ҰБТ-ға дайындық психологиялық сабақ 11 сынып

Раздел Другое
Класс 11 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы : «ҰБТ-ға дайындық»

Мақсаты:

- мектеп бітірушіге тән мінез, өзіне деген сенімділікті қалыптастыру оның өмірлік парызы екендігі туралы білім беру;

- оқушының эмоциясына ықпал ету сезімін оятып дамыту, ой толғамын жетілдіру;

- оқушының парызы туралы ұғымдарын нақтылай келе, азаматтық биік саналылыққа тәрбиелеу .

1.Топқа бөлу:

2. «Ойланайық, пікірлесейік» айдарымен сұрақтарға жауап беру .

1)Мектеп бітіруші түлек ретінде алдыңа қандай мақсат қойдыңдар?

2)Ал енді осы мақсатты орындау үшін өздеріңе қандай міндет қоясыңдар?

3. «Ой тастау» ( ҰБТ туралы бейнефильм көрсетіледі)

4. Түйінді ойын айту (көрсетілген бейнефильм бойынша)

5.Топтық тапсырмалар: Салыстыру

1)ҰБТның тиімді жағы

2)ҰБТ-ның тиімсіз жағы

6.«ҰБТ - да мен неден қорқамын?» жаттығуы:

I - нұсқа: Сіздің жазғаныңызды ешкім оқымайды, іштей айта алмай жүрген ой болса қағазға түсіру, бүгінгі күні сізді қандай қорқыныш мазалап жүр, бәрін толық қағаз бетіне түсірейік. Сонда басымыз босап, оны төмендету жолын қарастыруға мүмкіндік алады. Асықпай шынайы болып, толық жазуға мүмкіндік алу.

II - нұсқа: Сол жазғаны бар қағазды ішке бүктеп жүрекке қою. Тағы да бір іштей қайталап шығу. Мен өмірде неден қорқамын? Еске түсіріп, сол сезімде болу. Ал сол жазған нәрсе болды дейік сонда не болмақ. Біз неден қашсақ сол болмақ. Қашпайық қорқынышты қабыл алайық. Енді ары-қарай не болмақ?

III - нұсқа: ҰБТ-тапсыру соңғы баспалдақ па? Одан өтпей қалсақ не болмақ? Кез келген сәтсіздіктің жақсы жағын ала білуге болады. Ғұлама адамдардың өмір жолы алғаш сондай сәтсіздіктен басталған, ол ерте есеюге шынықтырады. Биыл өтпесең, келесі жылы тапсыруға толық құқың бар. Өмірде ең жақын нәрседен айырылғаннан гөрі, басқаша өзіңді шынықтырған жақсы. Міне жүректегі қойған қағазды жерге төмендете отырып тастау керек. Сізде сондайды болдыртпауға толық мүмкіндік бар. Күнделік қандай жаман ой келсе, соны тоқтатып: «Мен күш-жігерімді сала отырып дайындалып, қалаған бағаны тестен алып шығуға лайықпын» деп өзіңді қайрап отыру керек. Психологияда оны аффирмация - бекіту сөзі дейді. Футболист допты түзу қақпаға жіберу үшін күнделікті қанша мәрте теуіп, боксшы бұлшық етті шығару үшін грушаны қанша ұрып жаттығады. Сол сияқты болатын жауапты іске алдын-ала дайындық болса, іштей өзіңе сеніп соны жеке күшіңмен алып шығуға болатынына алдымен өзің, екінші ата-анаң сенуі керек. Сонда сенің бағындырмайтын белесің болмайды.

6.Қорытынды: ҰБТ-да жақсы нәтижеге жету үшін «7 қадам» (постер жасау)

© 2010-2022