Коучинг жоспары Орта мерзімді жоспар

Раздел Другое
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Орта мерзімді жоспар немесе тізбектелген сабақтар топтамасын жоспарлау»

тақырыбындағы коучинг жоспары

Р/c

Тақырыптың атауы

Орта мерзімді жоспар

1

Мақсаты

Оқыту тәжірибесіне 7 модульді ықпалдастыру; барлық оқушыларды қамтуға бағытталған стратегиялық жоспарлау, оқу нәтижелерін өлшеу әдістемесін анықтауға машықтау

2

Күтілетін нәтижелер

Орта мерзімді жоспар жайлы біледі, оны іс - тәжірибеде дұрыс қолдана біледі.

3

Сілтемелер

Мұғалімге арналған нұсқаулық ІІІ басылым - 117 бет.

4

Ресурстар

Слайдтар, маркерлер, стикерлер (әр түсті), тапсырмаларға арналған плакаттар, ОМЖ үлгісі.

5

Түйінді идея

Білгеніңді үйрету, білмегенді меңгеру

Жұмыс барысы

Коучинг кезеңдері

Уақыты

Коуч пен мұғалімдердің іс - әрекеттері

Тренинг. (жағымды ахуал туғызу, шабыттандыру)

1 мин

ай аттары мен апта атаулары жазылған қима қағаздар арқылы 2 топқа бөлу

Ұйымдастыру

2 мин

Коуч мұғалімдерге сұрақ қою арқылы модуль не бөлім бойынша білімді беру, жинақтау, бағалауда кездесетін проблемалар, қиындықтарды анықтап алады.

Теориялық білімге шолу

5 мин

Орта мерзімді жоспардың құрылымы мен ерекшелігі. Ұзақ мерзімді жоспармен байланысы. Слайд көрсету.

Көрсетілім

5 мин

ОМЖ моделін талдау

Жүйелеуге үйрету

7 мин

Сабаққа 7 модульді ықпалдастыруды, қолданылатын әдіс- тәсілдерді іріктей білуге үйрету

Практикалық жұмыс

24 мин

4 топқа бөлініп, бос шаблонға 1 пән бойынша орта мерзімді жоспар құру

Бағалау

3 мин

Әріптестерінің жоспарымен жеке танысып, стикерге пікірін жазу

Постер қорғау

4 мин

Құрылған жоспарларымен таныстыру

Сергіту сәті

2 мин

«Құстар қайтып барады» караокемен ән айту

Қорытындылау

5 мин

Орта мерзімді жоспар құрудағы қиындықтардың алдын алу:

-бағдарламаның жеті модулін ықпалдастыру;

-әрбір оқушының қабілетін ескеру;

-тиімді әдіс-тәсілдерді таңдау

Осы жоспарды өз тәжірибеңізде қалай қолданар едіңіз? Жоспар құрылымындағы бөлімдер қаншалықты маңызды деп санайсыз? 7 модульдің ұтымды болады?

Рефлексия

2 мин

Сіз жоғарыдағы тапсырманы орындау барысында қандай қиыншылықтарға тап болдыңыз?



© 2010-2022