтар мақал мен мәтелдің ойды түйіндеу жағынан да, құрылымы жағынан да байқалады. Мысалы: «Тоқпағы күшті болса, киіз қазық жерге кірер» деген мақалды алсақ, бұл мақал екі жай сөйлемнен тұрады.

Мәтел құрылысы ойды түйіндеу жағынан мақалдан өзгешерек. «Әлін білмеген әлек», «Көппен көрген ұлы той» деген мәтелде тұспал ғана бар, мағына ашық емес, қорытынды пікір жоқ. Оны, бейнелі сөз айшығы арқылы берілген ойды тыңдаушы өзі топшылайды. Мәтелде тиянақты тұжырым болмайды.

Мақал-мәтелдерді одан әрі тереңірек меңгерту үшін сабақты «Жарыс сұхбат» түрінде өткіземін. Ол төмендегідей.

1. Кім көп мақал-мәтел біледі? (әр алуан тақырыпта қамтылған)

2. Суреттерді көрсете отырып, мақал-мәтел айтып бер. (достық, отбасы, кітап, еңбек, отан, батырлық, тәрбие)

Қызықты грамматика. Кім Мақалбай атай болғысы келеді?

Мақалбай атай болған бала халықтың мақал-мәтелдері нені үйретеді, немесе неге уағыздайды дегенді түсіндіріп, төмендегі үлгі бойынша берілген мақалдардың тақырыбын тауып жазуы керек те , өзі ойлап әр тақырыпқа сәйкес бір мақал айтып, жолдастарының мақал жайындағы сұрақтарына мүдірмей жауап беруі шарт.

Осы шартты орындап шыққан бала «Мақалбай атай» атағын алады.

Мақалдар

Не жайында? (тақырыбы)

  1. Еңбек адамның екінші анасы.

  2. Білімсіз күнің жоқ.

  3. Өнерлі өрге жүзер,

  4. Ер - ел қорғаны.

  5. Отансыз адам - ормансыз бұлбұл.

  6. Досы көпті жау алмайды.

  7. Әдептілік, ар - адамдықтың белгісі.

Өзіндік тапсырмалар орындау.

  1. Сан есім кездесетін мақал-мәтелдер жаз.

  2. Сын есім кездесетін мақал-мәтелдер жаз.

IV. Бекіту.

Оқушыларды іздендіре отырып, кестені толтыру.

Мақал - мәтелдер

Тақырыптары

1

Денсаулық - зор байлық

.....

2

.. .....

Өнер - білім

3

Досы көпті жау алмайды, .....

.....

4

.. .....

Еңбек

5

Ата көрген оқ жонар, .....

.....

6

.....

Ынтымақ, бірлік

7

Ерді намыс өлтіреді, .....

.....

Ашық сабақ қазақ әдебиеті 6-сыныпРефлексия. «Смс»

Үйге тапсырманы тақтаның артына алдын ала жазып қою. Бағалау



© 2010-2022