Психология 1 курс студенттеріне

Менің ғажайып өмірімнің бір күні Күнделікті өтіп жатқан уақыт - өмірдің бір бөлігі. Бір жыл, бір ай, бір апта, бір күн, бір сағат, тіпті, бір минуттың өзі – уақыт, яғни, өмір. Жалпы, адам өмірі жайлы қаншалықты ойланады? Сабақтан шығып, үйге қайтып бара жатқан кезде мен осындай ойға шомдым. Сол мезгілдегі аспан да, күн де, болар – болмас аяз да, шулаған машина, айналадағы адамдар да, барлығы менің сол күнгі өмірімнің көрінісі болды.   Жолда келе жатып, жасы үлкейген бір апайды көргенім бар. Нег...
Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Менің ғажайып өмірімнің бір күні

Күнделікті өтіп жатқан уақыт - өмірдің бір бөлігі. Бір жыл, бір ай, бір апта, бір күн, бір сағат, тіпті, бір минуттың өзі - уақыт, яғни, өмір. Жалпы, адам өмірі жайлы қаншалықты ойланады? Сабақтан шығып, үйге қайтып бара жатқан кезде мен осындай ойға шомдым. Сол мезгілдегі аспан да, күн де, болар - болмас аяз да, шулаған машина, айналадағы адамдар да, барлығы менің сол күнгі өмірімнің көрінісі болды.

Жолда келе жатып, жасы үлкейген бір апайды көргенім бар. Негізі, мен ол кісіні күнде көрем десем де болады. Апай жол шетінде тұрып, ұсақ - түйек заттарды сатады. Күннің ыстығы да, суығы да оған кедергі емес. Дәл сол күні мен оған жәрдемдескім келді. Бірақ, қалай? Сол кезде менің есіме сіңлімнің сүйсіне қарайтын мультфильмі түсті. Онда әдемі бір ханшайымның перизатқа айналатын ерекше қасиеті бар екен. Сол қасиетін пайдаланып, ол әр түрлі адамдарға өз көмегін береді. Мен де сол ханшайымдай бір мезгіл перизатқа айналып, сатушы апайдың жағдайын түзеуге көмектескім келді. Бір мезет өз ойыма өзім күлдім. Жақсылық істеу үшін еш құдіреттің керегі жоқ. Шіркін, адам қиялы не деген шексіз еді.

© 2010-2022