Ашық сабақ Қыс

Сабақтың мақсаты:Білімділік: Абай Құнанбаев өмірі мен шығармашылығын оқыту. Абайдың қысқаша өмірімен таныстыру. Абайдың шыққан ортасы, тегі туралы айту. «Қыс » өлеңінің тілдік ерекшелігін оқыту. «Қыс» өлеңінің көркемдік қуатын оқушылар санасына жеткізу. Дамытушылық: ақын өлеңдерін талдай отырып, әдеби теориялық білімдерін тереңдету, сауатты жазуға, дұрыс сөйлеуге, шапшаңдыққа, тез ойлауға машықтандыру. Адам мен табиғат арасындағы байланысты, ұқсастықты байқата отырып, өз ойын жинақтап, қорыта бі...
Раздел Другое
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пән: Қазақ әдебиеті

Сынып 5 «А»

Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаев «Қыс»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Абай Құнанбаев өмірі мен шығармашылығын оқыту. Абайдың қысқаша өмірімен таныстыру. Абайдың шыққан ортасы, тегі туралы айту. «Қыс » өлеңінің тілдік ерекшелігін оқыту. «Қыс» өлеңінің көркемдік қуатын оқушылар санасына жеткізу.

Дамытушылық: ақын өлеңдерін талдай отырып, әдеби теориялық білімдерін тереңдету, сауатты жазуға, дұрыс сөйлеуге, шапшаңдыққа, тез ойлауға машықтандыру. Адам мен табиғат арасындағы байланысты, ұқсастықты байқата отырып, өз ойын жинақтап, қорыта білуге, байланыстырып сөйлей алуға баулу;

Тәрбиелік: оқушыларды табиғатты аялауға, адалдыққа, шыншылдыққа, тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: «Топтастыру» стратегиясы, суреттеу, бейнелеу, сұрақ-жауап.

Көрнекіліктер: Абайдың портреті, жыл мезгілдерінің суреті.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Сабақты мақсатына сай ұйымдастыру.

ІІ. Үй жұмысын тексеру

Үй жұмысы сұрақ-жауап әдісі арқылы тексеріледі.

Мұғалім: Оқушылар біз өткен сабақта қазақтың тұңғыш ағартушысы, педагог, біздің жерлесіміз Ыбырай Алтынсариннің шығармашылығымен таныс болғанбыз. Ендеше үй жұмысын тексермес бұрын Ыбырай Алтынсарин туралы біз не білеміз?Осы сұраққа жауап іздеп көрейікші.

Оқушылар Ы.Алтынсарин туралы қысқаша мәліметтер айтады.

1.Ыбырай Алтынсарин қазақ халқының тұңғыш педагогы, ақын, жазушы.

2.Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы қазіргі Қостанай облысы, Қостанай ауданында дүниеге келген.

3.Балалар әдебиетінің атасы.

4.Балаларды білім алуға, еңбекқор болуға, елін, жерін сүюге тәрбиелеген

5. Ыбырай Алтынсарин қазақ қыздары үшін Торғайда, Қостанайда, Ақтөбеде, Ырғызда мектеп-интернат ашты.

6. Ыбырай атамыз балаларға арналған өлеңдер мен шағын әңгімелерден тұратын «Қазақ хрестоматиясы» деп аталатын кітап жазған.

7. Ақынның «Кел, балалар, оқылық!», «Өнер-білім баржұрттар», «Жаз», «Өзен» деген өлеңдері бар.

8.Ыбырай Алтынсарин әңгімелерінің басты тақырыбы-еңбек, еңбек адамы. «Атымтай жомарт», Өрмекші мен құмырсқа», «Әке мен бала» әңгімелерінде еңбектің маңызын көрсетеді, еңбекпен тәрбиелеуге үйретеді.

Сабақта Ыбырай Алтынсариннің «Әке мен бала» әңгімесінен түсінгендерін ортаға салады.

1.Оқушы әңгіменің толық мазмұныны айтып шығады.

2. Әке мен бала әңгімесіндегі басты кейіпкерлер кімдер?

- Әкесі мен баласы.

- Әкесі қандай адам? Мінездеме беру.

- Әкесі еңбекқор адам. Себебі жолда қалған аттың бір ескі тағасын баласы алмаған соң өзі иіліп алады. Каланың шетіндегі темірші ұсталарға тағаны үш тиынға сатады. Одан біраз өткен соң үш тиынға бір талай шие сатып алады.

3. Баласы қандай бала? Мінездеме беру.

Баласы жалқау, еріншек бала. Себебі әкесінің анау тағаны ,балам, ала жүр деген сөзін тыңдамай, жерге бір рет иілуге ерініп, сынып қалған тағаны не істейін?- деп жерде жатқан тағаны алмай тастап кетеді. Тағаны өткізіп, ақшасына шие сатып алған әкесіне артында келе жатқан бала тым-ақ қызығып келеді. Жерге бір-бірлеп түскен шиені жалма-жан жерден алып аузына салады. Сонымен әр жерде бір әкесінің қолынан түскен шиені он шақты рет иіліп, жерден алып жейді.

4. Әңгімедегі негізгі ойды анықтау.

Әкесі баласына айтады мана тағаны жамансынып жерден бір ғана иіліп көтеруге еріндің, енді сол тағаға алған шиенің жерге түскенін аламын деп бір еңкеюдің орнына он еңкейдің,- дейді. Бұдан шығатын негізгі ой «Аз жұмысты қиынсынсаң-көп жұмысқа тап боларсың; азға қанағат етпесең-көптен де құр қаларсың» Яғни, аз жұмысты қиынсынып жалқаулыққа бой алдыруға болмайды.

Мұғалім: Дұрыс айтасыңдар балалар, өзінің өлеңдері мен әңгімелерінде Ыбырай Алтысарин атамыз балаларды жалқау, еріншек болмауға керісінше білім алуға, еңбекқор болуға, елін, жерін сүйуге тәрбиелеген. Ендеше бүгінгі сабақта біз сіздермен Ы.Алтынсарин сияқты өзінің өлеңдерін мәдениет пен білімге арнаған қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы сөз қозғайтын боламыз.

ІІІ. Жаңа сабақ

Оқушылар не білуі керек:

Абайдың өмірімен таныса отырып, шығармашылығын білу.

Оқушылар не игеруі керек:

Шығарманы талдай отырып, ұйқас түрлерін ажырата білу және өлең тармақтарынан кейіптеу мен теңеу сөздерді таба білу.

Жаңа тақырыпты түсіндіру

Оқушыларға Абай Құнанбаев жайлы интрактивті тақта арқылы балалық шағынан бастап, жазған шығармалары жайлы, туған жері, мұражайдағы сақталған заттары жайлы мағлұмат беріледі.

Мұғалім: Абай Құнанбайұлы 1845 жылы бұрынға Қарқаралы ауданына қарасты Шыңғыс тауының баурайында дүниеге келген. Шын аты -«Ибраһим». Әжесі еркелетіп «Абай» деп атап кеткен. Болашақ ақын жас кезінен өлең, әңгімеге әуес болып, әжесі Зере мен Ұлжанның аңыз- әңгімелерін барлық ынтасымен тыңдайтын.

Ауыл молдасынан арабша сауат ашқан Абайды әкесі он екі жасында Семейге оқуға жібереді. Абай Ахмет Риза медресесінде оқиды. Медреседе оқытылатын дін сабақтарынан басқа араб, парсы тілдерін жақсы меңгерген.

Абай орыс әдебиетінің нәрімен сусындаған ақын Пушкиннің, Лермонтовтың, Крыловтың шығармаларын қазақ тіліне аударған.

Мұғалім: Қазір сіздердің назарларыңызға Абай атамыз жайында видео сюжетті ұсынамын.

Абайдың көп өлеңдері мәдениет пен білімге арналған. Сондай өлеңдер қатарына «Жасымда ғылым бар деп ескермедім», «Ғылым таппай мақтанба», «Интернатта оқып жүр» атты өлеңдері жатады.

Абай атамыз тұңғыш рет қазақ әдебиетінде табиғатқа жан беріп, табиғатты адам бейнесінде жырлаған ақын. Жылдың төрт мезгіліне арнап жазған өлеңдері бар. Ендеше берілген суреттерді жыл мезгілдермен сәйкестендіріп көрейік. «Жазғытұры», «Жаз», «Күз», «Қыс»

Бүгінгі сабақта біз сіздермен ұлы ақынның қазақ үшін қаҺарлы маусымға айналған жыл мезгіліне арнаған «Қыс» деген өлеңімен танасымыз . Ал қысты адам кейпінде, адам бейнесінде суреттеу ұлы Абайға дейін болмаған.

Ақ киімді, ақ сақалды, үсті -басы ақ қырау, алып денелі соқыр, мылқаудың басқан жері сықырлап келіп қалды, әрі сондай қорқынышты болса, әрі сондай әсерлі, бейнелі.

Тақырыпқа қатысты басым сөздер:

түсі суық - грозный вид

шидем - верхняя одежда

әуес көру- любопытствовать

домбығу - замёрзнуть

үй шайқалды- дом закачался

долдану - злиться

бұлттай қасы - брови, как тучи

«Қыс» өлеңін әуезді деңгейде үнтаспа арқылы тыңдау.

1-тапсырма. Оқушылар өлеңді мәнерлеп оқып шығады.

Мұғалім: Абай өлеңінің шеберлігі неде? Әдебиет теориясына үңілейік.

2-тапсырма.Оқушылар өлең жолдарынан теңеу, кейіптеу сөздерді табады.

Жазушы бір нәрсені көркемдеп суреттеу үшін оны екінші нәрсеге салыстырып суреттеуді теңеу дейді.

Теңеу сөздер: Бұлттай, борандай.

Жансыз заттарға, табиғат құбылыстарына адамның әрекет сезімдерін теңеп суреттеуді кейіптеу дейді.

Кейіптеу сөздер:

Ақ киімді, денелі, ақ сақалды

Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды

Үсті-басы - ақ қырау, түсі суық.

Басқан жері сықырлап келіп қалды.

3-тапсырма. Оқушылар өлеңнің құрылысына талдау жасайды.

3 шумақты үш қатарға бөле отырып, шумаққа, бунаққа, буынға, тармаққа талдау.

Буын түрлерін ажырату.

4-тапсырма. Оқушылар тақтада берілген суреттер өлеңнің қай шумағына қатысты екендігін анықтайды.

5-тапсырма. 5 жол өлең шығару.

1.Не?

2.Қандай?

3.Не істейді?

4.Сезіміңді білдір.

5.Мағыналас сөз.

6-тапсырма. Өлең жолдарын жалғастыру.

Қар жауады ....

Ойнауға жақсы-ақ.

Осындай ....

Кім үйде жатпақ?

ІV. Ізденушілік жұмыс.

Оқушылардың ізденушілік қабілеттерін дамыту мақсатында интернет желісіне шығу арқылы, оқушылар мұғалімнің берілген сұрақтары бойынша жұмыс жасайды.

V. Сабақты сұрақтар арқылы қорытындылау.

Кезеңнің мақсаты: оқушылардың жаңа тақырып бойынша алған білімдерін қорытындылау.

Ақын қысты кімге теңеген?

- Қыстың күшін қалай бейнелеген?

- Өлеңде балалар жайлы не айтылады?

- Малшы жөнінде не айтылады?

V. Ізденушілік жұмыс.

Оқушылардың ізденушілік қабілеттерін дамыту мақсатында интернет желісіне шығу арқылы, оқушылар мұғалімнің берілген сұрақтары бойынша жұмыс жасайды.

VІ. Бекіту.

«Топтастыру » стратегиясы бойынша Абай Құнанбаев туралы білетіндерін, естігендерін жинақтау.

Абай туралы не білдім?

Абай қай жерде дүниеге келген? Абайдың шын аты кім? Абай қайда білім алады? Абай кімдердің шығармаларын аударған? Абайдың мәдениет пен білімге арналған өлеңдері қандай? Жыл мезгіліне арнаған өлеңдері қалай аталады?

VІІ.Үйге тапсырма.

Бірінші қатар: «Қыс» тақырыбына сурет салу

Екінші қатар: «Қыс-көңілді» немесе «Қыс» тақырыптарының біріне шығарма жазу

Үшінші қатар: Қысқа байланысты мақал-мәтелдер, жұмбақ жаттау.

VІІ. Бағалау

© 2010-2022