Шерхан Мұртаза Тұтқын бала атты ашық сабақ

Раздел Другое
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ақтөбе облысы, Алға ауданы
Тамды орта мектебі І біліктілік санатты
қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі
Қайрғалиева Сұлу Жақсылыққызы

Сабақтың тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Тұтқын бала» («Қызыл жебе» романынан)
Сабақтың мақсаты: 1. Шығарма арқылы Тұрар бейнесін талдау жасау, терең түсіне білуге, қызыға оқуға жетелеу.
2. Дамытушылық: Болжау арқылы ойлау қабілеттерін, қиялын дамыту, шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру.

3. Тәрбиелік: Шығарма арқылы оқушыларды ата - анасын қадірлеуге, елін - жерін сүюге, намысшылдыққа, төзімділікке, қайсарлыққа сондай - ақ, білімнің шыңының зор екендігін түсінуге тәрбиелеу
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту
Әдіс - тәсілі: сыни тұрғыдан ойлау, өз пікірін айту, ой - белсенділігін арттыру, сұрақ - жауап, слайдпен жұмыс.

Пәнаралық байланыс: География, тарих.
Көрнекіліктері: электронды слаидтар, электронды окулық.

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды сабаққа даярлау, назарын аудару.

І. Қызығушылықты ояту

«Ой қозғау» стратегиясы.

  • Шерхан Мұртазаның өмірі…

Шерхан Мұртаза 1932 жылы Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Мыңбұлақ аталатын ауылда дүниеге келген. Талапты жас онжылдықты бітірген соң, М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің журналистика факультетіне оқуға түседі.

Шерхан Мұртазаның балалық бал дәурені соғыспен тұспа- тұс келіп, шығармаларында қоғамның ащы шындығын кестелеп, соғыс жылдарындағы қиыншылықтар мен ауыл адамдарының әр алуан тағдырларын баяндап, ел басына қаралы қасіретті күн туған, сүттей ұйыған өмір жарастығын алай-дүлей бұзған, бақыттыны бақытсыз еткен соғыс жылдарындағы қазақ ауылы мен тұрмысын аянышты тағдырын әңгімелейді.

  • Жазушының шығармашылық жолы…

Шерхан Мұртазаның балалық бал дәурені соғыспен тұспа- тұс келіп, шығармаларында қоғамның ащы шындығын кестелеп, соғыс жылдарындағы қиыншылықтар мен ауыл адамдарының әр алуан тағдырларын баяндап, ел басына қаралы қасіретті күн туған, сүттей ұйыған өмір жарастығын алай-дүлей бұзған, бақыттыны бақытсыз еткен соғыс жылдарындағы қазақ ауылы мен тұрмысын, қазақ әйелдерінің аянышты тағдырын әңгімелейді.Бұл туындыларының қатарына «41-жылғы келіншек», «Мылтықсыз майдан» повесі, «Бір нәзік сәуле», «Жүз жылдық жара», «Аманат, «Қызыл жебе» романдарын, "Сталинге хат", "Бесеудің хаты" пьесаларын жатқызамыз.

ІІ. Мағынаны тану

-Бүгінгі өтетін тақырыбымыз Шерхан Мұртазның «Қызыл жебе» романынан алынған үзінді «Тұтқын бала» әңгімесімен танысамыз. Бұл әңгіме кешегі өздеріңіз оқыған М.Әуезов «Қараш-Қараш оқиғасы» хикаятының жалғасы іспеттес. Шерхан Мұртазаның «Қызыл жебе» романы жазушының белгілі қоғам қайраткері Тұрар Рысқұловтың өміріне арнаған шығармасы.

Әңгімені электронды оқулықтан тыңдату.

Мәтінді бөліктерге бөліп, сұрақтар арқылы жұмыс жүргізу.

1- мәтін. Рысқұл не себепті түрмеде жатыр? Приходько мырза Рысқұлдың тілегін қабыл алғанда қандай мақсат көздеді деп ойлайсыз? Приходько мырза Тұрарды қайда жұмсауы мүмкін?

2- мәтін. Аркаша мен Наташаны гимназияға әкеліп тұрған Тұрар осы сәтте не ойлауы мүмкін:

3- мәтін. Тұрар түрменің ауласын тазартамын деп жүріп, қарғыс пен қасіреттің гимініндей естілген кісеннің салдырынан елең етіп тұтқындарға қараймын дегенде үйме тезегі бар арбасын құлатып алады. Мұны көріп тұрған надзиратель Тұрарға не деуі мүмкін?

4- мәтін. Ірің көз надзирательдің ашуының қабы ашылып кеткендей Тұрарды алқымынан алып, жерде шашылған тезек қиларын тұмсығымен тазартпақ болып төніп тұр. Сіздің ойыңызша бұл сәтте Тұрарға кім арашашы болуы мүмкін?

Сөздік жұмысы

Камера- түрмеде кісі қамайтын жеке бөлме.

Губернатор- патшалық Ресейде арнаулы бір облыс бастығы.

Надзиратель- тәртіптің бұзылуына жауапты адам, бақылаушы

Гимназия- революцияға дейінгі Ресейдегі орта дәрежелі оқу орыны.

Кафедральді собор- қаладағы және монастырдағы ең үлкен шіркеу.

Кісен - қолға, аяққа салынатын темір бұғау, тұсау.

Шығарма кейіпкерлері
Иван Прокурор Семашко
Владимирович Айбаров
Атамырза Қырғызбай,
Нағашы жұрты
Әліпбек, орыс жігіті
Тұрар Рысқұлов
Бала Тұрар
Қорытынды:

Тұрар кім? Шығарманы оқу барысында Тұрар бойынан қандай қырларды көре алдыңдар осы төңіректе ой бөлісейік.
1. Тұрар - сезімтал.
2. Тұрар - еңбекқор.
3. Тұрар - ұғымтал, білімге құштар, арманшыл.
4. Тұрар - намысшыл т. б.
ВЕНН диаграмма
Бала Тұрар
Тұрар Рысқұлов салыстыру

- Бүгінгі сабақтан қанатына қырау қатқан Тұрардың балалық шақтағы қиын тағдырына ортақтастық. Тұрар да қиындықтардан шыңдалып, жақсылыққа жеткен екен. Келесі сабақта оның білім алу жолындағы таудай талабына куә боламыз.

Бағалау.

Үйге тапсырма: бөлімдерін мазмұндау. «Елі үшін туған ер еді» шығарма жазу

© 2010-2022