Тіл - достықтың құралы тіл мерекесінің тәрбие сағаты

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Тіл -ұлт байлығы»

1-жүргізуші: Құрметті қонақтар, ұлағатты ұстаздар мен оқушылар!

Бұгінгі «Тіл-ұлт байлығы» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!

Сіздер білесіздер, кең байтақ еліміз Қазақстанда 130-дан астам ұлт өкілдері тұрып жатыр. Әрине, бұл деген қазақ халқымыздың ұлылығынан, қазақ атам айтқан «Кең болсаң, кем болмкайсың» дегендей халқымыздың кеңдігінен, бірлігінен, кеңпейілділігінен басқа ұлт өкілдерінің тұрып жатқан жайы бар.

2-жүргізуші: Добрый день уважаемые гости, учителя! Good affernoon dear alfiece

Велика роль язык в оценке прошлого и настоящего и прогнозе будущего любого народа. Ведь язык не только средство взаимопонимания между народами. Наше государство, повышая статус казахского языка, не меньше внимания уделяет развитию языков других народов.

1-жүргізуші: Мінеки, залда тыныштық,

Естілмейді дыбыс түк.

Мұны біз де қоштаймыз,

Кешіккендерді тоспаймыз.

Қазақ, орыс, ағылшын

Тілдері жайында

Кешімізді бастаймыз.

Жас достарым,

Мұны жақсы ұғайық-

Қазақ, орыс, ағылшын тілдері

Құрметтеуге лайық!

Дүниедегі сұлулуықтың бәрін де,

Мүмкін емес қызыл тілсіз түсіну,

Көп тіл білу-өте қажет бүгінде!

2-жүргізуші: Анамның тілі болмаса,

Жалындап, лаулап жана ма?

Өседі өз тілімен

Қвария да, бала да

Сахнаның төріне Шақырайық кәнеки

«Қара жорға» билесін

Онсыз қызық бола ма!

Сахнада «Қара жорға» биі.

1-жүргізуші:

Халықаралық тілі бар,

Әдемі әсем елі бар.

Ағылшын елін ортаға,

Шақырайық қауымдар.

Ортаға оқушыларды шақырамыз-дей келе ағылшын тіліндегі ән-шашуды қабыл алыңыздар.

2-жүргізуші:

Таңданатың өнерге тамсанайық,

Бәрімізде қосылып ән салайық.

Шабыттансын көңіліміз көтерілсін,

Әнші қызды қошеметпен қарсы алайық!

Мариямның орындауында «Маленькая страна» әні.

1-жүргізуші:

Әннің де естісі бар, есері бар

Тыңдаушының құлағын кесері бар.

Ақылдының сөзіндей ойлы-күйлі

Тыңдағанда көңілдің өсері бар.

Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар,

Әннің тәтті оралған мәні оятар.

Сұлужанның орындауында «Балалық шаққа саяхат» әні.

2-жүргізуші:

Қызықты ғой көрерменге би деген,

Ортамызда өнерменен би билеген.

Таныстырып қоятын мен сіздерге

Қыздардың «Жастар» биін билеген.

«Жастар» биі.

1-жүргізуші:

Достықпен бейбіт өмір кешіп,

Қадам бастық адалыққа бел шешіп.

Орыс халқын шақырайық ортаға,

Достыққа берік ел десіп.

Сахнада «Орыс биі»

2-жүргізуші:

Қазақ осы күй шығарып, ән салып,

Көкпар тартыпе, қыз қууға жаралған.

Қазақ осы дала дейтін күн дейтін,

Қазақ осы «өнер алды-тіл» дейтін.

Ортаға оқушыларды шақырамыз, қазақ тілінде тақпақтарын айтады.

/Ағылшын тілінде тақпақ айтады/



1-жүргізуші:

Қадыр Мырза Әлі ағамыз айтқандай:

Ана тілің арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте!-дей келе ағылшын тіліндегі ән-шашуды қабыл алыңыздар.







«Тіл-достықтың құралы»

Қайырлы күн,құрметті қонақтар, ұлағатты ұстаздар мен оқушылар!

Бүгінгі «Тіл-достықтың құралы» атты сайысымызға қош келдіңіздер!

Білім деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізер.

Білім деген ақылшың,

Қиындықтан өткізер.

Бүгінгі кеш қызықты кеш,

Көрермендер халайық.

Ми-түйсікті қозғап қазір,

Биікке қанат қағайық.

-Армысыздар, жиналған қауым, ардақты ұстаздар, қадірлі қонақтар.

Ал, оқушы ұстаздар!

Ортаға назар салайық.

Сайыскерлер шығып келеді,

Қол соғып қарсы алайық.

Кездесер сәтте бүгінгі,

Жүректер дүрсілдеуде.

Қырандай қанат қомдап,

Жарысқа келдіңдер ме.

Бәрі де қолдарыңда,

Қандай жол таңдайсыңдар.

Туған ел, жер бағында

Жарқырар таңдарсыңдар.

Өмірге талаптанған,

Өршіл ой-армансыңдар.

Қияға қанаттанып,

Алысқа самғарсыңдар,-дей отырып, сайыскерлеріміз-жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар өреңдерді ортаға шақырамыз.

Ең алдымен әділқазылар алқасымен таныстырып өтейін:

1. Тәрбие ісінің меңгерушісі:бекмуханова С.М.

2.Орыс тілі пәнінің мұғалімі:Нұрбекова М.Ж.

3.Қазақ тілі пәнінің мұғалімі:Бектурова М.Н.

4. Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі: Мырзабекова А.Ж.

І кезең. «Таныстыру».

Гүл көңілің қуаныштан өрілді,

Жанарыңнан жалын нұры төгілді.

Жыр ұшқындап тұр ғой әне үніңнен,

Көпшілікке таныстыршы өзіңді - дей келе қатысушылар өздерін таныстырады.

ІІ кезең. «Мақал айтсаң-жол көрсеттің, мәтел айтсаң-жанымды жайландырдың» демекші, ал енді балаларыңызбен бірігіп мына үзік-үзік сөздерден мақал құрастырыңыздар.

  1. Ұяда... ұшқанда... /Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің/

  2. Ата... бала... /Ата -бәйтерек, бала-жапырақ/

  3. Ер... ез... /Ер бір өледі, ез мың өледі/

  4. Өле... бөле... /Өле жегенше бөле же/

  5. Таяқ... сөз... /Таяқ еттен өтеді, сөз сүйектен өтеді/

  6. Мал... жер... /Мал баққандікі, жер жыртқандікі/

  7. Тентек... ақыл... /Тентектің ақылы түстен кейін кіреді/

  8. Мектеп... білім... /Мектеп-кеме, білім-теңіз/

Кімдер жүйрік, сұраққа жауап берейікші,

Мектептің мақтанышы боп жүрейікші-дей келе

ІІІ кезең. «Кім жылдам?» сайысы.

/Сұрақтар оқылады, сол сұрақтарға жылдам жауап беру керек/

1.Ұлттық аспап? /домбыра/

2. Жүз жыл? /1 ғасыр/

3. Ең киелі құс? /Аққу/

4. 1 аптада неше күн бар? /7/

5. 1 жылда неше ай бар? /12/

6. Исламның қасиетті кітабы? /Құран/

7.Сөз өнері сайысы? /Айтыс/

8. Тұңғыш ғарышкер? /Т.Әубәкіров/

9.Қазақтың ұлы ақыны? /Абай/

10. Үш биді ата? /Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би/

11. Үш арсыз? /Ұйқы, күлкі, тамақ/

12. Төрт түлікті ата? /түйе, сиыр, қой, ешкі, жылқы/

13. «Жоқ» сөзінің орысшасы? /нет/

14. Анаңның әкесі? /Нағашы ата/

15. Ауыз бекіту айы? /Ораза/

ІҮ кезең. «тіл шебері» сайысы. Бұл сайыста жұмбақтар беріледі, сол жұмбақтың жауабын сіздер үш тілде айтасыздар.

  1. Жүз мүйізі бар,

Үстінде киізі бар. /қазақ үй-юрта/

  1. Қос құлақты, жүз түсті,

Жүзінен бір-ақ із түсті. /ара-пила/

  1. 1 санға өсірді,

Өзі қалып орнында,

Бізді алға көшірді. /сынып-класс/

  1. Сақталады 6 ай жаз,

Сандығымда сары аяз. /тоңазытқыш-холодильник/

  1. Қалқиып екі құлағы,

Елеңдеп қорқып тұрады. /қоян-заяц/

  1. 2 аяқпен кезек-кезек тебеді,

Ол тынымсыз домалап,

Зыр жүгіре береді. /доп-мячик/

  1. Бір қораға қамалғандар,

Жану үшін жаралғандар. /сіріңке-спички/

  1. Болса да көкте мекені,

Кездеспейді екеуі. /ай,күн-луна, солнце/

Ү кезең. .«Өнерлі өрге жүзер» атты сайысы. Бұл сайыста әр топ өз өнерлерін көрсетеді.

Біздің ата-аналарымыз бен оқушыларымыз дайындалғанша, ортаға 5 сынып оқушысын Алтынбекова Бақытгүлді шақырамыз.

Бақытгүлдің орындауында............................................әні.

Ал кімнің өнері бар қаншалықты,

Би билеп, ал біреуі ән салыпты.

Өнерлі өрге жүзер байқауында

Қол соғып барша халық тамсаныпты-дегендей топтарымызды ортаға шақырайық. /өз өнерлерін көрсетеді/

ҮІ кезең. Ситуациялық жағдаяттар: Төрт топтың ата-аналары үстел үстінде тұрған карточкалардан бір-бірден аласыздар. Жағдаяттарды оқып, шешуін айтасыздар.

1-жағдаят: Менің балам озат оқушы, үй шаруашылығымен айналысқаннан гөрі бос отырғанды жақсы көреді, ештеңе істегісі келмейді.

Оны қалай қызықтыруға болады? Сіздің пікіріңіз.

2-жағдаят: Қызы мектептен келіп анасына: «Сізге маңызды бір нәрсе айтқым келеді»,-десе, анасы: «Сенсіз де басым ауырып тұр, мазамды алма»,-депті. Сіз не деп жауап берер едіңіз?

3-жағдаят:Сіз балаңызға дүкенге барып келуін өтінесіз. Ол: «Ән тыңдап отырмын»,-деп барудан бас тартады. Не істер едіңіз?

4-жағдаят: Балаңыз уақытынан кеш келді. Қалай қарсы аласыз?

ҮІІ кезең. «Күлдіргі жұмбақтар»

1. Кім барлық тілді сөйлейді? /Жаңғырық/

2. Тышқан аулағышты бес әріппен қалай жазуға болады? /Мысық/

3. Дүниедегі ең шапшаң нәрсе не? /Ой-қиял/

4. Егер түнгі сағат 12-де жаңбыр жауса, мұнан соң 72 сағаттан кейін күн ашылып, шуақ түсе ме? /Жоқ, бұл түн мезгілі/

5. Қай кезде аспан жерден төмен тұрады? /Аспан суреті судан көрінген кезде/

6. Қандай бөшкеге су құюға болмайды? /Іші толы бөшкеге/

7. Үш түйеқұс ұшып келе жатты. Аңшы олардың бірін атып алды. Олардың қаншасы қалды? /Түйеқұстар ұшпайды/

8. Не нәрсе сенің меншігің, бірақ оны сенің өзіңнен гөрі басқалар көбірек атайды. /Сенің есімің/

Осымен сайысымыз соңына да жетті, әділқазылар алқасы шешім қабылдағанша «Орыс биін» тамашалаңыздар.

Енді сөз кезегін әділқазылар алқасына берейік.

/Әділқазылар сайыстың қорытындысын айтады/

Жеңістеріңіз құтты болсын, құрметті аналар! Әрдайым балаға деген мейірімдеріңіз ортаймасын. Көрермен қауым, уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге рахмет!








1-жағдаят: Менің балам озат оқушы, үй шаруашылығымен айналысқаннан гөрі бос отырғанды жақсы көреді, ештеңе істегісі келмейді.

Оны қалай қызықтыруға болады? Сіздің пікіріңіз.

2-жағдаят: Қызы мектептен келіп анасына: «Сізге маңызды бір нәрсе айтқым келеді»,-десе, анасы: «Сенсіз де басым ауырып тұр, мазамды алма»,-депті. Сіз не деп жауап берер едіңіз?

3-жағдаят:Сіз балаңызға дүкенге барып келуін өтінесіз. Ол: «Ән тыңдап отырмын»,-деп барудан бас тартады. Не істер едіңіз?

4-жағдаят: Балаңыз уақытынан кеш келді. Қалай қарсы аласыз?


© 2010-2022