Сочинение на тему Мен қазақстандықпын!

Раздел Другое
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сочинение на тему Мен қазақстандықпын!

Қарағанды облысы, Балқаш қаласы

Н.К. Крупская атындағы №4 ОМ

8 «Б» сынып оқушысы

Алиева Зарина

Жетекшісі: Джуматаева П.М.

Мен қазақстандықпын!

Қазақстан - тәуелсіз мемлекет. Отанымыздың Елбасы - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Ол сонымен қатар біршама кітаптардың, әрі ҚР әнұранының авторы. Биылғы жыл Қазақстан үшін айтулы жыл. Отанымызда Қазақ хандығының 550 жылдығына, Ұлы Жеңістің 70 жылдығына, Қазақстан халықтары Ассамблеясының және ҚР Конституциясының 20 жылдығына арналған үлкен -үлкен іс - шаралар өткізілуде.

Қазақстанның табиғаты өте әдемі. Елімізде көптеген құстар, жануарлар мекен етеді. Сирек кездесетін аң, құстар «Қызыл кітапқа» енгізілген. Теңіз, өзен- көлдері де көп. Ең үлкен көлдерінің бірі- өзіміздің Балқаш көлі. Мен осы Балқаш көлінің жағасында орналасқан, Балқаш қаласының тумасы болғаныма мақтанамын. Мұнда әр жаз сайын туристер келіп демалады, қаламызбен танысып, демалыс орындарына барады. Сонымен қатар қаламызда мыс зауыты бар. Мұндай кәсіпорындар елімізде де көп. Қарағандыда көмір өндірілсе, Жезқазғанда темір, Оңтүстік Қазақстанда мақта, Атырауда мұнай өндіріледі. Қысқасы, еліміз пайдалы қазбаларға да бай. Мен өз елімнің тамаша табиғатымен, пайдалы қазбаларымен мақтанамын. Елбасымыздың саясатының арқасында пайдалы қазбаларымызды орынды пайдаланып, табиғатымызды сақтай отырып, бейбіт елде, ашық аспан астында өмір сүрудеміз.

Бейбіт елімізде 130-дан астам ұлт өкілдері тұрады. Олардың барлығы өз тілін, әдет - ғұрпын, мәдениетін дамытуға құқылы. Қазақ халқының мәдениетін, өнерін дамытуда көптеген ақын -жазушылар өз үлестерін қосқан. Маған қазақ халқының әндері ұнайды. Әсіресе, А.Құнанбайұлының әндерін тыңдағанды ұнатамын. Айталық, «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай», «Сегіз аяқ» т.б.

Қорытындылай келе, өркениетті, табиғаты тамаша, тәуелсіз ел азаматшасы болып туылғаныма мақтанамын.

Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас- дегендей, мен өз Туған жерім, Отаным - Қазақстанды сүйемін. Болашақта Абай әндерін орындап, өнер саласының дамуына үлес қоссам деймін.




© 2010-2022