ЭССЕ: Менің жаңа формация педагогі ретінде қалыптасуым

Раздел Другое
Класс 8 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Маңғыстау облысы

Бенеу ауданы

Үстірт орта мектебі

Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Нысанбаева Ақжарқын

«Менің жаңа формация педагогі ретінде қалыптасуым»

Бүкіл дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында қазіргі таңда Қазақстанда білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл үрдіс педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіне нақты өзгерістер енгізумен қатар елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы білім беру қызметіне жаңашылдық енгізуді, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды,сындарлы оқытуды, жастардың шығармашылық әлеуетін дамытуды, мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді. «Мектеп бітіріп шыққан бала бүкіл әлемге, өзгенің және өзінің өміріне білім жүзімен ашылған саналы ақыл көзімен қарай білсе, міне, білімдендірудің көздейтін түпкі мақсаты осы»,- дейді бес арысымыздың бірі - Жүсіпбек Аймауытов.

Бүгінгі мемлекет алдындағы басты міндеттердің бірі - білім беру жүйесіне жаңарту енгізу екені бәрімізге айқын. Оқытудың жаңа технологияларын меңгермеген мұғалім сыни тұрғыдан ойлауы,өзінің тәжірибесінде жаңа тәсілдерді қолдана алуы мүмкін емес. Өйткені қай заманда да, қай дәуірде болсын қоғамда жеке тұлғаның қалыптасуы, бейімделуі ұстаздан басталады. Міне, осы көзқарасты қалыптастыра отырып, үлкен міндетті өзіме жүктей отырып, жас болсам да адам баласына тәлім-тәрбие білім беретін ұстаз мамандығын таңдағандықтан өз білімімді жетілдіруді әрдайым жадымда ұстаған болатынмын. Үш айлық курс... Осыған дейін 3 жылдық еңбек жолымда бір апталық немесе, екі апталық курстарға барып жүрсем де, 3 айлық курс және оның деңгейлерін естігенде қатты қызықтым. Бірақ ол курсқа барып білімімді жетілдірем, құзырлы мұғалім болуға бейімделем деп өзімді иландырмадым.Маған әлі де болса 1-2 жыл еңбек өтілі жетіспейді деп ойладым.Әрине қазіргі таңда елімізде жастарға бөлініп жатқан көптеген көңіл мен көмектің арқасында мектеп басшылары мен ұстаздар қауымының қолдауымен 3 айлық курстың ІІІ деңгейіне жол тарттым.

Курстан алған әсерім мен үйренгенім, оқып білгенім мен үшін қызықты, таңқалдыратын жайттардың көп болғаны.Топтағы бірлесе жұмыс атқарғанымыз, тренеріміз Рысты Теміртасқызына қойған көптеген сұрақтарымыз, олардың жауабын өзіміз іздеп тапқанымыз менің жан-жақты қырымды аша білген сияқты. Шульманның үш көмекшісі деп аталатын « бас,қол,жүрек» сияқты қасиеттер болған жағдайда ғана оқытудың жақсы болатынын мен сол курстан түсіндім.Сонымен тек үш ай бойы оқи бермей бір айымызды сағынып, асыға жеткен, оқудан алған әсерімді тезірек бөліскім келген әріптестерім мен оқушыларымның арасына қайта оралдым.Оқып-үйренген бір бөлек, соны тәжірибеде қолданған бір бөлек емес пе?! Мектепке келген алғашқы күннен бастап тезірек үйреніп келген әдіс-тәсілдерім мен 7 модульді сабақтарымда дұрыс ықпалдастыруды алдыма мақсат етіп қойдым.Мектеп басшыларымен сұхбаттаса отырып, әріптестеріммен ой бөлістім. Тізбектелген сабақтар топтамасын өткізе отырып түсінгенім, алдымызда отырған оқушыларды сан қырынан ашуға жетелеп, жаппай білім бере келе, әр бұлақтың көзін ашуға аталмыш модульдердің тиімді екеніне көзім анық жетті. « Балаға өз бетімен зерттеуге мүмкіндік туғызған сайын одан әрі жақсы оқи түседі» Питер Клайн айтқандай оқушылар өз бетімен жұмыс жасай отырып,сыни ойлауға үйреніп, өз ойларын ашық айтып, сыныптастарын бағалауды үйренді және мұғаліммен кері байланыс жасауды әдетке айналдырды. Өз біліміне немқұрайлы қарамай білім қорын толықтыра алатын, жан-жақты талпынып ізденетін, алдағы өмір жолын өзі болжай алатын, қоғамда өз орынын таба алатын ұрпақ тәрбиелеу - біздің қолымызда. Ал білім саласындағы жаңашыл өзгерістер ұстаздардан кәсіби біліктілік пен білімділікті, көшбасшы мен құзырлы болуды талап ететіні ақиқат.



© 2010-2022