Мақала Бастауыш сыныпта ойынның педагогикалық маңызы

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бастауыш сыныпта ойынның педагогикалық маңызы.

Қазіргі әлеуметтік жағдай жеткіншек ұрпақ тәрбиесіне қатысты мәселелерді ағарту саласында бірінші орынға шығарады. Әсіресе, баланың әлеуметтік бейімделуі, ересектермен, өз қатарластарымен қарым - қатынасты тиімді жасауы педагогикалық - психологиялық теория мен практика үшін аса мәнді. Балалардың жас ерекшеліктеріне қатысты психологиялық дамуы, осыған қатысты оқыту - тәрбиелеу жолдары, мінез - құлық, жүріс- тұрыс қалыпты болмағанда жүргізілетін коррекциялық жұмыстар, зерттеу әдіс - тәсілдерін негіздеген құнды еңбектер баршылық. Ойын сонау ата - бабалар заманынан бері мазмұн жағынан толысып дамып, дәстүрлі жалғасып келеді.Ойын еш уақытта дамудың бір сатысына жеткенде тоқтап қалмайды, жетіле түседі. Ойын теориясы мен практикасын отандық және шетелдік педагогтар , психологтар, социологтар зерттеуде. Мысалы : Йоган Хейзингтің «Ойыншы адам» , Д.Б. Элькониннің «Ойын психологиясы», Эрик Берннің «Адамдар ойнайтын ойындар» атты еңбектері жазылды.Қазіргі таңда еліміздің туын биікке көтерер білімді, білікті адамгершілігі жоғары ұрпақ тәрбиелеу біздің алдымыздағы ең басты міндет. «Біз тұрғызатын қоғам арды бағалайтын, белсенді, жоғары моральді, әдепті және рухани байлығы мол адамдардан тұру керек » - деді Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә Назарбаев. Қазіргі метептердің міндеттерінің бірі - кез келген жасөспірімдерге білімді меңгерту ғана емес, оның педагогикалық, психологиялық , рухани адамгершілік қасиеттерін танып, ішкі жан дүниесіне әсер ету арқылы жас ұрпақтың өзін - өзі дамытуына жол көрсету.Бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке қалай тәрбиелей керек деген сұрақ тууы мүмкін. Бастауыш мектепте оқу - тәрбие үрдісінде ойынның маңызы зор. Ойын баланың мінез- құлұына, физикалық және эстетикалық тәрбиесіне үлкен әсерін тигізеді.Ойын -баланың жан серігі. Қайбала болмасын ойнап өседі. Ойын сырттай қарағанда анау айтқандай қиындығы жоқ, оп - оңай көрінуі мүмкін.Ал іс жүзінде бала ойынға қатысты басқалармен тіл табысып, өзінің ойлаған ойын іске асыруы оңай емес. Ойынға зер салып, ой жүгіртіп қарар болсақ, сол ойындардан үлкен де, мәнді - мағыналы істер туындап өрбитінін байқамаймыз. Өйткені , ең алдымен не нәрсенің болсын жол бастар қайнар көзі болатыны белгілі. Сондықтан да ойын - бала бойындағы қандай да болмасын бір Өнердің бастауы деп білеміз. Өйткені болашақ ел қорғаушы батыр, жаунгер, халық қайраткерінің нышаны ойын үстінде көрінеді. Сол ойын арқылы шынығады. Баланың өмірге қадам басардағы алғашқы қимыл әрекеті - ойын, сондықтан да оның мәні ерекше: Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: «Ойын , ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?»- деп, айтқандай , баланың өмірінде ойын ерекше орын алады.Жас баланың өмірді тануы, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады. Ойынды зерттеу мәселесімен тек психологтар ғана емес, философтар, тарихшылар, этнографтар және өнер қайраткерлері мен бала тәрбиесін зерттейтін ғалымдар да шұғылданады. Көптеген балалар жазушылары бала ойынының психологиялық мәнін және ойынға тән ерекшеліктері көркем бейнелер арқылы суреттегені де мәлім. Ойынның шарты түрдегі мақсаттары бар, ал сол мақсатқа жету жолындағы іс - әрекеттер бала үшін қызықты. Балаларға ақыл - ой , адамгершілік, дене шынықтыру, эстетикалық тәрбие және ұжымдық тәжірибе берудің маңызды тетігі ойында жатыр.Ойын барысында балалар өзін еркін сезінеді, ізденпаздық, тапқырлық әрекет байқатады. Сезіну , қабылдау, зейін қою, ерік арқылы түрлі психикалық түйсік пен сезім әлеміне сүңгиді. Сондықтан да педагогикада бала ойынына ерекше мән беріледі. Өйткені, ойын үстінде қалыптасатын балалық шақтық түйсігі мен әсері адамның көңіліне психологиялық процесс кезіндегі гармониялық жетілуіне әсер етеді.Жалпы, ойынның қандай түрі болмасын атадан балаға, ұрпақтан - ұрпаққа ауысып отырады. Халық ойындары өмірлік қажеттілікпен туады да психологиялық жағынан денсаулық сақтауға негізделеді. Тапқыр да алғыр, шымыр да епті, қайратты да қажырлы, адамгершілігі мол бала үшін тәлімінің қайнар көзі болып табылады. Мектеп оқушыларына тәрбие беру тек жеке пәндер арқылы ғана емес, сыныптан тыс тәрбие сабақтарында, үйірме жұмыстарында, ойын сабақтарда адамгершілік тәрбиеге баулуға болады. Ондай жұмыстар түрінде сынып жетекшісінің этикалық әңгімесі, моральды - этикалық жарыстар, пікір сайыстар жатады. Балаларды адамгершілікке тәрбиелеуде ата - аналарды оқу - тәрбие үрдісіне қатыстыру, олармен тығыз байланыс жасау мәселесі негізгі орын алуға тиіс.адамгершілік тәрбиесінің басқа тәрбиелерге қарағанда өзіндік ерекшеліктері бар.осыдан келіп ойын туралымынадай тұжырым жасалады:

а) ойын - тәрбие құралы, ақыл - ойды, тілді ұстартады, сөздік қорды байытады, өмірді танытып, сезімді кеңейтеді, тәрбиелейді.

б) ерлік және мінезқасиеттерін бекітеді, адамгершілік сапаны жетілдіреді.

в) эстетикалық тәрбие беру құралына айналады.

г) еңбек тәрбиесін беру мақсаттарын шешуге мүмкіндік береді.

д) дене күшінің жетілуіне көмектеседі.

Ойын баланың көңілін өсіріп, бойын сергітіп қана қоймай, оның өмір құбылыстары жайлы таным - түс-нігіне де әсер етеді.Балалар ойын арқылы тез тіл табысып, жақсы ұғысады, бірінен - бірі ептілікті үйренеді. Ойын үстінде дене қимылы арқылы өзінің денсаулығын нығайтады. К.Д. Ушинский баланың ойынға деген қызығушылығы жөнінде былай дейді: «Ойын балалар үшін шындық . Ал шындық қоршаған ортадан да қызық, бала үшін қызықты болу түсінікті, өйткені онда өзіндік іс - әрекет көрінеді. Бала ойын әлемінде өмір сүреді, оның ізі шындық өмірге қарағанда терең қалады.» Өйткені ғасырлардағы кейбіреулердің айтуынша бала қозғалмай , не бәлендей нәрсемен айналыспай көп отырса, осының салдарынан «жұмсалмай қалған қуатты» жиналады да, соны жұмсау қажеттілігі оны ойынға итермелейді. Бұл пікірге көпшілік психологтар қарсы болғанымен тек жұмсалмай қалған күні балаларға ғана емес, күш - қуатын тауысып шаршап отырған баладан «Ойнайсың ба?» деп сұраса , «Ойнаймын» деп жауап береді. Баланың өсіп - өнуіне ойынның маңызы мен мәні зор. Ойындар бала өмірінің қажеттіліген туады. Бала үшін ойын іс - әрекет, қимыл құралы, болумен қатар, олардың танымын, тісінігін және білім жетілдірудің ең негізгі жолы болып табылады. Ойын мектеп жасындағы баланың жеке басының дамуына игі ықпал тигізетін жетекші, басты құбылыстың бірі саналады. Көрнекті педагог м. Жұмабаев ата - аналарға лекцияларында ойын тақырыбына арнайы тоқталып, ересек адамдар үшін жұмыстың, қызметтің, іс - әркекеттің мәні қандайлық болса, бала үшін ойын мәні де дәл сондайлық, одан артық болмаса, кем емес деген тұжырым жасады. Сондай - ақ , бала ойында қандай болса, кейін ер жетіп еңбекке араласқанда көбінесе жұмыста да, сондай болатындығын ескертті.абайдың ойын туралы биологиялық теориясы ұл мен қыздардың ойынындағы айырма олардың биологиялық ерекшелігінен деп қарауға болмайды, нңбек бөлісіне байланысты қыз шешесіне, ұл әкесіне еліктейді. Сонымен қатар, ойын - баланың еңбекке тәрбиелеу деп қарады. Ойын мен еңбектің арасындағы бірлікті көрсетумен қатар, ойын еңбекке баулуға бағытталуы керек екені туралы пікірлер ұсынады. Ойы бала үшін әрі іс - әрекет, әрі тәрбие құралы болып табылады. Ол баланың өсіп, дамуымен тығыз байланысты. Ойынды ұйымдастырып, жетекшілік жасап, оған педагогикалық басшылық берудің кілті, тәрбиеленушінің қолында. Ал баланы тәрбиелеудегі ойынның мәні « Балалар бақшасындағы тәрбие программасында» былай деп көрсетілген : Ойын баланың аса маңызды дербес іс - әрекеті болып табылады және психикалық дамуында, дербес қасиеттердің, балалар ұжымының қалыптасуында зор маңызы болады.Ойынның тағы бір ерекшелігі - ойын оқумен байланысты. Ойын үстінде бала сыпайылық пен дөрекілікті, әдептілік пен сотқарлықты, ізеттілік пен қыңырлықты ажыратып, сұлулық пен әдемілік жөнінде ғибрат алып сезімдік серпілістері мен көңілі толқиды.Шындығына келгенде мұның өзі сұлулықты тану, сезіну, білу, яғни ойын балаға еңбек, ақыл- ой , адамгершілік, эстетикалық дене тәрбиелерін берудің тамаша құралы болып табылады. Бала ойын арқылы өзін қоршаған өмірімен етене араласып, оның ішкі сыр сипатын терең түсініп, сол арқылы өмірді ұғынып, тани бастайды.



© 2010-2022