«Ар-ұждан ілімі» – бүгінгі таңда «Өзін-өзі тану» пәні

Раздел Другое
Класс 6 класс
Тип Статьи
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


«Ар-ұждан ілімі» - бүгінгі таңда «Өзін-өзі тану» пәні



Рухани-адамгершілік білімнің маңыздылығы жайында ұлы қазақ классиктері де айтып өткен. Шәкәрім Құдайбердіұлы ғалымдарға «Ар-ұждан ілімін» әзірлеп, оны барлық білім беру ұйымдарына міндетті пән ретінде енгізу жөнінде ұсыныс айтқан. Бүгінгі таңда Шәкәрім Құдайбердіұлының арманы жүзеге асты деуге болады, себебі, Қазақстанның барлық жалпы білім беретін мектептерінде өткізілетін өзін-өзі тану сабақтары -ар-ұждан сабақтары болып табылады.

Осы пәннің қазақ еліне енуіне идея авторы Сара Алпысқызының үлесі зор. «Бөбек» ұлттық ғылыми - практикалық, білім беру және сауықтыру орталығының қолдауымен, ІІІ базалық деңгейлік курсын оқып, өзіме көптеген сабақтар алдым.

Білім алушыларға тек компьютер мен шет тілдерді үйретіп қана қоймай, мына тылсым дүниеде өзінің ішкі жан дүниесіне үңіліп, өз бойындағы жалпыадамзаттық құндылықтарды дамытуымыз қажет. «Адамның жақсы өмірінің негізінде билігі бәріне жүретін үш қасиет жатыр: адал еңбек, ар-ұжданды ақыл-ой, шынайы жүрек. Бұларсыз өмірде тыныштық пен келісім табылмайды» - деген, Шәкәрім Құдайбердіұлы. Жүрек, бас, қол біріккенде ғана, алдымен өзімді, жанұямды және шәкірттерімді рухани деңгейде ар-ұждан дауысын ести алатындығын ұғындыруым қажет.

Шәкәрім баба, Сізге қарап бой, ой, сөзімді түзеймін.

«Жеңіс» негізгі орта мектебі

өзін-өзі тану пәні мұғалімі: Суханова Алтынай

Абдраманқызы

© 2010-2022