Ашық сабақ Тазалық-денсаулық кепілі

Раздел Другое
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Тазалық - саулық кепілі

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік:Тазалық туралы әңгіме жүргізу, ақыл-ойларын, сөйлеу дағдыларын дамыту.

2. Дамытушылық: оқушылардың сөйлеу қабілеті мен танымдық деңгейін арттыру, сөздік қорын байыту. Дұрыс сөйлем құру, сауатты жазу мәдениетін дамыту.

3. Тәрбиелік: Денсаулықтарын, тазалықты сақтауға тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, мәтінмен жұмыс, тапсырмалар орындау.

Сабақтың түрі: жаңа білім беру сабағы.

Сабақтың әдісі: ой қозғау «миға шабуыл», сұрақ-жауап, сөйлесу, іздендіру.

Сабақ көрнекілігі : компьютер, ноутбук, интерактивті тақта.

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.(Денсаулық туралы мақал-мәтелдер)

Сабақтың тақырыбына шығу. (Видеоролик арқылы)

Сабақтың мақсатымен, барысымен таныстыру.

ІІІ. Жаңа тақырып

1.Денсаулық туралы кіріспе сөз.

2.Мәтінмен жұмыс.

Тыңдалым: (Мұғалімнің дауысымен жазылған мәтінді 2 рет тыңдайды)

Тазалық-денсаулық кепілі

Адам баласы денсаулығы мықты болуы үшін тазалықты сақтау керек. Таң сәріден жатар мезгілге дейін гигиеналық талаптарды мұқият орындау керек. Ең бірінші - ұйқыдан оянғанда, жуынып, тіс тазалау, жаттығулар жасап, сергектікті сақтау керек. Күні бойы қайда жүрсең де, тазалықтың ережелерін ұмытпау керек. Ережелер: ас ішер алдында қолыңды жуу, тамақтың әзірленуінде тазалықты міндетті түрде сақтау, көкөніс, жеміс-жидектерді қанша қызықтырса да, жуып қана жеу, көпшілік орындарынан қайтып келгенде, міндетті түрде беті-қолды жуу, жатар алдында жеке гигиеналық талаптарды орындау. Өз денсаулығын ойлаған адам осы ережелерді қадағаласа жөн болады.

3. Сөздікпен жұмыс.

Таныс емес сөздерді табу. Сөздік арқылы аудармасын айту.

Жаңа сөздермен сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастыру. (Ауызша)

Сөздік:

тазалық - чистота

денсаулық кепілі - залог здоровья

мықты болу үшін - чтобы стать сильным

гигиеналық талаптар - гигиенические требования

орындау керек - надо выполнять

тазалықтың ережелерін - правила чистоты

сақтау керек - нужно сохранить

ұмытпау керек - нужно не забывать

көпшілік орындары - общественные места

4. Мәтінді оқушылар өздері оқып шығады, жоспар құрастырады.

Сергіту сәті:

5.Үлгі бойынша сұхбат құрастыр.

- Сіз зиянды нәрселер мен пайдалы нәрселерді ажырата білесіз бе?

- Иә, мен оларды ажырата білемін.

- Зиянды нәрселерге не жатады?

- Зиянды нәрселерге ...,....,..... жатады.

- Пайдалы нәрселерге не жатады?

- Пайдалы нәрселерге ....,....,..... жатады.

- Сіз балаңызға, (қызыңызға) қандай нәрселерді үйретесіз?

- Мен балама, (қызыма) пайдалы нәрселерді үйретемін.

6.Деңгейлік тапсырмаларды орындайды.

ІІІ- деңгей

1.Төмендегі сөздерді қандай сөздермен тіркестіруге болатындығын көрсет.

түнгі пайдалы

ұйықтау ұйқы

жақсы денсаулық

уақытымен зиян

ұйқының серуендеу

2. Мәтіндегі сөйлемдерге сұрақтар қой.

ІІ-деңгей

  1. Берілген сөздерді кестеге толтыр.

Арақ ішу, темекі тарту, спортпен шұғылдану, дұрыс тамақтану, дұрыс киіну, есірткі пайдалану, уақытымен ұйықтау.

Пайдалы нәрселер

Зиянды нәрселер

2. Мәтіннен сан есімді тауып, түрлерін ажырат

І- деңгей: «Тазалық -денсаулық кепілі» тақырыбына тірек сызба құрастырып, оны қорғау. (Айтылым)

7. Тақырып бойынша диалог құрастыр.

ІV. Қорытынды (сұрақтар қою арқылы бір-бірін тексереді)

Сұрақтар.

1. Денсаулық жақсы болу үшін не істеу керек?

2. Тазалық, денсаулық кепілі, дегенді қалай түсінесің?

3. Тазалық туралы қандай мақал білесіңдер?

V.Бағалау (бағалау парағы арқылы)

VІ.Үйге тапсырма беру. (Оқушылар деңгейлері арқылы тапсырмаларды таңдап, орындайды)

1.« Тазалық-денсаулық кепілі» тақырыбына диолог құру:

2. Тазалық, денсаулық сөзіне фонетикалық талдау жасау:

3.Жаңа сөздерді жаттау, 125 бет.4- тапсырма..

Рефлекция.

Не сәтті?

Не сәтсіз?



© 2010-2022