Сабақ жоспары әдебиет Толағай ертегісі (5 сынып)

Раздел Другое
Класс 5 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат rar
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Рудный қаласы №19 орта мектебі














Ашық сабақ жоспары


Әбділда Тәжібаевтің «Толағай» әдеби ертегісі













Өткізген: қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі

Бегайдарова Шынар Даниярқызы










2013 - 2014 оқу жылы

Күні: 10.12.13

Сыныбы: 5 «Ә»

Пәні: қазақ әдебиеті

Сабақтың тақырыбы: Ә. Тәжібаевтің «Толағай» әдеби ертегісі

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: «Толағай» әдеби ертегісінің мазмұны мен идеясын ұғыну. Толағайдың жанашырлық, елге деген сүйіспеншілік сезімдері туралы баяндау.

  2. Дамытушылық: Логикалық ойларын дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру, шығармашылыққа баулу, сөздік қорларын молайту.

  3. Тәрбиелік: Туған жерді қадірлеу, халқына қызмет ету, адамгершілік пен адалдық қасиетіне тәрбиелеу. Толағай бейнесі арқылы Отанды сүюге, адал қызмет етуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Әдісі: әдеби ертегіні талдау, мәнерлеп оқу, мәтінмен жұмыс, іздену, салыстыру, баяндау, сұрақ - жауап.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі

Қажетті құрал-жабдықтар: интербелсенді тақта


Сабақтың барысы


І. Ұйымдастыру кезеңі.

Амандасу. Оқушыларды түгендеу. Сабаққа назарын аударту. Сабақтың мақсатын анықтау.


Сергіту сәті (оқыған ертегідегі кейіпкердің аты аталса, шапалақтау, басқа шығармалардағы кейіпкердің аты болса, орнынан тұру керек)

Төстік, Асан қайғы, Жаман, Кендебай, Кетбұға, Тазша бала, Жиренше, Бекторы, Шалқұйрық, Қарашаш, Ерназар, Малайсары, Таусоғар, Ажар, Қазыбек би, Саржан, Толағай.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Оқушыларға әдеби ертегілер мен Ә.Тәжібаевтің өмірінен сұрақтар мен олардың жауаптары бөлек жазылған парақтар үлестіріледі. Топтарға бөліну мақсатында сұрақ оқылған кезде, дұрыс жауабы қолында тұрған оқушы сұрақ оқыған оқушының қасына барып отырады. Сынып 4 топқа бөлініп отырады.

  1. Әдеби ертегі дегеніміз (ертегілердің бір саласы).

  2. Әдеби ертегінің авторы (белгілі болады).

  3. Әдеби ертегілер қандай түрде айтылады? (өлең және қарасөз)

  4. Әдеби ертегілер ненің негізінде туады? (ел арасында ауызша айтылып келген аңыз - әңгімелердің).

  5. Әдеби ертегілер адамды неге тәрбиелейді? (туған елін сүюге, шыншыл, әділетті болуға).

  6. Мағжан Жұмабаевтің ертегісі («Жүсіп хан»).

  7. Гаршиннің атақты ертегісі («Саяхатшы бақа»).

  8. «Толағай» ертегісінің авторы (Әбділда Тәжібаев).

  9. Әбділда Тәжібаев кім? (туған әдебиетіміздің ірі тұлғаларының бірі).

  10. Әбділда Тәжібаев қай жерде туған? (Қызылорда қаласы).

  11. Әбділданың анасымен айтысқа түскен кім (атақты Нартай ақын).

  12. Әбділда Тәжібаевтің дастандары («Күй атасы», «Ақын», «Портреттер»).

ІІІ. Жаңа сабақ. А) Мәтінмен жұмыс. ДЖИГСО әдісі бойынша ертегінің бірінші бөлімін талдау.

1-топ.

Ел аузында ертеректен,

Ертек болған қызық кептен

Бір әңгіме есімде бар.

Айтып соны баяндайын,

Ерінбейін, аянбайын,

Тыңдау үшін кел, балалар!

Бес жүз жылдар шамасында,

Сонау Ертіс жағасында,

Болған біреу Саржан атты.

Даңқы шыққан мерген екен,

Талай жерді көрген екен,

Сүйіпті жұрт сол қазақты.

Жұбайы да өзіне сай,

Аты Айсұлу - ақ маралдай

Ақша беті айменен тең.

Көркінен де ақылы басым

Көршілердің кәрі, жасын

Сүйсіндірген қылығымен...

Айы толды, күні жетті,

«Ұл туды!» деп ел шу етті,

Дүниеге бір бала келді.

Отыз күндік мерекені,

Естен кетпес берекені,

Сол ауылға ала келді.

Ақ тілекті дос-жарлары

Ат арытып жетті бәрі

Қалмай адам көңілі жақын.

Ақсақалдар қол көтеріп,

Жас бөбекке бата беріп,

Толағай деп қойыпты атын.

Балғын бөбек жетті бірге,

Ілінбесін көз бен тілге.

Кереметтен туған жандай.

Кере қарыс, ақша маңдай,

Күн нұрынан жаралғандай.

Көзі түскен таңқалғандай.

2-топ

Үштен төртке жетті жасы,

Туған айдай екі қасы

Ақ тістері ақ меруерттей.

Қос жұлдыздай көз жанары,

Қос бетінің тамып қаны,

Жалындайды жанған өрттей.

Тым ерекше, тұлға пішін,

Өлшеп болар емес күшін,

Қуанышты ата - анасы.

Бота болып ойнағалы

Арқаласа он баланы -

Қайыспайды қабырғасы.

«Алып болар» деді үлкендер,

Тірі болсын, туды бір ер,

Ер жетуін күтті халық.

Арнап келіп көрер болды,

Көрген соң көз сенер болды;

Алыстағы ел хабарланды.

Жеті жаста садақ тартты,

Атқан оғы тасты уатты,

Жай отынан кейін емес.

Темірден де өткізеді,

Түндік жерге жеткізеді.

Ел осыны етті кенес.

Еріп кәрі мергендерге-

Әкесімен шықса бірге

Аң аулауға - кең даладан,

Құтылмайды қашқан құлан

Жалғыз толғап тартуынан.

Жан құтқармас болды қыран.

Осындай бір аңшылықта

Кетіп ұзақ - айшылыққа,

Шексіз - шетсіз көлге келді.

Мөлдір судан шөл қандырды,

«Алайын,- деп,- көзімді іліп»,

Әкесімен тілге келді.

3- топ

Жалғыз ұлы - көз жанары,

Сұраса да берер жанын,

«Ұйықта, қозым» деді Саржан.

Ұйқыдағы Толағайды

Айналады, толғанады,

Көбелектей от айналған.

Елсіз, малсыз көлдің қасы,

Қалың қамыс айналасы,

Көз қызығар ұшқан құсқа.

Оқта-текте үн береді,

Үрейді ала күңіренеді,

Жем іздеген жолбарыс та.

Жолбарыстың естіп үнін,

Оятайын десе ұлын,

Аң батырын атқызбаққа;

Сабырсыз боп қызбайын деп,

Тәтті ұйқысын бұзбайын деп

Өзіне - өзі салды тоқтау.

Сол кезде бір сыбдыр шықты,

Жалт бұрылды, көзін тікті,

Көрді Саржан аң балуанын.

Жортып жүріп келіп қапты,

Жол тосқанын аңғармапты,

О да көріп қалды жауын.

Оқтан ұшқыр өр жолбарыс,

Жібермейтін жатқа намыс.

Лақтыратын атандарды.

Жымитты да қос құлағын,

Көздерінен шашып жалын,

Жер бауырлап жата қалды.

Сонда мерген қатты састы,

Адамды аңның сұсты басты,

Жолбарыстан көз алмады.

Қимылдаса атқалы тұр,

Қанды азуын басқалы тұр,

Арбасуға төзе алмады.

4 - топ

«Өлдім, балам, Толағайжан!»

Деген дауыс шықты жаман,

Атып сонда тұрды бала.

Тырнақтарын арандатқан,

Аждаһадай аузын ашқан

Жолбарысты көрді бала.

Әкесінен әл кетіпті,

Қояр емес, жауы мықты,

Меңдеп барад, күші басым.

Тал шыбықтай майыстырып,

Теңбіл шұбар алған мініп,

Күйрететін қабырғасы.

Толағайды ашу қысты:

«Келе кал, - деп,- болсаң күшті»,

Құйрығынан алды барып.

Таяқ құрлы көрмей тіпті,

Жолбарысты дөңгелетті.

Ойнағандай шыр айналып.

Ұршықтайын үйіргенде,

Екпінінен соққан желге

Көк құрақтар қалды жатып.

Әлден кейін аспандатып,

Айдын көлге жіберді атып,

Күмп етті де кетті батып.

- Бұл кел деген үлкен мысық?

Салқындады-ау суға түсіп,

Деді бала, күлімдеді.

Әкесі де езу тартты,

«Мысық» жүзіп бара жатты,

Қайрылатын емес енді

Әр топ өз мәтін бөлігін оқып, талдап болған соң, оқушылар өз орындарына қайтады. Келген соң мәтін бөліктерін бір-біріне мазмұндап, түсіндіреді. Бір оқушыдан қысқаша мазмұны сұралады.

« Толағай» ертегі дастанын мазмұндау.
1. Ерекше өскен Толағай
2. Толағайдың жолбарыспен айқасы
3. Елі үшін құрбан болған Толағай.

Ә) Екінші бөлімін мультфильм арқылы көрсету.

- соңы немен аяқталады деп ойлайсыңдар?

Соңғы 5 шумағын кітаптан мәнерлеп оқу. Мазмұнына талдау жасау.

  1. Құрғақшылық зардабы.

  2. Толағайдың уайымы.

  3. Тауды көтеріп әкелуі.

  4. Толағайдың өлімі.

ІV. Жаңа сабақты бекіту.

А) Кубизм әдісі бойынша.

І. Мінезде. Толағайға мінездеме беру (Кластер әдісі).

ІІ. Салыстыр. Толағай бейнесін басқа ертегідегі кейіпкермен салыстыру (Венн диаграммасы)

ІІІ. Зертте. Ертегіден тұрақты сөз тіркестерін, мақал-мәтелдерді, көркем бейнелі ойларды теріп жазу.

ІV. Талда. Авторға хат жазу (РАФТ әдісі)

Ә) Төрт оқушы үлестірме қағазбен жұмыс жасайды. «Орнын тап» ойыны.

№1. Тиісті сан есімді қой.


  1. (Бес жүз) жылдар шамасында,

Сонау Ертіс жағасында,

Болған біреу Саржан атты.


  1. (Жеті) жаста садақ тартты,

Атқан оғы тасты уатты,

Жай отынан кейін емес.


  1. (Отыз) күндік мерекені,

Естен кетпес мерекені

Сол ауылға ала келді.


  1. Балғын бөбек жетті (бірге)

Ілінбесін көз бен тілге,

Кереметтен туған жандай.

№2. Тиісті зат есімді қой.


  1. Сонда (мерген) қатты састы,

Адамды аңның сқсы басты,

Жолбарыстан көз алмады.


  1. Бота болып ойнағалы,

Арқаласа он баланы

Қайыспайды (қабырғасы).


  1. Ай толды, күні жетті,

«Ұл туды» деп ел шу етті

Дүниеге бір (бала) келді.


  1. Жұбайы да өзіне сай,

Аты (Айсұлу) ақ маралдай,

Ақша беті айменен тең.

№3. Тиісті етістікті қой.


  1. Үштен төртке (жетті) жасы

Туған айдай екі қасы,

Ақ тістері ақ меруерттей.


  1. «(Өлдім), балам, Толағайжан!»

Деген дауыс шықты жаман,

Атып сонда тұрды бала.


  1. Айтып соны баяндайын,

Ерінбейін, (аянбайын),

Тыңдау үшін кел, балалар.


  1. (Алып болар) деді үлкендер,

Тірі болсын, туды бір ер.

Ер жетуін күтті халық.

№4. Тиісті сын есімді қой.


  1. Кере қарыс (ашық маңдай),

Күн нұрынан жаралғандай,

Көзі түскен таңғалғандай.


  1. Бұл не деген (үлкен) мысық,

Салқындады-ау суға түсіп,-

Деді бала, күлімдеді.


  1. (Жалғыз) ұлы - көз жанары,

Сұраса да берер жанын:

«Ұйықта, қозым» деді Саржан.


  1. (Қос жұлдыздай) көз жанары,

Қос бетінің тамып қаны,

Жалындайды жанған өрттей.

V. Қорытынды.

«Кім? Қайда? Қашан?» ойыны.

Ертегіден үзінді оқимын. Оқушылар қай кейіпкердің, қашан, қай жерде айтқанын табады.

  1. «Ұйықта, қозым» (Саржанның Толағайды ұйықтатуы).

  2. «Өлдім, балам, Толағайжан!» (жолбарыс келгенде әкесі айтады).

  3. «Көзімді іліп алайын» (Толағай аңға шыққанда).

  4. «Күшті болсаң келе қал» (Толағай жолбарысты құйрығынан ұстап алып айтады).

  5. «Көп жауады қайда жауын?» (Толағай, құрғақышылық кезінде).

VІ. Бағалау. Оқушыларды топ басшылары бағалайды.

VІІ. Үйге тапсырма беру.

Ә.Тәжібаевтің «Толағай» әдеби ертегісін оқу, мазмұндау.

2 шумақ жаттау немесе ертегі мазмұны бойынша сурет салу.

© 2010-2022