Мұғалімдерге арналған олимпиадалық әзірлеме

Раздел Другое
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жүргізуші

Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкірт жандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық та - ұстаздық мамандық. Бүгінгі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеуі керек. Ол нағыз ұстаздың ғана қолынан келеді.

Мұғалімдерді шығармашылық белсенділікке ынталандыру ,кәсіби шеберлік деңгейді арттыруға уәж жасау,шығармашылықпен айналысатын мұғалімдерді қолдау мен мадақтау ,ғылыми білімді насихаттау мақсатында қазақ тілі мен қазақ әдебиетінен дәріс беретін мұғалімдер арасында өткізілетін олимпиадаға

Қош келдіңіздер, Құрметті қонақтар мен ұстаздар!

Ұстаз деген - жарық күні ғаламның,

Ұстаз деген - анасы ол адамның.

Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,

Сен де одан адам болып жаралдың.

Ұстазыңды түсінген сен тереңнен,

Бар әлемге еңбегімен еленген.

Сенің бағың өрге қарай өрлесе,

Ол да бірге қуанышқа кенелген.

Сол арқылы сен де өмірді жалғадың,

Ізгі іс қой, ұстаз тілін алғаның.

Мақтау алсаң ұстаздардың алдында,

Ол өзіңнің орындалған арманың.

Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,

Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып.

Ұстаз деген - ұлылардың ұлысы,

Қасиеті бас иелік мәңгілік!

Балаларды білім нәрімен сусындатқан олимпиадаға қатысушы ұстаздарымыз ортамызға шақырайық :

1 қатысушы Ұлылықтың ұйытқысынан жаралған, Өнегеңнен барлық шәкірт нәр алған.

2. қатысушы Биік сенің ұстаздық қасиетін,Мінезің жоқ қиынға бас иетін

_________________________________________________________________

3.қатысушы Білім бердің,аяладың жасынан,Шәкірттерін сипайтұғын басынан

__________________________________________________________________

4 қатысушы Қолыңда шәкіртіңнің бала шағы. Өмірді алға қарай өрлететін,

__________________________________________________________________

5 қатысушы Сөйлесіп шәкіртімен тіл қатады,Шешіліп кейде достай сырласады

__________________________________________________________________

6 қатысушы Мәнге толы ұстазымның ғұмыры,Сан шәкірттің ашылып тұр тұғыры.

__________________________________________________________________

7 қатысушы Ақыл-шырақ,қара түнді ашатын,Білім жарық,оқуға шашатын

___________________________________________________________________________

8 қатысушы Ұстаз шебер қисықтарды жөндейтін,Тентектерді ақылменен емдейтін

__________________________________________________________________

9 қатысушы Білім, өнер жолыменен ақылды,Үйретуді парасатпен береді.

_________________________________________________________________

10 қатысушы Тамаша көңіл - күйімен, Жаманның жолын күйреткен.

__________________________________________________________________

11 қатысушы Тілдестіріп шәкіртін даналықпен Жаны жақын ізгілік ,жаңалықпен

__________________________________________________________________

12 қатысушы Биік сенің ұстаздық қасиетін,Мінезің жоқ қиынға бас иетін

_____________________________________________________________-____

13 қатысушы Ұстаздарым жұрт аузына қараған,Білім нәрін өздеріңнен тараған___________________________________________________________

14 қатысушы Биік қойған парасат пен тәлімді,Мәртебелі ұстаздықты таңдаған

__________________________________________________________________

15 қатысушы Шәкіртпен мәңгі жайнап бір күлсін,Ұстаз мәңгібіреу емес,мың гүлсің

__________________________________________________________________

16 қатысушыТәуелсіз мемлекеттің мұғалімі,Өзіңменен бала өмірі басталады.

__________________________________________________________________

17 қатысушы Өздеріңнен алған білім бар адам,Туған елдің құрметіне жараған

__________________________________________________________________

18 қатысушы Сен - ертеңгі бәйтерек болашақтың Бүгінгі күн тер төккен бағбанысың.

__________________________________________________________________

19 қатысушы Шәкіртіңнің болашақ биігінің Іргетасын алдымен сен қаладың.

__________________________________________________________________

20 қатысушыЖүзіңде боп мейірімнің нұры басым, Бала жанын байыппен ұғынасың.

__________________________________________________________________

Жүргізуші

«Әннің де естісі бар,есері бар

Тыңдаушының құлатын тесері бар»-деп ұлы Абай данамыз жырлағандай тәтті әніміз ,құрметті ұстаздар, сендерге арналады

« » орындаушы _______________________

Қазақстан Республикасының Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың өзі де : «Болашақта еңбек етіп,өмір сүретіңдер - бүгінгі мектеп оқушылары,мұғалім оларды қалай тәрбиелесе,Қазақстан сол деңгейде болады.Сондықтан ұстазға жүктелген міндет ауыр»-деген болатын

Шеберлікті,білімді

Сараптап сіздер көріңіздер.

Әділ қазы алқасы

Әділ баға беріңіздер-

дей отырып сайыскерлерге әділ баға беретін әділ қазылар алқасымен таныстырайық!


  1. ҚББ әдістемелік кабинеттің меңгерушісі- Костомарова Елена Витальевна;

  2. ҚББ әдіскері -Бурбаева Айнажан Халихановна;

  3. Рудный педагогикалық әлеуметтік колледжінің қазақ тілі пәні мұғалімі-Сүинкина Пиалаш Балтақызы;

  4. Рудный педагогикалық әлеуметтік колледжінің қазақ тілі пәні мұғалімі -Жұматаева Зибагүл Жұмағалиқызы;

  5. Рудный қаласы әкімдігінің «Қалалық тілдерді оқыту орталығы» МКҚК әдістемелік кабинетініңжетекшісі-Джамбурчина Жанна Ермановна

Алғы сөзді ҚББ әдістемелік кабинеттің меңгерушісі Костомарова Елена Витальевнаға ұсынамыз.

/////////////////////////

Келесі сөз Олимпиада ережесімен таныстыра өтетін ҚББ әдіскері - Бурбаева Айнажан Халихановнаға беріледі

///////////////////////////

Жүргізуші : Құрметті ұстаздар, Олимпиаданың екінші бөлімі 204 кабинетте өткізіледі.

////////////////////////

Ұстаз болу - жүректің батырлығы,

Ұстаз болу - сезімнің ақылдығы.

Ұстаз болу - мінездің күн шуағы,

Ұстаз болу - адамның асылдығы,

1 кезең Өзінің тұсаукесері «Мен және менің мамандығым» (Менің идеям және оның ішінде мен Бұл мамадықты не үшін таңдадым? Педагогикалық идеяларды ,өмірлік басымдылықтар,оқушыларға әріптестеріне,мектеп өміріне қатысы) Регламенті 5 минут.

----------------------------------------------------------------------------------------------------

Туған елім - тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сыр ойдағы,

Өссе тілім, менде бірге өсемін,

Өшше тілім, мен де бірге өшемін! - деп , ақын Әбілдә Тәжібаев ағамыз жырлағандай тіл қай елде болса да қастерлі, құдіретті.

2-ші кезең Бүгінгі олимпиадаға қатысып отырған мұғалімдеріміздің тіл байлығы мен сабақ берудегі үндестігін байқау кезегі келді. Қазір ұстаздарымыз эссе жазуға кіріседі .Уақыт 30 минут

----------------------------------------------------------------------------------------------------

«Мұғалім - мәңгі нұрдың қызметшісі,ол барлық ісі мен қимыл әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп,нұр құятын тынымсыз лаулаған жалын иесі»Ендеше ,ой қимыл-әрекетін бір арнаға жұмылдырып тоғыстыра білетін мұғалімдерімізді тестілеу кезеңіне шығарып салайық

Уақыт 40 минут

----------------------------------------------------------------------------------------------------

Педагогикада «жағдаят» ұғымы балаға тәрбиелік әсер мүмкіндігімен салыстырылып, баланы тәрбиелеумен, дамытумен, қалыптастырумен байланысы оны педагогикалық қызмет деңгейінде қарастыруға мүмкіндік береді.

Кезінде көне қытай ғұламасы Конфуций «Маған айтып берсең - ұмытып қаламын, көрсетсең - есте сақтармын, ал өзіме жасатсаң - үйренемін!» деген тұжырымында, студенттің педагогикалық жағдаяттарды өз бетінше шешу әрекеті яғни, адамның жадында бірінші кезекте тек өз бетінше жасаған әрекеті қалады екен.

Сонымен ең соңғы кезең Педагогикалық ситуациялар.

Құрметті сайыскерлер ,Сәттілік тілейміз!

----------------------------------------------------------------------------------------------------

Жүргізуші

Құрметті ұстаздар әділқазылар алқасы бүгінгі олимпиаданың жеңімпаз мұғалімдерін анықтау үшін сіздерді акт залына шақырамыз

---------------------------------------------------------------------------------------------------

Марапаттау кезі

Туғанда дүние есігін ашады өлең

Өлеңмен жер қойнына кірер денең

Дүниедегі қызығыңның бәрі өлеңменен

Құрметті қонақтар мен ұстаздар тамаша әнімізді сіздерге ұсынамыз

« » орындаушы

-------------------------------------------------------------------------------------

Білімнің мініп алып тұлпарына,

Қиналмай шықты білім шындарына.

Бүгінігі сайысымыз аяқталды,

Сөз кезегі әділқазы алқасына.

Әділқазылар алқасы бүгінгі олимпиаданың жеңімпаздарын мақтау қағазы мен бағалы сыйлықтармен марапаттайды.

5

© 2010-2022