Конспект урока на тему Звукодорожательные слова

Раздел Другое
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ тақырыбы: Еліктеу сөздің түрлері.

Сабақтың мақсаты: Еліктеу сөздің мағыналық түрлерін біледі, еліктеуіш пен бейнелеуіштің айырмашылықтарын, ортақ белгілерін түсінеді. Еліктеу сөздерді өмірде қолдана алады.

Сабақтың қадамдары: Жаңа білімді игеру

Күтілетін нәтиже: Еліктеу сөздің түрлерін білетін болады.

Түрлерін ажырата алады.

Сыни ойлау қабілеттері дамиды.

Алған білімдерін өмірде қолдана алады.

Тапсырмалар: Тәжірбие жасау,сөйлемді талдау, салыстыру жасау.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Қолданылатын әдістер: «Ақыл қалпағы» әдісі, Венн диаграмма , «Тақырыптық теннис» ойыны

Көрнекіліктер: Үлестірмелі парақшалар, түсті қарындаштар,стикерлер,шар,су,стакан, шырпы, құмсағат.

Сабақтың барысы:

І.Психологиялық ахуал

Оқушылар «Шаттық шеңбері»құрып тұрады. Бір -біріне жылы лебіздерін білдіреді.(1-2 мин)

Және қиынды арқылы берілген гүлдің жинау арұылы топқа бөлінеді.

ІІ.Үй жұмысын тексеру

«Ақыл қалпағы»

Әр оқушы өткен тақырып бойынша екі сұрақтан құрып, таза,қиылған қағаздарға жазады. Қағазды орап қалпақтың ішіне салады. Қалпақтағы сұрақтарды араластырып, әр оқушы бір сұрақты алып жауап береді. (5 мин)

ІІІ.Жаңа сабақ (топтық жұмыс)

  1. Сабақ тақырыбын анықтау үшін тәжірбие көрсетемін.

Мысалы: Стакандағы суды екінші стаканға құю. Су қалай ақты?

Шарды жару . Шар қалай жарылды? Оқушылар: Шар тарс етіп жарылды.

Жарықты өшіріп жағу. Шам қалай жанды? Оқушылар: Шам жарқ етіп жанды.Аю қалай жүреді ?

(Арбаң-арбаң).Мен қалай қарадым?(Жалт).

Оқушылар сұрақтарға жауап бере отыра сабақтың тақырыбын анықтайды.(Сабақтың тақырыбы - Еліктеу сөздер және оның түрлері)

Тақтаа сөздерді ілу арқылы ержені толықтыру (7 мин)

Тақырыпқа өзім қысқаша шолу жасаймын. Күнді айды тақтаға, дәптерге жазу.

  1. Мәтінмен жұмыс

Мен мәтін оқимын, мәтіндегі кездесетін еліктеуіштерді І топ, Бейнелеуіштерді ІІ топ жазып алады да, мәтін бойынша сөйлеп, түсіндіреді.

Құстар көбейіп кетті. Ертеден кешке дейін дүр-дүр етіп, ағаштан - ағашқа қонып, у- шу базар жасап, мәз - мейрам болып, шықылықтасып тыным таппайды. Ноян қарқ-қарқ күлді. Бұл кезде сытыр-сытыр етіп жаңбыр жауа бастады.Күн шатыр-шұтыр күркіреді де, жаңбыр селдете құйды. Аяқ астынан пырылдай ұшқан торғайлардан жалтаң-жалтаң үркекткп, ауыздығын қарш-қарш шайнады. Арық жиегіндегі тісіне ілінген көкті бытыр-бытыр үзіп тұрған торы ат естіп пысқырып қойды. (С. Мұратбеков) (5 мин)

Сергіту сәті (2 мин)

  1. «Кім жылдам» ойыны Топтарға сөздер таратылады . Оқушылар берілген конвертке керекті сөздерді жинайды. (2мин)

  2. Жұппен жұмыс. 297- жаттығу. Еліктеу сөздерді тауып, қандай сөздермен тіркесіп тұрғанын табу (4 мин)

Топтық жұмыс еліктеуіш сөздерді қолдана отырып, табиғат құбылыстары туралы постер жасап ,қорғаңдар.(15 мин)

Сергіту сәті (2 мин)

ІV.Сабақты бекіту

Венн диаграмамсы Топпен жұмыс жасайды. Еліктеуіш пен бейнелеуішті салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табады. (2 мин)

V.Сабақты қорытындылау

Тақырыптық теннис 2 ойыншы, 1төреші, 1 уақыт есептеуші

Ойыншылар кезекпен тақырыпқа қатысы бар сөздерді айта бастайды, біреуі тоқтағанға дейін жалғаса береді.

Төреші ойыншының қанша сөз айтқандарын санайды, уақыт есептеуші уақыт белгілейді

жымыңдау,сылқ-сылқ, сақ-сақ, қарқ-қарқ, ыржың-

ыржың, жымиып күлу, шиқ-шиқ күлу, ыржақтау ( 2 мин)

VІ. Үйге тапсырма 298- жаттығу орындау, көркем әдебиеттен еліктеуіштері бар 10сөйлем жазып келу.

Бағалау Өзін- өзі бағалау парағы арқылы оқушылардың критерилер бойынша бағалауынан қорытынды бағаны шығарамын. ( 1мин)

Рефлексия ( 1 мин)

Оқушылар стикерлерді төмендегідей суреттерге жапсырады. Аттарыңды жазып, тақтаға апарып іліңдер

• Сандық - білімді ойыма тоқыдым;

• Ет турағыш -білімімді әрі қарай жетілдіруім керек;

• Қоқыс шелегі - маған бұл білім қажет емес.





3


© 2010-2022