Открытое индивидуальное занятие дефектолога с учеником с ОНР

Раздел Другое
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

1.Казахстан, Акмолинская область, город Ерейментау, Казахская школа имени Богенбая батыра. Учитель-дефектолог Мейрманова Сауле Шакировна.

2. Дефектолог-мұғалімнің ашық сабағы. Сабақ түрі: жеке, 2 сынып

4. QIWI кошелек

Дефектолог-мұғалімнің ашық сабағы

Сабақ тақырыбы: «Цирк»

Мақсаты: : [С] дыбысының жекеше, буында, сөзде, сөйлемде машықтандыру.

Міндеттері:

1. [С] дыбысының артикуляциясының жекеше, буында, сөздерде, сөйлемдерде, мәтінде дұрыс айтылуын бекіту;

2.Фонематикалық есту қабілеттерін дамыту, дыбыстық талдау жасай білуге бейімдеу;

3.Лексико-грамматикалық санаттарын жетілдіру, алынған сөздің дыбыстық белсенділігін айқындау;

4.Сөздік қорын байыту және айқындау,арныйы үлгі бойынша сөйлем құрау қабілетін дамыту. Ұжымдық жұмыс істеу қабілетін дамыту, сөйлеген сөздерін өзі қадағалауға тәрбиелеу;

5. Эмоциональдық қабілетін дамыту: реніш, қуаныш, таңырқау, ым арқылы түсіне білуге тырысу.

Сабақ түрі: жеке

Құрал - жабдықтар: компьютер, цирк әртістердің суретті, сайқымазақтын кеспелі суреті, суретті құралдар, карточкалар, сөздері бар тапсырмалар, плакат сурет.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлеметсін бе, Жансая!

- Біздің бүгінгі сабағымыз ерекше болмақшы. Себебі бүгін біз цирк әртістерді көреміз.

ІІ. Психологиялық кезеңі

Открытое индивидуальное занятие дефектолога с учеником с ОНР

Мейірімді жүрекпен,

Ақпейілді тілекпен,

Амандасып алайық,

Бір жадырап қалайық!

(Дефектолог-мұғалім күннің көзіңі тақтаға іледі)

-Күннің көзі сабағымыз өткеніңше сәулесін төгіп тұрады!

III. Логопедиялық жаттығулар

1. Дауысты жаттығу компьютер арқылы.

2. Бойын еркін ұстау жаттығулар.

-Жансая, бүгін біз циркке барамыз. Цирк көріністі көреміз, цирк әртістерді есине аламыз, бірақ [С] дыбысының дұрыс сөйлеуді ұмытпа.

Циркте балуандар, сайқымазақтар, әр түрлі жабайы аңдар неше түрлі өнер көрсетеді. Біз де циркке баруға дайындалайық. Тұрамыз. Азғантай демаламыс, бұлшық еттерді босаңтырамыз. Көз алдына елестейміз - бізде балуан сияқты күшіміз көп. Ауыр гірдің тасыны көтереміз. Бар күшін саламыз. Ең әуелі гірдің тасыны оң қолмен көтереміз. Сосын, сол қолмен көтереміз. Қол ғана емес, аяқта, дене де күшееді. Енді бұлшық еттерін босаңтырамыз.

3. Тіл жаттығулар

1.Ауызды кең ашу - жабу.

2.Жымию- түтікше

3.«Сағат» - тілді жіңішкертіп ұстап оңға, солға жайлап қозғау керек.

4.«Кесе» -ауызды кең ашып, кең тілді таңдайға ұстау.

5.«Тәтті тосап» - жалпақ тілді шығарып жоғары ерінді жалап, тілді ауыз қуысына тереңірек апару.

6.«Аттын шабуы» - ауызды кең ашып тілді таңдайға жапсыру - айыру немесе таңдай қағу.

7. «Сылақшы» - тілмен таңдайды «сылаймыз».

4. Ым арқылы түсіне білуі

-Циркте көрермендер әсерлі эмоцияларды бастаң кешіреді. Көп күледі, таңғалады, кей уақытта қайғылады, ашуланады..., бірақ кобі несе күледі.

(ым арқылы түсіне білуге тырысу).

5. «Көбелек» жаттығу. Байыптылықты даму.

- Мұқият тында! Көбелек ортада отыр. Енді оңға, солға қарай ұшып кетті. Сосын жоғарыға, төмен қарай ұшып кетті.

6. Сөз байлықты даму. Жұмбақты шешу.

-Мен саған сөз жұмбақтарды ұсынамың, сен шеш.

Басы үшкір,орталықта орналасқан, киіз үйге ұқсайды, балаларға қуаныш әкеледі (цирк).

Көңілді, мейрімді, балаларды жақсы көреді (сайқымазақ).

Ортасында сан халық,

Белдескенде жан салып.

Жерге тимей жотасы,

Атанған күш атасы,

Айбаттыны кiм дейдi,

Қайраттыны кiм дейдi? (Балуан).

-Қандай цирк әртістерді тағыда білесің?

7. Логикалық ойлауды, қабылдауы даму.

-Суретті құрастыр, сөсың білесін қазір қім сахнаға шығады? (Сайқымазақтың кеспелі суреті).

IV. Қай әріп екенін айт. Алфавиттік жұмбақтарды шеш.

Сауысқанды, сәбізді

Сарымсақты, сағызды

Бастап тұрған қай әріп? «С»

Қыста бар, Сарада бар,

Жазда жоқ Шарада жоқ

Түсте бар, Сақанда бар

Кеште жоқ «С» Шоқанда жоқ «С»

«С дыбысының артикуляциясы»

Ерін жымиып тұрады;

Тістердің арасы шамамен 1 мм ашық;

Тілдің ұшы төменгі тістерге тірліп тұрады;

«С» дыбысын дұрыс айт, анық айт. Открытое индивидуальное занятие дефектолога с учеником с ОНРОткрытое индивидуальное занятие дефектолога с учеником с ОНР

-Төбешіктен шанамен сырғанады қандай дыбыс естіледі?»

С-С-С-С-С-С-С

Са - со - су - сы

Со - су - са - сы

Сұ - со - са - сы

«С» дыбысын сөзде дұрыс айтуға машықтандыру.

Ма .................са тол ..................са

Ала ................са айт ...................са

Бол ................са Қайт ................са

«Ыс» буынын қосып сөзді аяқта.

Дыб .............ыс ту...............ыс

Айт ...............ыс қу..............ыс

Жар ................ыс ал ..............ыс

«С» дыбысын сөйлемдерде дұрыс айтуға машықтандыру

СА-СА-СА - ызыңдайды маса

СЕ-СЕ-СЕ - бұл әдемі кесе

СУ-СУ-СУ - жай ағады Ақсу

V. Жұмбақ шешеміз

Сыртылдайды күнімен,

Сыртылдайды түнімен.

Білгің келсе уақытты,

Көрсетеді тілімен. Сағат

Мұрны пұшық,

Көзі қысық,

Өзі пысық

Бұл не? Мысық

«С» дыбысы бар аңдар: қасқыр, арыстан, жолбарыс

«С» дыбысы бар кісі аттары: Сымбат, Самат, Асылай, Қасым

VI.Сөздерді көпше түрде айт

Құс -құстар

Сабақ - сабақтар

Ыдыс - ыдыстар

Қасқыр-қасқырлар

Сурет-суреттер и т.д.

VII.Мәтінді оқы

Сыныпта

Сен екінші сыныпта оқисың. Сенің көп сыныптастарың бар. Сен олармен араласасың, кейбірімен жақын доссың. Сабақта сен білім аласың, мұғалімнің сұрақтарына жауап бересің, дәптерге жазасын. Сыныпта сенің өз орның, оқулықтарың, оқу құралдарың бар.

Тапсырма:

Мәтінді оқы.

Мәтінде «С» дыбысы бар сөздерді қайталла.

VIII. Көзге жасалатын жаттығу «Күлдіргі ойын»

IX. Тақтада жазылған плакат ілінеді.

1.Осы әріптерді ретімен қосып оқыту арқылы бірнеше сөз құрату.

Қ-О-Й-С-И-Ы-Р-Т-А-М-А-Қ-С-А-Б-А-Қ-Ш-И-Е-К-Е-С-Е-Б-А-Л-Ы-Қ-А-Р-А-Л-А-С-Ә-Т-К-Е-Ш-Е-К-Қ-Ы-С-А-Л-Т-Ы-Н-С-Ө-М-К-Е-Ж-Е-М-І-С

2.Құрастырған сөздердің ішінен С дыбысты кездесетін сөздерді тапқызу.

X. Қорытындылау. Үйге тапсырма беру.

Үйге: Цирк мәтінін оқып, мазмұнын айту.
- Осымен ашық сабағымыз аяқталды.

4


© 2010-2022