• Преподавателю
  • Другое
  • Разработка по казахскому языку на тему Азық-түлік дүкенінде. Зат есімнің септелуі

Разработка по казахскому языку на тему Азық-түлік дүкенінде. Зат есімнің септелуі

Раздел Другое
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні:

Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 5

Сабақтың тақырыбы: Азық-түлік дүкенінде

Сабақтың мақсаттары:

1.Білімділік: Зат есімнің септелуі туралы түсініктерін кеңейту. Септік жалғауларын және сұрақтарын толық меңгеру, білімдерін тиянақтау, бағалау.

2.Дамытушылық: Ауызекі сөйлеу дағдасын жетілдіру; оқушылардың дүниетанымын кеңейту; ауызша сөйлеу мен ойлау қабілетін дамыту; сөз тіркесін және сөйлем құрау дағдысын қалыптастыру;

3.Тәрбиелік: Тілге деген қызығушылығын арттыру, топтық жұмыс арқылы достық қарым-қатынасқа, сыпайы болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, топпен жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: азық-түлік суреттері, жаттығулар

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен сәлемдесіп, түгендеп, топқа бөлу, оқу құралдарының толықтығы, оқушылардың көңіл-күйі, оқушылар назарын сабаққа толық аудару.

2. Мұғалім: Тілдік ортаға кіру.
- Балалар, қазір қай жыл мезгілі?
- Қазір қай ай?
- Аптаның қай күні?
- Ауа райы қандай?

-Біз қай Республикада тұрамыз?

-Қазақстан Республикасының астанасы қай қала?

-Қазақстан Республикасының Президенті кім?

3.Үй тапсырмасын тексеру:

Тәуелсіз Қазақстанның Елордасы қай қала?

Ол қайда орналасқан?

Қаланың негізі қай жылы қаланған?

Қала бұрын қалай аталған?

Қашаннан бастап Тәуелсіз Қазақстанның астанасы болды?

ІІІ Жаңа сабақ:

Балалар, бүгінгі біздің тақырыбымыздың аты - «Азық-түлік дүкенінде» деп аталады. Біз өткен сабақта қазақ тіліндегі септік түрлерімен таныс болған болатынбыз. енді сол тақырыптарға байланысты жұмыс түрлерін жүргіземіз.

ІҮ. Тапсырмалар орындату

1-тапсырма. Төменде берілген сөздерге септік жалғауын жалғаңдар.

Астана, халық, әуежай.

2-тапсырма. Азық-түліктің бағасын көрсетіп, сөйлемдер құраңдар.

нан, сүт, ұн, тоқаш, ет, қаймақ.

3-тапсырма. Диалогты сыныптастарыңмен бірге оқып, толықтырыңдар.

  • Базардың қасында азық-түлік дүкендері бар ма?

  • Иә, үлкен және шағын азық-түлік дүкендері бар.

  • Онда сүт қанша тұрады?

  • Сүт ... теңге тұрады.

  • Ірімшік бар ма екен?

  • Ірімшік жоқ, айран бар.

  • Айран қанша тұрады?

  • Айран ... теңге тұрады.

  • Жақсы, рахмет!

4-тапсырма. Жаңылтпашты түсініп оқып, жаттап алыңдар.

Жаңылтпаш

Олар Оралдан оралды,

Бұлар Аралдан оралды.

V. Бекіту бөлімі

Сұрақтар қою арқылы бекіту.

  1. Сен азық-түлік дүкенінде болдың ба?

  2. Сенің үйіңнің жаныда азық-түлік дүкені бар ма?

  3. Сен қаншалықты жиі дүкенге барасың?

  4. Дүкенде нанның бағыс қанша теңге тұрады?

  5. Қазақ тілінде септіктің неше түрі бар?

  6. Оларды ата.

  7. Септік жалғаулары қай сөз табына жалғанады?

VІ. Үйге тапсырма: «қала», «көше» сөздерін септеу.

VІІ. Бағалау

Сабаққа қатысы бойынша бағалау.

VІІІ. Сабақты қорытындылау

Сабақ аяқталды! Сау болыңыздар!



© 2010-2022