• Преподавателю
  • Другое
  • Разработка анализа урока учителя казахского языка и литературы на тему Сабаққа өзіндік талдау

Разработка анализа урока учителя казахского языка и литературы на тему Сабаққа өзіндік талдау

Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Сабаққа өзіндік талдау

Мұғалімнің аты - жөні Қозбағарова Лиза Ешназаровна

Пән: қазақ тілі

Сынып 9

Сабақтың лексикалық тақырыбы: Қазақтың салт-дәстүрлері

Грамматикалық тақырыбы : Салалас құрмалас сөйлем

Берілген сабақты жоспарлау барысында оқушылардың ерекшеліктері ескеріледі. Сабақ тақырыбы типтік бағдарлама және стандартқа сәйкес жоспарланып ұйымдастырылған. Себебі тақырыптардың мерзімді өткізі- луі және оқушылардың сыныптар бойынша білуге тиісті міндеттерді орындалуына тапсырмалардан құрылған..

Сабақтың дидактикалық мақсаттары. Сабақ - мұғалімнің шығармашылық еңбегі болғандықтан, кез келген ұстаз өз сабағында дидактикалық (білімділік, тәрбиелік, дамытушылық) мақсаттардың нақтылығына баса назар аударады. а)Салт-дәстүрлері халықтың өмір-тұрмысынан, шаруашылық тіршілігінен, қалыптасқан қоғамдық қатынастарынан екендігі туралы түсінік беріліп, оқушылар салалас құрмалас сөйлемнен алған білімдерін тиянақтады. ә) Дамытушылық: Оқушылардың ұлттық мәдениеттке деген қызығушылықтарын оята отырып, өз көзқарастары мен пікірлерін ортаға салуға,шығармашылық ізденістерін арттыруға дағдыландыру,тұлғалық қасиеттері қалыптасқан өнегелі жеке тұлға қалыптастыру оқушылардың қойылған сұрақтары түсіну, дұрыс жауап беру, өздігінен ойлап, талдай білу дағдыларын дамыту.

б) Тәрбиелік.Ұжымшылдыққа, өзара татулыққа, ел тарихы мен мәдени мұраларды, салт-дәстүрлерді сақтауға баулу, азаматтыққа, ұлтжандылыққа , адамгершілікке, елін сүюге тәрбиелеу.

Сабақ Қазақстан тарихы, өнер, қазақ әдебиеті пәндерімен пәнаралық байланыста, оқушылардың жеке, ұжымдық әрекеттері арқылы жүзеге асырылды.

Оқушылардың қызығушылығын ояту мақсатындағы Елбасы Н.Назарбаевтың сөзімен бастаған мұғалімнің кіріспе сөзімен басталған сабақ интерактивті оқыту әдісі арқылы, сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдануымен өтті. Бұл технологияны қолдану оқытудың негізгі принциптерін (ынтымақтастық, ізденімпаздық, көрнекілік) орындалуына жағдай жасады.


Сабақта қолданылған әдістер сөйлесу, әңгімелесу (оқушылардың наза- рын сабаққа аудару үшін, кезеңдерді талдау үшін); көрнекілік (оқушылардың танымдық - қызығушылық әрекеттерін іске асыру үшін); практика- лық (шағын жоба қорғау, кесте бойынша сөйлем құрату жасырынған сөзді табу, дұрыс жауабын анықтау); логикалық , интерактивтік әдістер.

Сабақта сын тұрғысынан ойлау, ақпараттық комуникациялық технология лардың элементтері қолданылады.

Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет, өнер ән - күй сабағы.

Сабақтың көрнекілігі: кітаптар көрмесі , интерактивті тақта, мультимедиялық комплекс, кестелер


Сабақ негізгі 6 кезеңнен тұрады.

I. Ұйымдастыру кезеңі

II. Жаңа материалды игеруге дайындық кезеңі сұрақ-жауап әдісі арқылы модуль бойынша өткедні еске түсіру.

III. Жаңа материалды меңгеру кезеңі

Бұл кезеңде жаңа материалды түсіну үшін арналған интерактивті тақта, нұсқау карталары, слайд схемалар , кестелермен жұмыс әдістері қолданылды.

IV.Түсінігін тексеру кезеңі (шығармашылық жұмыс,топтастыру стратегиясы және кубизм стратегиясы бойынша жұмыстар жүргізілді)

V. Үй тапсырмасы Бұл кезеңде негізгі тапсырмадан басқа шығармашылық тапсырма берілді.

VI. кезең Рефлексия. Сабақтағы оқушының және мұғалімнің іс әрекетіне өзіндік баға берілді.

Сабақтың түйіні Сабақ көзделген мақсатқа жетті, әр сабақ барысындағы кезеңдер байланысты болды.


© 2010-2022