Коучинг «Оқыту үдерісін жақсарту үшін кері байланысты орнатуды тиімді қолдану»

Раздел Другое
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қызылорда облысы, Шиелі аудуны, №152 қазақ орта мектебі





Г.Ә.Әлиханның №2 коучинг жоспары


Тақырыбы:


«Оқыту үдерісін жақсарту үшін

кері байланысты орнатуды

тиімді қолдану»




















2014 жыл

Г.Ә.Әлиханның №2 коучинг жоспары


Коучинг тақырыбы

Оқыту үдерісін жақсарту үшін кері байланысты орнатуды тиімді қолдану

Жалпы мақсаты

Мұғалімдерге сабақтағы кері байланыс жайлы, оның түрлері, әдістері жайлы мәліметтер алуға жағдай жасау.
Оқушылардың көңіл-күйіне, сабақтағы іс-әрекетке, оқу материалдарына рефлексия жасау жолдарын жоспарлауды бірлесіп қарастыру.

Күтілетін нәтиже

Мұғалімдер сабақтағы кері байланыс жайлы, оның түрлері, әдістері жайлы мәліметтермен таныс болады. Кері байланыстың мәнін түсінеді. Оқушылардың көңіл-күйіне, оқу материалдарына қалай кері байланыс жасау керектігін біледі.

Негізгі идеясы

Сын тұрғысынан ойлау технологиясында кері байланыстың ойлауға, ой қорытуға, ой-өрістің өсуіне әсері мол, маңызы жоғары.

Пайдаланылған әдебиет

1. Мұғалімге арналған нұскаулық: Екінші (негізгі) деңгей. Үшінші басылым, 2014.

2. Үлестірмелі материалдар. І деңгей. Екінші апта. Екінші басылым, 2014.

3. Интернет материалдары.


Барысы


Сабақ кезеңдері

Өтілу уақыты 45 минут

Мұғалімнің және қатысушылардың іс-әрекеттері

Ұйымдастыру кезеңі

8 мин

Сәлемдесу, қатысушыларды ортаға шақыру.

Тренинг өткізу. «Суретші». Қатысушылардың екі адамнан жұптасуын сұрау.
Қатысушылар екі адамнан бір-біріне қарама-қарсы тұрады. Олар құшақтасқан күйі бірінің арқасына бірі ақ парақты қойып сурет салады. (Не салып жатқанын өздері көре алмайды).

Суреттерді салып болған соң
ұқсас суреттер бойынша топқа бөлу. Мұғалімдер төрт-төрттен топқа бөлінеді.

Бастапқы кері байланыс.

Көңіл - күй мен эмоциялық жағдайға кері байланыс. Мұғалімдердің коучингке эмоциялық тұрғыдан дайындығын «Ауа райы» әдісі арқылы байқау. (Сіздердің көңіл-күйлеріңіз қандай?)

Қызығушылықты ояту.

«Мақсатты оқу»

12 мин

Мұғалімдермен Сократ туралы «Үш елек» атты аңызды әңгімелеп, талдау. (Аңызды үзінділермен оқып, қатысушылардан оқиғаның әрі қалай қалай өрбитінін сұрап отыру).

«Миға шабуыл»

Топтық жұмыс

10 мин

1-топ: Қалай ойлайсыздар, сабақтағы кері байланыс немесе рефлексия деген не?
2-топ: Кері байланыстың (рефлексияның мақсаты) мақсаты не?
3-топ: Кері байланыстың қандай түрлерін білесіздер? Қандай әдіс-тәсілдері бар?

Қатысушылар кері байланыстың қажеттілігі жайлы бір-бірімен ойларымен бөліседі.

Сергіту сәті

2 мин

«Еркем-ай» әнін кезекпен топ арасында айту

Презентациямен таныстыру

5 мин

Сабақтағы кері байланыс.

Слайдтар арқылы мұғалімдерге сабақтағы кері байланыс жайлы, оның түрлері, формасы жайлы мәліметтер беру.


• Көңіл-күй мен эмоциялық жағдайды анықтауға арналған кері байланыстың әдіс-тәсілдері: Көңіл-күйдің алуандығын білдіретін әртүрлі суреттер, бет әлпетті бейнелейтін карточкалар (смайликтер), көңіл - күйді бояу түстерімен анықтау. («Ауа райы», «Бағдаршам» т. с.с).


• Сабақтағы іс-әрекетке кері байланыс. Мысалы: «Табыс сатысы» әдісі: кәдімгі сатының суреті, сатының 1 - ші баспалдағы *Мен.............. БІЛЕМІН*, 2 - ші баспалдағы *мен.................. ТҮСІНЕМІН*, 3 - ші баспалдағы *Мен.........ЖАСАЙ АЛАМЫН*


• Оқу материалының мазмұнының рефлексиясы (кері байланысы)
- Аяқталмаған сөйлем әдісі; тезистер беру; афоризм таңдау.
- "Бұрын мен білмеуші едім. Енді мен білемін", - деген сияқты ой-пікірлеріңді білдіру.

Қорытынды

Бағалау

8 мин

ІІІ. Қорытынды кезең.
• Сабақ соңындағы кері байланыс. «Ақылдың алты қалпағы» әдісімен тыңдаушылар өз жұмыстарына, топ жұмысына, сабаққа баға береді.

  • Ақ қалпақ бізге белгілі, қажетті ақпараттарды жинайды.

  • Сары қалпақ ақпараттың

жағымды жақтарын айқындайды.

  • Жасыл жаңа ой айтады, идеяға, креативтілікке бағыттайды.

  • Қара қалпақ ақпараттың

кері жақтарын айтады.

  • Қызыл қалпақ сезімді, болжамды

және ішкі түйсікті білдіреді

  • Көк қалпақ ойлау үдерісін басқару үшін қолданылады. Бұл бақылаушы тетік, ол барлық алты қалпақтың талаптары дұрыс орындалып жатқандығына кепілдік береді.

• Көңіл-күй мен эмоциялық жағдайды анықтауға арналған кері байланыстың әдіс-тәсілдері: Көңіл-күйдің алуандығын білдіретін әртүрлі суреттер, бет әлпетті бейнелейтін смайликтер, көңіл - күйді бояу түстерімен анықтау. («Ауа райы», «Бағдаршам» т. с.с).

Мысалы: «Алма ағашы» әдісі
Оқушыларға сабақ басында екі түсті "алма" беріледі. Сабақ соңында оны алма ағашына ілу керек. Жасыл түсті алма - мен бүгін бәрін жақсы орындадым деп ойлаймын: менің көңіл - күйім көтеріңкі. Қызыл түсті алма - мен тапсырманы орындай алмадым, көңіл - күйім жоқ.

Немесе «Бір сөзбен» әдісі - Оқушылар өздеріне берілген 12 сөздің ішінен, өздерінің бүгінгі сабақтағы жағдайын сипатайтындай 3 сөзді таңдап айтады.
*Төзімсіздік, *Ашу, * Қуаныш, * Немқұрайлылық,*Қанағаттану, *Шабыт, *Зерігу,* Алаңдау, * Тыныштық, * Сенімділік, * Сенімсіздік, *Рахаттану.

• Сабақтағы іс - әрекетке кері байланыс. (Мысалы: «Табыс сатысы» әдісі: кәдімгі сатының суреті, сатының 1 - ші баспалдағы *Мен.............. БІЛЕМІН*, 2 - ші баспалдағы *мен................ТҮСІНЕМІН*, 3 - ші баспалдағы *Мен............. ЖАСАЙ АЛАМЫН* )

• Оқу материалының мазмұнының рефлексиясы (кері байланысы)
- Аяқталмаған сөйлем әдісі; тезистер беру; афоризм таңдау.
- "Бұрын мен білмеуші едім. Енді мен білемін", - деген сияқты ой-пікірлеріңді білдіру.

• Сабақ соңындағы кері байланыс. «Ақылдың алты қалпағы»

«Плюс, минус, қызықты»
«Плюс» - оң әсер еткен фактілерді, алған, білімдері жайлы жазады.
«Минус» - "қолымнан келмей жатыр" немесе " түсініксіз болып тұр " деген ойларын жазады.
«Қызықты»- деген бағанға өздеріне не қызықты болды, соны жазады, немесе не жайында көбірек білгісі, соны жазады.


© 2010-2022