Открытый урок на тему А. Байтұрсынов «Егіннің бастары» (5 класс)

Раздел Другое
Класс 5 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы

Ибрагим Ата атындағы жалпы орта мктептің қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Исаметова Элмира Ханалиевна

7-класс. Қазақ әдебиеті
Сабақтың тақырыбы: А.Байтұрсынов «Егіннің бастары»
Сабақтың мақсаты: А.Байтұрсынов өмірінен мәлімет беру
Білімділік мақсаты: А.Байтұрсынов өмірінен мәлімет беру, мысал өлеңімен танысу, көркем туындыны түсініп, мәнерлеп оқуға және идеялық - тақырыптық негізін, ой астарын түсінуге үйрету .
Дамытушылық мақсаты: Ақын шығармасындағы оқиғалар негізінде оқушылардың дүниетанымын, адамгершілік қасиеттерінің көзін аша отырып, рухани имандылыққа, ізденіске, іскерлікке, таным белсенділігін арттыруға тәрбиелеу
Тәрбиелік мақсаты: Мысал өлеңді талдай білуге төселдіру, түйіндік ойларын айта білуге, өзіндік пікір қалыптастыруға дағдыландыру, оқушының даралық мүмкіндіктерін шығармашылық тапсырмалар арқылы көрсету, сөйлеу мәдениетін жетілдіру, адамгершілікке баулу.

Түрі: Шығармашылық - ізденіс сабақ
Әдісі :ақпараттық-коммуникациялық технология, СТО, шығармашылық, ассоциация
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, әдебиет теориясы, бейнелеу өнері.
Көрнекілігі: слайдтар, сызбалар, суреттер, интербелсенді тақта
Түрі: жаңа сабақ
Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, орыс әдебиеті
Барысы
І. Ұйымдастыру
(Балалардың түгелдеу, сабаққа дайындығын тексеру)
Зейіндерін сабаққа аудару
Сабағыңа жөндеп,
Әзірленсең еңбек.
Қиындықтың бәрін
Еңбек қана жеңбек
ІІ. Білім деңгейін тексеру
І. кезең
"Ақылды сынау"
"Қызығушылықты ояту"
(І кезең оқушыларды танымдық процеске жұмылдырады,
Өздерінде бар білімді, әсерді, сезімін өзектендіреді)
Зымыран сұрақтар...
1.Жиренше кім?
2.Дүниеде не өлмейді?
3.Д.Бабатайұлы кім?
4.Сүйінбайдың шәкірті кім?
5.А.Құнанбайұлы қай жылы дүниеге келді?
6.Абайдың неше қара сөзі бар?
7.Күллі адам баласын қор қылатын нәрсе?
8.Жалғастыр "Шығамын тірі болсам адам болып...
9.С.Торайғыров қай жылы дүниеге келді?
10.С.Торайғыровтың қандай поэмалары бар?

ІІІ. Жаңа сабақ
(Сабақ мақсатымен таныстыру)
Дәптерлеріне күн жадын, тақырыпты жазғызу
Бар ма үйден дайындық?
Тапсырмаңыз дұрыс па?
Оқымасаң, уайым қып,
Тығылмаңыз қуысқа.
Балалардың шығармашылық ізденіс жұмыстары
(ізденіс жұмыстарын баяндау, көрсету, ортаға жеткізу)
Сөз кезегі оқушыларда
А.Байтұрсынов өмірінен деректер, өлеңіне байланысты салынған суреттер, қысқаша көрініс.
ІҮ. Ақын өмірінен дайындалған слайд көрсетіледі.
Ахмет-аудармашы
Орыс классиктерінің мысал өлеңдерін қазақ тіліне аударып, көркем қазынаның бұл саласын байытуға үлес қосты.
Мысал-оқиғалы, адамға сабақ болар өсиеті бар шығарма.
Мысал өлеңде ақын жануарлар, құстар, өсімдіктер арқылы адамға тән қасиеттерді көрсетеді, сол арқылы адам бойындағы жаман қылықтарды, кемшіліктерді сынайды.
А.Байтұрсынұлы А.С.Пушкиннің, И.А.Крыловтың шығармаларын қазақ тіліне аударды.
А.Байтұрсынұлы И.А.Крыловтан 14 мысал аударған.
"Аққу, шортан, һәм шаян"
"Ат пен есек"
"Қасқыр мен тырна"
"Айна мен маймыл"
"Маймыл мен көзілдірік" т.б
Өлеңді тыңдау
Сөздік
Сайран ету, қыдыру-гулять, прогуляться
Дән-зерно
Көкке қарау - смотреть на небо
Қожа - хозяин
Қайран қалу - удивляться
Егінші-земледелец
Тәкаппар-высокомерный
Тағзым-поклон
Көпке балау-приравнивать со всеми
Шікірею-кичиться
Дәптерлеріне бидайға мінездеме жазу
Топтастыру
Мақтаншақ
Бидай
Тәкаппар
Ешкімді менсінбейді
Кесте толтыру
р/с ----Шығарманың авторы --- Шығарманың атауы ----Кейіпкері ----Кейіпкердің мінезі
Лексикалық жұмыс
Сөздер, сөз тіркестер -----Синонимдер ------Антонимдер
Жас бала
Сайран салу
Көзі түсу
Қайран қалу
Көкке қарап
Ү.Бекіту
1. Бидай арқылы қандай адамның мінезі берілген?
2.Мысалда қандай адамдардың мінезі сыналады?
3.Мысалда адамдардың мінезін нелер арқылы көрсетеді?
ҮІ. Үйге тапсырма мысалды оқу
ҮІІ.Бағалау.

© 2010-2022