• Преподавателю
  • Другое
  • №27 Дихан орта мектебі бойынша 2015 жылдың қаңтар мен ақпан айларында «Жас Ұлан», «Жас Қыран» ұйымдарында өткізілген іс-шаралар туралы мәлімет

№27 Дихан орта мектебі бойынша 2015 жылдың қаңтар мен ақпан айларында «Жас Ұлан», «Жас Қыран» ұйымдарында өткізілген іс-шаралар туралы мәлімет

Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

№27 Дихан орта мектебі бойынша 2015 жылдың қаңтар мен ақпан айларында «Жас Ұлан», «Жас Қыран» ұйымдарында өткізілген іс- шаралар туралы мәлімет

Қаңтар айының 14 күні «Жастар нашақорлыққа қарсы » атты тақырыпта 8-сынып оқушыларымен дөңгелек үстел өткізілді. Оқушыларға зиянды әдеттерден аулақ болу керектігі жайлы көп мәліметтер берілді. Видеоролик көре отырып, оқушылар өз ойларын ортаға салып, пікір алысты.

19 қаңтар күні «Қызға қырық үйден тыйым» тақырыбында қыздар жиналысы өткізілді. Қыздарға ұлттық тәрбиені насихаттау, жалпы қыз бала тәрбиесі туралы баяндама оқылды. Мектепішілік тәртіптің орындалуы талқыланды. Қыздар өз ойларын, ұсыныстарын ортаға салды.

Ақпан айында «Мектеп мүлкін сақтайық!» тақырыбында акция жүргізілді. Жоспарға сәйкес арнайы бұрыш жасалып, тазалық күні ұйымдастырылып, іс-шаралар өткізілді.

16 ақпан Ауған соғысының аяқталғанына 26 жыл толуына орай «Ерлік - елге мұра, ұрпаққа ұран» атты тақырыпта ауған соғысы ардагерлерімен кездесу ұйымдастырылды. Ауған соғысына қатысқан - Асибеков Алихан Қозыбекұлы мен Сатыбалдиев Орынғали Сұлтаналиұлы мектепке қонаққа шақырылды. Оқушыларға туған жерін, Отанын сүюге, халқына адал қызмет етуге тәрбиелеу мақсатында өткізілген іс-шарада 10- сыныптың оқушылары ауған соғысы ардагерлеріне кішігірім концерттік бағдарлама ұйымдастырып, патриоттық әндер айтты. Ауған соғысы ардагерлері соғыс күндерінен естеліктер айтты.

21 ақпан күні «Тілім - тірегім» атты Халықаралық Ана тілі мерекесіне арналған әдеби кеш өтілді. «Жас Ұлан», «Жас Қыран» ұйымының мүшелері, 5-10- сынып оқушыларының атсалысуымен әдеби монтаж қойылды және де «Жас Ұлан» мен «Жас Қыран» ұйымының мүшелері ән айтты.

№27 Дихан орта мектебі бойынша 2015 жылдың қаңтар мен ақпан айларында «Жас Ұлан», «Жас Қыран» ұйымдарында өткізілген іс- шаралар туралы мәлімет



№27 Дихан орта мектебі бойынша 2015 жылдың қаңтар мен ақпан айларында «Жас Ұлан», «Жас Қыран» ұйымдарында өткізілген іс- шаралар туралы мәлімет





№27 Дихан орта мектебі бойынша 2015 жылдың қаңтар мен ақпан айларында «Жас Ұлан», «Жас Қыран» ұйымдарында өткізілген іс- шаралар туралы мәлімет



№27 Дихан орта мектебі бойынша 2015 жылдың қаңтар мен ақпан айларында «Жас Ұлан», «Жас Қыран» ұйымдарында өткізілген іс- шаралар туралы мәлімет



25 ақпан күні Абай туралы деректі фильм, көркем фильм 10-сынып оқушыларына көрсетілді. Оқушыларға Абай Құнанбаевтың өмірбаяны туралы баяндама оқылды. Ұлы ақынның өлеңдері мен қара сөздерін оқушылар жатқа оқыды.

Тәлімгер: Қ.Сұлтанмұратова

© 2010-2022