Өзіңе сенімді болу өзін-өзі тану сабағы

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы:«Өзіңе сенімді болу »

Мақсаты: сенімді іс-әрекеттің дағдысын қалыптастыру, әр түрлі қысымдарға қарсылық білдіре алуға бағыттау, агрессияға бейім және өзіне сенімсіз адамның мінез ерекшеліктерімен таныстыру.

Сабақтың барысы

Шаттық шеңбері «Менің есімім...»

Мақсаты. Жасөспірімдердің арасында жұмыс атмосферасын тудыру.

Жаттығуды шеңбер құрып өткіземіз.

Жүргізуші: Қайырлы күн. Біз сіздермен жаңа сабақ өтеміз. Қанеки, бойымызды жазып, мына жаттығуды орындайық. Әрқайсымыз екі сөйлемді қайталаймыз.

«Менің есімім және өзімді мынандай қасиеттерім үшін жақсы көрем...»

Мысалы: «Менің атым Жалғас. Мен өзімді шыдамды, ұстамдымын деп санаймын. Сол үшін өзімді жақсы көремін»

«Менің атым Сәуле. Мен өзімді сұлулығым үшін жақсы көремін».

  1. Рольдік ойын. «Мен әр түрлі бола аламын».

Мақсаты: ойын арқылы жасөспірімнің әртүрлі ситуацияларда өзін көрсетуін анықтау, сенімді рольде болуы, сенімсіз рольде болуы, агрессивті рольде болуы.

Материалдар: сенімді, сенімсіз, агрессивті деген жазулары бар карточкалар.

  1. ситуация: Сен сабаққа дайындалмадың, сені тақтаға шақырып жатыр.

  2. ситуация: Бүгін сен достарыңмен дискотекаға барғың келеді, бірақ ата-анаң рұқсат етпейді.

  3. -ситуация: Сенің інің компьютерде ойын ойнап отыр делік, сен өзіңнің компьютермен жұмыс жасағың келетіндігін қалай жеткізесің?

  4. - ситуация: Саған достарың шарап ішуді ұсынды, бірақ сен оны қаламайсың. Сенің іс әрекетің ?

Балалар, қазір сіздермен ойын ойнаймыз. Әр ұсынған ситуациядағы рольдерді ойнауға тиістісіңдер. (Жүргізуші балаларға рольдер жазылған карточкаларды ұсынады. Сосын 1-ситуацияны оқиды. Үш оқушы оны 3 әдіспен ойнап шығады, осылайша әр оқушының ойынға қатысуға мүмкіншілігі бар)

Соңында талқылау жүргізіліп, қорытынды жасалады:

  • агрессивті адам өзін дөрекі ұстайды, бас салып айқайлауға жақын, қауіп-қатер туғызады, менмен, ұрысқа бейім, өзімшіл т.б

  • сенімсіз адам өзңн өте тыныш ұстайды, жалынышты, мүсәпір көзқараспен қарайды, дауысы баяу, ұяң.

  • Сенімді адам ішінара келісімділік көрсетеді, ұсынады, дәлелдейді, шыншыл.

  1. Жаттығу «Досыңа көмектес».

Мақсаты: сенімді дағдыны қалыптастыру.

Жүргізуші. Енді, балалар, көздеріңізге елестетіңіздерші. Мысалы, сіз қаламыздағы « Рауан » радиосында жұмыс істейміз. Сізге жас жігіт телефон шалып, өзінің сенімсіздігін айтып, көмек сұрады дейік, сіз оған не тілер едіңіз?

Сіздер бір бет параққа бір сөз тіркесінен тұратын тілек жазасыздар.

Жүргізушіге ұсыныс: Егерде адам басқаларға көп жақсылық жасаса, көмек көрсетсе, соншалықты ол өзіне сенімді бола алады деген акцентті көп тіркеу керек.

Ойын: Биіктен секіру

Ойын шарты: Оқушы бір орында тұрып , сол тұрған жерінен биікке секіру керек. Секірген ұзындығын өлшеу керек. Мұнда оқушылардың өздеріне деген сенімділіктері артады.

Жүректен-жүрекке

Оқушылар шеңберге тұрып, өздеріне деген сенімділіктерін бәрі хормен айтады.

  • Мен өзіме сенімдімін

  • Менің қолымнан бәрі келеді

  • Менде бәрі жақсы болады.

  • Мен ешқашанда ештеңеден қорықпаймын, менің қолымнан бәрі де келеді.

Балаларда ортақ пайдалы жұмысты істеуге тырысу, бір нәрсемен шұғылдану, ортақ мақсат қою және оны жүзеге асыру ісіне өздері қатысуға талпыныс пайда болады. Мұның бәрі де баланың жеке басының қоғамдық бағытын анықтайды, оның өмірге белсенді ұстанымын бірте-бірте қалыптастырады.

© 2010-2022