Урок по казахскому языку на тему Суды қадірлейік

Раздел Другое
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Урок по казахскому языку на тему Суды қадірлейікУрок по казахскому языку на тему Суды қадірлейікУрок по казахскому языку на тему Суды қадірлейікУрок по казахскому языку на тему Суды қадірлейікУрок по казахскому языку на тему Суды қадірлейікУрок по казахскому языку на тему Суды қадірлейікУрок по казахскому языку на тему Суды қадірлейікҚазақ тілі 8-сынып 26 ақпан 2015 жыл

Тақырыбы: Суды қадірлейік. Шартты рай

Мақсаты:

Білімділік:Оқушылардың алған білімдерін кеңейте отырып, су туралы білімдерін толықтыру. Табиғат тақырыбына қатысты білім дағдыларын тереңдете тиянақтау.Етістіктің шартты райы туралы түсінік беру

Дамытушылық:Сөздердің мағынасын түсіну және мәтінмен жұмыс істеу арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін, тіл байлықтарын, сөздік қорларын, ауызекі сөйлеу тілдерін қалыптастыру, дамыту.Етістіктің райларын бір-бірінен ажырата алуға дағдыландыру.

Тәрбиелік:Табиғатты сүйе білуге, су қорын үнемді пайдалана білуге тәрбиелеу.

Сабақ түрі: жаңа сабақты игеру

Әдіс - тәсілдер: топтастыру, сұрақ - жауап, диалог, аударма, сәйкестендіру.

Жұмыс түрлері: жеке, деңгейлік, ұжымдық.

Көрнекілік: компьютер, презентация, үлестірмелі материал, Бурабайдың суреті

Пәнаралық байланыс: география, информатика.

Сабақ барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық.

- Бүгінгі сабақты қызықты етіп өткізу үшін, өздерің белгілі бір нәрсеге үйрену үшін барлығымыз да қатысып отыруымыз керек.

Бір-біріне сәттілік тілейді. 2 мин.

ІІ Үй тапсырмасын тексеру

1.Мәтін мазмұны бойынша жұмыс:

Балаларға сұрақтар жазылған топшамалар үлестіріледі.

  • Өзендер қайдан басталады?

  • Өзендер қайда құйылады?

  • Батыс Қазақстан облысы аумағындағы ең ірі өзен?

  • Қазақстанда қанша өзен бар?

  • Өзеннің теңізге құятын жерін қалай атайды?

2.Сөздік жұмыс:

Өзен - ірі, шағын, терең .....

Су - таза, мөлдір, салқын ....

Бұлақ - таза, мөлдір, ақ, .....

Тау - биік, аласа, асқар, .....

Теңіз - үлкен, терең, тұзды.....

3.Грамматикалық тапсырма:

Берілген етістіктерден бұйрық рай жасау:

  • Алады,болды,атайды

  • Құяды,бастады,келді

  • Еріді,бірігеді,қолданды

  • Береді, білдіреді,көрінді

  • Жүзеді,барды,шығады

  • Құйылады,бірікті,өзгереді

ІІІ. Жаңа сабақ

  • Балалар, жер бетіндегі тірі табиғат несіз тіршілік ете алмайды?

  • Сусыз

  • Дұрыс. Сондықтан суды үнемдеп, ысырап етпей, қадірлей білуіміз керек. Бүгінгі сабағымызда осы тақырыпқа әңгімелесіп көрейікші.

  1. Мәтінді балаларға оқытып, бейтаныс сөздердің мағынасын түсіндіру.

(түртіп оқу стратегиясы - мәтінді оқып, бейтаныс сөздердің астын сызады)

  1. Сөздік жұмысы

Балалар белгілеген сөздердің мағынасын түсіндіру

  1. Мәтінге сұрақтар қою.

  2. Мәтіннің негізгі ойын ашатын сөйлемдерді табу.

-Балалар, біз сендермен өткен сабақтарда етістіктің райларын өттік, етістіктің қандай райлары бар? Қане, есімізге түсірейік.

- Жақсы, жарайсыңдар. Міне біз бүгін етістіктің шартты райымен танысамыз

Етістіктің шартты райы түсіндіріледі

Шартты рай

Іс - қимылдың Етістік + -са, -се + ж.ж.

орындалу - орындалмау

шартын білдіреді

МЫСАЛЫ: Күн ашық болса, көлге барамыз.

Мен бүгін мектептен ерте келсем, анаммен бірге әжеме барамын

Оқулықпен жұмыс:

2-тапсырма 183 бет

  • Мәтінді оқып, мазмұнына лайық ат қою.

  • Берілген мәтін бойынша шартты райлы сөйлемдер жасау.

ІV. Сабақтың қорытындысы:

5 жолды өлең құрастыру. Мысалы:

Су

Таза, мөлдір

Ағады, қатады, ериді

Біз суды қадірлеуіміз керек.

Өзен

Үйге тапсырма: деңгейлік тапсырмаларды орындау

Бағалау парағы бойынша оқушыларды бағалау.



© 2010-2022