Қарапайым мәтіндік редакторы (6-сынып)

Сабақтың тақырыбы: Қарапайым мәтіндік редакторы. Редактор интерфейсі. Мәтінді теру ережесі. Мәтін бойымен жылжыту. Мәтіннің үзінділерін ерекшелеуСабақтың мақсаты: Білімділігі: Оқушыларды қарапайым мәтіндік редакторы, редактор интерфейсі, мәтінді теру ережесі, мәтін бойымен жылжыту, мәтіннің үзінділерін ерекшелеу туралы мағлұматтармен таныстыру, білімдерін қалыптастыру. Тәрбиелігі: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу. Дамытушылығы: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілет...
Раздел Другое
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пән аты: Информатика Сыныбы:6 Күні: 13.01.2015ж

Сабақтың тақырыбы: Қарапайым мәтіндік редакторы. Редактор интерфейсі. Мәтінді теру ережесі. Мәтін бойымен жылжыту. Мәтіннің үзінділерін ерекшелеу

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушыларды қарапайым мәтіндік редакторы, редактор интерфейсі, мәтінді теру ережесі, мәтін бойымен жылжыту, мәтіннің үзінділерін ерекшелеу туралы мағлұматтармен таныстыру, білімдерін қалыптастыру.

Тәрбиелігі: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Дамытушылығы: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту. Пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі

Сабақтың өту әдісі: сөздік, көрнекі, практикалық

Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды түгендеу, сабаққа даярлықтарына, сынып бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу.

ІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру

Мәтіндік редактор-ол мынадай мүмкіндіктер беретін қолданбалы программа:

  • Мәтіндік құжаттарды құруға;

  • Оларды өзгертуге, яғни, қателерн түзетуге, мәтін фрагменттерін жылжытуға, көшіруге, жоюға және қосуға, іздеу мен алмастыру жүргізуге;

  • Мәтінді пішімдеуге-әріптің мөлшері мен түсін, абзацтың қасиеттерін және басқаларды өзгертуге;

  • Құжаттарды басып шығаруға.

Компьютер үшін мәтін -ол символдардың кез келген жиыны деп айтуға болады.

Мәтіндік редакторлар жұмыс жасайтын деректер-мәтіндік ақпарат, оның ең кішкентай бірлігі символ болып табылады.

Мәтіннің элементтері: символ-сөз-жол-абзац-бет-мәтін.

Мәтіндік редактордың терезесінде кішкентай жыпылықтайтын сызықша-мәтіндік курсор бар. Ол келесі символдың қай жерде терілетінін көрсетеді.

Мәтін теру ережесі:

1.Бас әріпті немесе символды жоғарғы регистрден енгізу үшін Shift пернесін басып, жібермей ұстап тұру керек.

2.Егер бас әріппен бірнеше сөз енгізу керек болса-CapsLock пернесін қос.

3.Бір бос орын сөздердің арасына және тыныс белгілерінен кейін қойылады.

4.Дефис бос орынсыз қойылады. Мысалы: жан-жақты, бетпе-бет.

5. Ұзын сызықша (тире) алдынан да, соңынан да бос орынмен қойылады: «Блокнот - қарапайым мәтіндік редактор».

6.Тырнақшаларға немесе жақшаларға алып жазылған сөздер олардан бос орынмен ажыратылмайды: «Информатика»журналы.

7.Рим цифрларын енгізу үшін латынша бас әріптер қолданылады.

8.Enter пернесін абзацтың соңында басады. Жолдарды тасымалдау автоматты түрде жүзеге асады.

Құжат беті көп болса, мәтіннің соңына бірден қалай жетуге болады? Көмекке Ctrl+End.

Мәтінді ерекшелеу үшін тышқанды бір рет, екі рет және үш рет шерту.

ІІІ. Сабақты пысықтау

- Мәтінді ерекшелеу үшін нені қолданамыз?

- Мәтіндік редактор дегеніміз не?

- Мәтін теру ережесін ата.

ІV.Сабақты бекіту: Дәптерге мағлұмат жазу. Оқулықпен, компьютермен жұмыс:159-беттегі тәжірибелік жұмыс ортақ. 160-беттегі тәжірибелік жұмысты 3 топқа бөліп орындау.

V. Сабақты қорытындылау: Өара сұрақтар қойғызу арқылы сабақты қорытындылау.

VІ.Үйге тапсырма: Қарапайым мәтіндік редакторы. Редактор интерфейсі. Мәтінді теру ережесі. Мәтін бойымен жылжыту. Мәтіннің үзінділерін ерекшелеу.

VІІ.Бағалау


13.01.2015ж_______________

© 2010-2022