Ғылымилық жұмыс Жеті ата

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ғылымилық жұмыс Жеті атаҒылымилық жұмыс Жеті атаҒылымилық жұмыс Жеті атаҒылымилық жұмыс Жеті атаҒылымилық жұмыс Жеті атаҒылымилық жұмыс Жеті атаКіріспе

Өз ұрпағына жеті атасын үйрету атадан балаға жалғасып келе жатқан қазақтың тәрбиелік дәстүрі екені баршаға аян. Мұның қандастық жағынан алғанда үлгі боларлық зор қызметі мен маңызын халқымыз ерте түсінген және оны берік ұстанып келген. Енді осы қағиданың терең тамырына көз жіберіп көрейік.

Біріншіден, жеті ата тәртібі туыстық, ағайындық бірлікті, ынтымақты ұстана отырып, бір ауыл, бір бауыр болып өмір сүрген. Бір рудың адамдары осы күнге дейін бір жерде мекендеп келе жатыр. Екіншіден, жеті атаға дейінгі туыс-туғандардың тұрмыс-тіршілігі де, күнкөрісі де, тұрған жер, суы да, өріс, қоныс, жайлауы да қысы-жазы қатар немесе бірге болады. Қиындықта бір-біріне демеуші, қамқоршы-пана, қуанышты да, реніш-қайғыны да бірге көтеріп бөліседі. «Туысы бірдің - уысы бір» деген сөз осыдан шыққан.Үшіншіден, бір атадан тараған туыстар мен жас ұрпақтар бірін-бірі жақсы таниды. Ағалы-інілі, апалы-сіңілі дегендей, сыйластықта, бауырмалдықта бірге өседі. Мұндай туыс-туған, жақын-жуықтар арасында орынсыз жанжал, ұрлық-қарлық, барымта, зорлық-зомбылық сияқты жат істер болмайды. Өйткені тәртіп бойынша туыстар бір-бірінің малын ұрламайды. Керісінше, сырттай қамқоршы болып, жақын-жуықтарының мал-жанына көз салып жүреді. Әкелер мен аналар бір кіндіктен шыққан перзенттерін ел, ру намысын қорғайтын ержүрек, қайырымды, қаншыл, ұйымшыл, бауырмал етіп тәрбиелейді. «Қанына тартпағанның қары сынсын» деп қатты айтатыны тағы бар. Жеті ата ұғымында ағайын арасындағы үзілмес бірлік, бұзылмас тектік тәрбие-тәлімі өте зор және бұл әдемі, ұтымды тәсілдермен жасалған.

Жастарды парасатты да, бойында азаматтық намысы бар, елін, жерін сүйетін, өз отбасының тарихын білетін азамат етіп өсіргіміз келсе, бүкіл қоғамдық дамудың негізін келешек ұрпақ тәрбиесіне бағыттауымыз керек.Үлкендердің мойнындағы бір міндет - туыстарды жат болмауының қамын күйттеп, кімнің кім екенін, өзінің кім екенін, жеті атасын түгендеп, жалықпай бізге түсіндіріп беруі. Жеті атаны жаттату, тегін айтқызу, халықтың дәстүрдегі өлең-жырларды айтқызу - бұл ата-әжелер үшін үлкен міндет. Оқушыларды өзінің жеті атасымен, өмірі мен ерлігімен таныстырып, олардың меңгерген білімдерін жетілдіріп, білік пен дағдыға айналдыру, танымдық қабілеттерін дамыту, өз ойын анық жеткізе білуге үйрету, меніңше, бұл үлкен жетістік.

Зерттеудің мақсаты: Жас ұрпақты өз елінің, жерінің, ата-бабаларының тарихын, әдет-ғұрпын,салт-дәстүрін біліп өсуге тәрбиелеу, өткеннен сабақ алу.

Өзектілігі: Негізгі мақсат - жеті ата жайында мағлұмат бере отырып, өзінің кім екенін, қайдан шыққанын біліп өсуге баулу, тарихи білім мен тәрбиені тығыз ұштастыру. Біздің ата-бабаларымыздың тарихының жарқын беттерінен тәлім-тәрбие аларлық. Бүгінгі ХХІ ғасырдағы Қазақстан азаматы, өзін мемлекеттің өкілімін деп санайтын әрбір адам еліміздің тарихын,салт-дәстүрін, өзінің шыққан тегін білуі тиіс деп ойлаймын. Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев:«Өз тарихын білмеген халық, өзін де сыйламайды» деген. Бұл - әрбір азамат өзінің тарихын біліп, ата-бабалары қалдырған кең байтақ елдің, жердің лайықты мұрагері болуға ұмтылсын деген сөз.

Жоба арқылы жеті атаны біліп өсудің маңыздылығы халқымыздың өз ұрпағына атадан балаға жалғасып келе жатқан қазақтың тәрбиелік дәстүрі екен түсіндіру.

Зерттеудің міндеті:

«Жеті атасын білген ұл

Жеті жұрттың қамын жер.

Жеті атасын білмеген

Құлағы мен жағын жер»,- деген жүйелі сөздің мағынасын ашу.

Зерттеу жұмысының дереккөздері: Зерттеудің материалы ретінде деректер, сауалнама, түсіндірме, оқулықтар мен көркем шығармалар, ғылыми еңбектер алынды.

Болжам: Егер біз ата-бабаларымыздың тарихын сақтап, жеті атаға байланысты әдет-ғұрпымыздан өнеге алсақ, онда өз ұлтымыздың дені сау болып, саны көбейер еді.

Зерттеу әдіс-тәсілдері. Зерттеудің барысында жинақтау, салыстыру, сауалнамалар, талдау (анализ) және синтез тәрізді зерттеу әдістері пайдаланылды.

Зерттеудің теориялық және практикалық мәні: Зерттеу барысында алынған нәтижелерді тірек сызбалар, диаграммалар жасауда пайдалануға болады.

Зерттеудің жаңалығы: Жеті-атамның шежіресін анықтағанда мынадай ойға келдім: ата-бабаларымның жолын қуып, халқыма, еліме еңбек сіңірген шежіреші болам.

Зерттеу жұмысының құрылымы: Ғылыми жоба кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І. Негізгі бөлім.

1.1.Қазақтың туысқандық қатынастары

«Қырық рулы елміз, қарға тамырлы қазақпыз» деген сөз де баяғыдан келе жатыр.Бұл қазақтың аралас-құралас, алыс-берістік,құда-жегжат, жамағайын, жұрағатын аңғартатын сонау іргеміз сөгіліп,қаймағымыз бұзылмаған заманнан жеткен ұғым. Алысты жақын тұтқан, жақынды бауыр тұтқан, береке-бірлігі бұзылмаған, үлкені сөз бастаған, кішісі ағаның сөзін қостаған халықпыз.

Қазақта туысқандық қатынастарды өзара сабақтас үш жұртқа, топқа бөліп айтады. Жалпы қазақ пен қазақ кездескенде ата текті сұрамай отыра алмайды. Ата текті білу - біздің болашағымыз үшін, арымыз бен қанымыздың таза болуы үшін де қажет. Ата тегін білмей, жеті атаға жетпей, жеті ата түгілі әр түрлі себептерімен көшіп, алыстап кеткен ағайындардың балаларының бір-бірімен үйленіп қалып жатқандары да аз емес. Өз тарихымызды, ата тегімізді білу, түгендеу, тарату - әрқайсымыздың адамдық парызымыз болмақ.

Қоңыр қазақтың өзіне тән барша қасиетін ана сүтімен, жусан иісімен, күйдің күмбірімен, саумал иісті самалдың лебімен бойына дарытқан, көкірегі ояу, көзі ашық, халқының тарихын, өнері мен мәдениетін, тұмса тұнық әдебиетін, ғұрпын, салтын білетін, «Мен қазақпын!» дей алатын азамат өзінің шықкан тегін, кіндік кесіп, кір жуған ата жұртын қастерлеп, жеті атасын жадында тұтуы шарт. «Жеті атасын білген ұл жеті рулы елді біледі» дегенді сөз салмақтап, ой баққан атамыз қазақ тегін айтпаған болар. «Қырық рулы елміз, қарға тамырлы қазақпыз» деген сөз де баяғыдан келе жатыр. Бұл - қазақтың аралас-құралас, алыс берісті, құда-жекжат, жамағайын жұрағаттығын аңғартатын ұғым. Өткенімізді қарап отырсақ, ел бастаған көсем де, ділмар шешен де, ақиық ақын, ел қорғаны батыр да осы сөздерді жиі айтқан. Ел шетіне жау келсе, даңқты бабаларының атын ұран қып шақырып, канымыз, жанымыз бір, руымыз, туымыз бір, тегіміз, кегіміз бір, еліміз, жеріміз бір, суымыз нуымыз бір Ер Түріктің ұрпағы, алаштың азаматымыз,- десіп бәтуаласып, баталасып, бес қаруын асынып, ат құйрығын түйісіп, бір байрақтың түбінен табылған.


1.2. «Жеті ата» ұғымның мәні .

«Жеті атасын білмеген жетесіз» деген сөз тегіннен тегін айтылмаған. «Жеті ата» деген ұғымда «ата» деген сөз бар. Яғни бұл «ата-баба» деген ұғымды көрсетіп, тайға таңба басқандай, соқырға таяқ ұстатқандай айтып тұр. Олай болса, жеті ата шежіресі өзімізге дейінгі ата-бабаларымыздан бастап таратылады. Яғни:

1. Өзің.

2. Әке.

3. Ата.

4. Арғы ата.

5. Баба.

6.Түп ата.

7. Тек ата.

Бұл атаулар кей жерлерде басқаша айтылуы да мүмкін. Бірақ, қалай дегенмен де, жеті ата жолы осылайша таратылатын бұрынғы би, шешендер айтып кеткені - ақиқат шындық. Бұған қазіргі жөн, шежіре білетін қариялар да дәл жауап бере алады. Бұрынғылар жөн сұрасқанда «Ата-тегің кім?» - деп сұрайтыны, міне, осыдан шыққан.

«Жеті атасын білген ер

Жеті жұрттың қамын жер.

Жеті атасын білмеген

Құлағы мен жағын жер», - деген жүйелі сөз көп мағынаны білдіреді. Сондықтан, халқымыз баласын кішкентайынан жеті атасын тануға үйретеді. Біріншіден, бабадан тараған ұрпақтар бір атаның балалары саналады. Ал, екіншіден, баладан тарайтын ұрпақ әкеден бастау алып, жалғаса береді. Жеті аталық рулық жүйенің маңызы мен мәні, қоғамдық рөлі мен өнімі жайлы «Қазақ ұлттық энциклопедиясында» былай делінген: «…өз ата-бабасын жеті атасына дейін білу - әрбір қазақ азаматы үшін міндет болған. Мұның өзі қазақтардың этноерекшеліктерін танытады. Бұл жеті аталық жүйе ел басынан өткен қиын-қыстау кездерде тегінен көз жазып қалмауына және басқа халықтармен ассимиляцияға түсіп кетпеуіне себепші болды. Жеті ата мен ру шежіресін білу көшпелі қоғамда өмір сүрген халықтар үшін өмірлік қажеттілік еді. Жеті атадан үш жүзге дейінгі біртұтас туысқандық бітім бірнеше ғасырлар бойы «қазақ халқы бір атаның баласы, бір тамырдан тараған» деген ұстанымды орнықтырған. Жеті атасын тарата білу арқылы әркім көрші рулармен байланысын білетін. Сөйтіп, бүкіл қазақтың біте қайнасқан туыстығына көзі жеткен. Жеті атасын, руын, жүзін білген соң, қазақтар туған жерінің кез келген шалғайында өзін туысқандарының ортасында жүрген алып бір отбасының мүшесіндей сезінетін. Нәтижесінде, үлкен бір отбасы секілді ұлттың біртұтас зердесі қалыптасты. Жер басып жүргендер ғана емес, жадында сақталған баяғы ата-бабасы да тірілердің санасында тірілгендей, жалғасын тапқан. Жеті аталық ұстаным бүкіл халықтың бойында еш мәжбүрлеусіз, мейлінше тегеуірінді рухани бірлік сезімін терең сіңдіреді. Ол - этнотуыстықтың қуатты, арқаулы темір қазығы болды. Халық жадында берік сақталған жеті аталық ұстанымның ұлт болып ұйысуымызға, ұлттық құндылықтарымызды сақтап оны дамытуымызға әсері мол болды. Тағдырдың талай тауқыметін көріп, бұл күндері әлемнің отыздан артық елінде тарыдай шашылып жүрсек те, біртұтас халық ретінде тарих сахнасынан көрінуімізге тигізген үлесі мен пайдасы, құны мен қымбаты, рөлі мен маңызы туралы мұнымен ғана тоқталуға болмайды. Дүниедегі барлық халықтың таралу тегі болатынын, тіпті, өз ата-бабаларын Нұх пайғамбардан бастап таратып көрсететін ұлттардың да барын білеміз . Әйткенмен, әзірге жеті аталық ұстаным әлемдегі қазақтан өзге ұлттарда бар екенін естімедік. Ол жеті ата немесе жеті ұрпақ атауына сәйкес атау-терминнің өзге ешбір халықтан шықпауынан да белгілі. Жеті ата танымының қазақ халқында бағзыдан келе жатқан тамыры терең ұғым екенін арнаулы атаулары дәлелдейді.

Жеті ата атауының қазақта тамыры терең, үлкен ұлттық ұлағатты шежірелік жүйе екенін, оның қазақ өміріндегі маңызын жоғарыда баяндап өттік.

Қазақ рулары жеті атаға толғаннан кейін ғана қыз алысады. Аталас рулар жеті атаға тола салып емес, қайта жетінші атаны толтырып, сегізінші ұрпаққа жеткенде ғана құдаласады.

Жеті Атаға дейін үйленбеу дәстүрі түркі тектес халықтардың ішінде тек қазақтарда ғана бар. Осы жайында оқыған бір аңыз әңгімені ұсынбақпын.

15-ғасырда Қазақ хандығы орнап, оны Керей мен Жәнібек хандар басқарғаны белгілі. Бірде Жәнібек ханның ақылшысы, кеңесшісі Жиренше шешен қатты ауырып, төсек тартып жатып қалыпты. Жақын жерлердегі талай белгілі емші, бақсыларды шақыртып қаратса да, еш ем қонбапты. Соңында атақты Өтебойдақ деген емші барын біліп, соны шақырады. Өтебойдақтың емінен кейін Жиренше жазылып, дертінен айығыпты. Жәнібек хан емшіге риза болып, бірнеше сұрақ қойыпты. Көп сұрақтарына қонымды жауаптар алып, соңғы сұрағын қойыпты:
- Қандай ауруды емдеу қиын?

- Тұқым қуалайтын ауруды емдеу қиын.

- Ал, оның алдын алуға бола ма?

- Болады. Жеті атаға дейін туыс адамдар қыз алыспау керек. Жеті - қазақ үшін қасиетті сан.

Өтебойдақ емшінің айтқанын Жәнібек хан жадына тоқып, халыққа жеті атаға дейін үйленуге тиым салыпты. «Кімде кім жеті атаға толмай үйленсе, өлім жазасына кесілсін» деген жарлық шығыпты. Содан бергі қазақ хандары да осы жарлықты бұлжытпай орындап отырыпты. Ал, Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы «Шипагерлік баян» атты шипагерлік кітап жазған адам.
Өмір тәжірибесі мол халқымыз кейінгі ұрпаққа жеті атасын білуді міндеттеген және оны үйретіп жаттатқан. «Жеті атасын білмеген - жетесіз» деген содан қалған.

Қазақтың қан тазалығы, ұрпақ амандығы, жеті атаға дейін қыз алыспайтындығы ұлтымыздың өміршеңдігі мен өнегесін паш етеді. Өз ұлтымыздың ұпайын түгендеп, өзгелерден жоғары қою мақсатында емес, қасиеті мен қадірін жете ұғыну үшін әрі жақсы мен жаманды айырудың астарына үңіліп, парқына бойлау үшін бір мезет өзгелердің де өміріне көз жүгірткен абзал шығар.

Қойымыз қоралас болмаса да, сырттай тілеулес ел Сауд Арабиясында туысқандардың бір-бірімен үйленуі қалыпты жағдай саналады. Ежелден солай. Әлемдегі өзге халықтармен салыстырғанда, туысқанымен шаңырақ көтергендердің қарасы көп ел ретінде атағы шыққан Сауд Арабиясында осының кесірінен балалар түрлі жүйке дертіне шалдыққан. Бұл келеңсіздікті саудиялықтардың өздері де мойындап отыр. Саудиялық невролог дәрігер Суад Ямани ел астанасында өткен балалардың жүйке ауруларына қатысты 12-ші конференцияда «Ауруын жасырған өледі» деген принципті ұстанып, осы сұмдықты жасырып-жаппай, жайып салды.

Дәрігердің сөзіне қарағанда, ағайынды ерлі-зайыптылардан туған баланың дертін алғашқыда анықтау қиынға соғатын көрінеді. Өйткені, ондай некеден өмірге келген сәбидің бойындағы дерт атадан балаға беріліп, тек қуалайды. Мұндай жұптардан дүние есігін ашқан нәрестелердің бойындағы жүйке дерті әлемнің кез келген түкпірінде кездесетін көрінеді. Ең қиыны, оның бірыңғай емі жоқ.

Ұрпағына жеті атасын үйрету - атадан балаға жалғасып келе жатқан қазақтың тәрбиелік дәстүрі. Жастайынан балаға әкеден бастап ағайын-туысты, нағашы жұртын, алыс-жақынды таныстыру, ата-тегін, руын, ел жұртын білдіруге ерекше көңіл бөлінген.

«Жеті атасын білген ұл жеті жұрта жөн айтар» деген аталы сөзді арқау етіп, баласына ата тарихын жастайынан жаттатып, ел-жұрт тарихын білу - ер-азаматты ерлікке, елдікке баулиды деп ұққан. Әкесі, атасы балаға тек жеті атасына дейінгі бабаларының атын жаттатып қана қоймай, олардың қандай адам болғанын, елі-жұрты үшін еткен ерлігі, өнегелі істері жайында әңгімелеп берген. Осы арқылы бала ата дәстүрін жалғастырса екен деген мақсат көзделген.

ІІ. Шежірем

Руым - Арғын, оның ішінде Атығай. Жеті атам: Сейілбек, Балтагерей, Жанқожа, Бесбай, Жанай, Қадырқұл, Сәмен. Ол мәліметтерді мен атамның бауыры Кенжебай атамнан білдім. Өз заманында өңір, болыс көлемінде қолында бар билігіне қарай, қызметіне орай Отанымыздың тарихына үлестерін қосқан әже-аталарым туралы жеке тоқталғым келеді .

Жанай атамның балалары: Бесбай, Тоқбай, Алтыбай, Жетібай бабаларым Теңдік ауылының негізін қалауға өз үлестерін қосқан екен. Қазіргі уақытта осы кісілердің ұрпақтары - Теңдік ауылының негізгі тұрғындары. Олардың саны жиырма бес үйден асады.

2.1 Атығайдан тараған Кәдір, Құлансу.

Ауылымызды оңтүстіктен батысқа Қылшақты өзені айналып өтіп, терістікте жатқан Шағалалы көліне құяды (4-5 км). Бұл өзен қазір Шағалалы деп аталады. Шағалалы өзенінің тарихи аты - Қылшақты. Шығыс жағымыз ашық. Аталарымыз осы өзен-көлдің жағасына қоныстанған, түбекте шілік, тал өскен. Сондықтан жердің атын Талтүбек деп атаған. Қылшақтының оңтүстігінде Құрманғожа байдың ескі жұрты жатыр. Тың көтеру жылдары бұл жерлер жыртылып кеткен. Ертеде «Құрманғожа байдың ауылы» деп аталған. Сол Құрманғожа байдың немересі Қабдолла ақсақалдың соғыс жылдары шығарған өлеңінде:

Қылшақты Қара мойыл мекен жерім,

Көп халық пайдаланған, еккен егін.

Адамы қоға жесе өлмейді деп,

Ежелден қоныс еткен атам менің, -

деген өлең жолдары бар.

Аталған өзен мен көлдің маңын Атығайдан тараған Кәдір, Құлансу деген екі рудың ұрпақтары мекендейді. Бұрын алты қазақ ауылы болған.

Құлансу

Теңдік Бірлік Ынталы

Кәдір

Көзашар Еңбек Күншығыс.

Бұл атаулар 1929-30 жылдары колхоздастыру жылдары қойылған.

Осы елдің тұрғыны Нұрахмет Балтабекұлы туралы туған ел жайында жазылған мына өлеңінде:

Жылжып өтіп барады өмір-керуен

Артта қалып жастық дәурен.

Бұйырған ризықты теріп жүрмін

Ата-мекен - Құлансу деген жерден.

Балық аулап, құс аттым қырық жылдай

Қылшақты мен Шағала-Шалқар көлден.

Шөбін шауып, жидегін теріп жедік

Талтөбек, Дөрмен аты асқар белден.

Мал бағып, егін салып еңбек еттік

Не көрсек те бірге боп туған елмен.

Құлансу - Атығайдың бір баласы,

Сарыарқа, Шалқар көлді кең даласы.

Батырына Қылшақтының мекен өткен,

Үш ауыл Құлансудың үш баласы.

Атанып Бөрілі, Балға, Талды түбек,

Бай болған Құрманғожа елге тірек.

Балығы Шағаланың болып ризық

Көрмеген ашаршылық, жада-жүдеп, - деген өлең жолдарынан ашаршылық жылдары кезінде ауылдастарымды Шағалалы өзен-көлі аштықтан аман алып қалғандығы жайында жазған.

Осы өлеңде жазылған Талтүбек деген жерінің ескі жұрты «Ескіқора» деп аталып кеткен. Шағалы көлінің сол жағасындағы Талтүбек жерін су басып, ел бері ығысып, қазіргі Теңдік ауылының жеріне орналасқан.

2.4. Өз жұртым.

Балтагерей Жанқожаұлы (арғы атам)

Өмір сүрген жылдары 1880-1964. 4 сынып білімі бар. ХХ ғасырдың 30-ншы жылдары: Берлиновка селосының атақты жылқышысы болған. Еліміздің ауыр кездеріңде,ұлы нәубет уақытында халыққа көп көмегін тигізген екен. Ол кісінің жары Жангулина Қатыш, екеуінің сегіз баласы болған. Жары Ортақ ауылынан. Ахмер,Балтагерей,Жұмабек ағайындылары болған.

Сейілбек атам: 1938-1971 ж.ж. өмір сүрген. Атам Қотыркөл техникумында бухгалтер мамандығын тәмамдаған. Красноармейск ауданына қарасты, Берлиновка селосында, Теңдік ауылында бухгалтер қызметін атқарған. 1971 жылы 33 жасында дүниеден озған. Атам қайтқанда әкем небәрі жеті жаста болған екен.

2.5. Әкемнің нағашы жұрты: Әкемнің анасы Мәриямнің жалғыз бауыры Сағындық атам ата-аналарынан ерте жетім қалған. Тәркілеу жылдарында олардың ата-аналары қуғынға ұшырап, балалары жетім қалады. Сағындық інісін бір туысы Қарағанды қаласына алып кетеді. Мәриям әжем осы Теңдік ауылында ата-анасынан, бауырынан айырылып, жетімдіктің зардабын кешеді. 1961 жылы Сейілбек атама тұрмысқа шығады. Олардың үш баласы: Гүлшара, Қайыргелді, Жасұлан Теңдік ауылында дүниеге келеді. Бірнеше жылдарды артқа салып, 1991 жылы ғана Сағындық атам Мариям әжеммен қауышты. 1994 жылы Мәриям әжем дүние салды.

Менің нағашы жұртым.

Менің нағашы жұр Зеренді ауданына қарасты Баратай ауыл

Менің отбасым: Балтагереев Қайыргелді Сейілбекұлы (әкем)

Балтагереева Марал Нұрланқызы (анам). Теңдік орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі .

Әпкем - Жадыра Қайыргелдіқызы. Қазіргі уақытта тұрмыс құрған, кішкентай қызы бар.

Ағам - Әсет Қайыргелдіұлы мектепте үздік оқып, «Алтын белгімен» аяқтады. Қазір Астана қаласындағы Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Заң» факултетінің 4 курс студенті.

Сіңілім - Нұрсұлу Қайыргелдіқызы. Теңдік орта мектебінің 3-сынып оқушысы,сабағын өте жақсы оқиды.

Өзім 2001 жылы тамыз айының жетінші жұлдызында өмірге келдім. 8-сынып оқушысымын. Өмірлік ұраным: «Талаптыға нұр жауар». Сабақты үздік оқимын. Келешекте елімнің, жерімнің тарихын терең зерттейтін Файзолла атадай шежіреші болғым келеді.





Қорытынды
Осы ғылыми жобамды жазу барысында өзімнің әке-шешемнің шежіресімен тереңірек таныстым. Менің негізгі мақсатым «Жеті атасын білмеген - жетесіз» деген аталы сөздің мағынасын ашу. Қарға тамырлы қазақ жөн сұраса келе туыс болып кетеді. Мұның бәрі ата-тегін білгеннің арқасы. Жеті атасын білген адам жеті жұрттың қамын жер деп сондықтан айтады.
Бұл тұрғыда зерттеген еңбегімде тарих, ана тілі пәндерге деген қызығушылығын артып, оқулықтарды, деректерді пайдалана отырып, іздеуімнің арқасында өзімнің жеті аталарым туралы білімімімді толықтырдым. Бүгінгі жас ұрпақ өз елінің, жерінің тарихын, ата-бабаларымыздың тарихын білуі және оның жақсысынан үйреніп, жамананан жиреніп қорытынды жасауы, сабақ алуы тиіс.

Шежіре арқылы әркім өзінің ата-бабаларының кезінде би болғандығын, батыр болғандығын немесе білгір кісі болғандығын немесе бай болғандығын біліп, соны мақтан тұтады. Соған еліктейді, соған асып кетуге тырысады. Шежірені дұрыс білген адам ол ең бірінші өзінің ағайындарын, одан жоғарғыларын барлығын біріктіреді.Ауыртпашылық заманда бір-біріне көмектеседі, жәрдемдеседі. Қазақтың бүкіл ерлігі де, жеңісі мен жеңілісі де, сүйегіне түскен таңба мен маңдайына тұтқан мақтанышы да осы шежіре.

Дүние жүзіне аты мәлім ұлы бабамыз Әбу-Насыр Әл Фараби: «Тарихты білмей - өткенді, қазіргі жағдайды білу, келешекті болжау қиын» деді. Сондықтан, қорыта келгенде тәуелсіз ел боламыз десең тілің мен тарихынды жадыңнан шығарма, құрметте және қастерле біл.






Пайдаланған әдебиеттер

1. Ясиын Қ. «Қазақ шежіресін зерттеу» 2000, №1,15 б.

2. Аймбетова Г. «Молодость, наука, чистые порывы...» «Қазақстанның ғылымы мен жоғары мектебі» 2006, nauka.kz

3. Аймбетова Г. «Родники жизни». Алматы 2007, 3, 38 б.

4. Аймбетова Г. «Они уходят. Навсегда», «Вечерний Алматы» 2005, 3 б.

5. Аскерова А. «Жеңіске мың тағзым!», «Колос» 2010,

№ 20, 2 б. 6. Аскерова А. «Отец», «Колос» 2008, № 17, 2 б.

7. Ергөбек Қ. «Жазулы хатқа айналған қария», «Солтүстік Қазақстан» 2010,

б. 8. «Киргизская степная газета». Омбы 1901, №10

9. «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі» Алматы, «Дайк-Пресс» 2008, 911 б.

10. «Қазақ ұлтынан - қазақ еліне». Алматы 2010, kazakheli.kz

13. «Северо Казахстанская энциклопедия». Алматы «Арыс» 2004, 248 б.
14. Сейіт К. «Жеті атаны білуіміз керек». «Ана тілі» газеті 13-Қаңтар 2011
15. «Солтүстік Қазақстан облысы энциклопедия». Алматы, «Арыс» 2006 374, 406.

16. Шейкина Т. «С праздником, опера!», «Северный Казахстан» 2010, № 121, 5 б.

12


© 2010-2022