Мен сабаққа барамын. Шығарма

Раздел Другое
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Мен сабаққа барамын....»

Педагогикалық технологиялар оқыту мақсатына жетудің тиімді, нақты жолдарын көрсетеді. Кез келген оқыту технологиясы іс-әрекеттің қарқындылығы мен белсенділігін арттырғанымен, кейбір технологияларда бұл құралдар басты идея мен нәтиже тиімділігінің негізін құрап, жеке тұлғаның дамуына бағытталған. Олар проблемалық оқыту, дамыта оқыту технологиясы, сын тұрғысынан ойлау технологиясы.

Менің шығармашылық тақырыбым: сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы бойынша оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту.

Мақсатым: Білім берудің ұлттық моделін дамыту, бәсекеге қабілетті, шығармашыл тұлға қалыптастыру.

Міндетім: Білімімен, іскерлігімен тіл мәртебесін көтеру, осы жетуде тиімді жол іздеу. Күтілетін нәтиже тіл құдіреттілігін бойына сіңірген, патриоттық сезімі, рухы күшейген, бәсекеге қабілетті ТҰЛҒА тәрбиелеп шығару.

Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз не?

  • Шындалған ойлау, кез келген даму деңгейіне байланысты мәселелерге сыни көзбен қарау;

  • Күрделі мәселелерді шешуге, аса маңызды, жауапты шешімдер қабылдауға құштарлық;

  • Үйрету мен үйрену бірлігінен, үйренудің қызығушылығынан тұратын, үйренушінің сеніміне негізделген құрылым.

«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасының ерекшелігі:

  • Кез келген ақпараттың жан - жақты ой елегінен өткізіп барып қабылданатындығы.

  • "Өзгенің ақыл" ойымен шыңдалмаған білім - білім емес" дегендей жеке емес топтық, не ұжымдық талқылаулар түрінде игерілгендігі.

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы бойынша сабақ құрылымы 3 кезеңнен тұрады. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы бойынша стратегиялардың құрылымы сабаққа дайындық, оқыту барысында қолданылатын, үй жұмысы ретінде берілетін стратегияларға бөлінеді.

Сабақтың бұл кезеңдерін айқындау үшін мұғалімнің керекті, мазмұнды сұрақтарды дұрыс қоюы қажет. Әр кезеңнің маңыздылығына қарай сұрақтар да әр түрлі болып қойылады. Ең алдымен оқушыларды 1,2,3 ке бөліну арқылы топтастырылады. Олар 1 деңгей, 2 деңгей және 3 деңгей болып үшке бөлінеді. 7-сыныпта өткен Мұхтар Әуезовтың «Көксерек» тақырыбына жасалған бағдарлама әдістерінің қалай жүзеге асқандығымен таныстырып өтсем.

Қызығушылықты ояту: (ұйымдастыру кезеңінде) кезеңінде келісімді сұрақтар:

1.Мұхтар Әуезов

туралы не білесіңдер?

2.Мұхтар тудырған

шығармаларды неше

салаға бөлуге болады?

3.Ақын шығармалары-

ның негізгі ойы?

«ИНСЕРТ» «Түртіп алу жүйесі» стратегиясы оқушының өзіндік білім деңгейін тексеруге қолайлы әдістердің бірі. Сонымен қатар оқушы білімін тереңдетуге мұғалімге көмекші әдіс ретінде табылған.

«Екі жақты күнделік» стартегиясы арқылы оқушының қоршаған ортаға өз көзқарасын білдіруге, ойын ашық айта алуға талпындыратын әдістің бірі болып табылалы.

Ал «Семантикалық карта» стратегиясы оқушы мен шығарма арасындағы байланысты үдетеді. Оқушының шығарма мазмұнын жетік меңгеруін көздейді.(жаңа сабақ кезеңінде)

«Концептуалдық кесте» стратегиясы кейіпкер жанын түсінуге, өмірлік ұстанымын тануға, оның іс-әрекетіне адамгершілік тұрғыдан баға беруге үйретеді.

«Ой толғаныс» кезеңінде оқушылардың сабақ үрдісінде алған білімдері тексеріледі.

«Венн диаграммасы» бойынша оқиға кейіпкерлерінің өзара ұқсастығы мен айырмашылығы ажыратылады. (сабақты бекіту)

Тақырыпты жан-жақты талдауды қолдайды «Кубизм» әдісінде кубиктің 6 қырына сай жасалған тапсырмалар (яғни зерттеңіз, суреттеңіз, салыстырыңыз, қолданыңыз, бұл туралы ойлағанда көз алдыңа не елестеді? Талда, қорған, қарсы шық) арқылы оқушыға жаңа білім мазмұнын игертуге болады.

«Синку-эй» немесе « 5-жолды өлең» деп аталатын бұл стратегияда берілген сөзге тиісті сын есім, іс-әрекетті білдірер етістік табу шеберлігі анықталады.

Оқушылардың өз ойын айтуға, еркін сөйлесуге талпындыратын әдістердің бірі - «Еркін жауап» стратегиясында оқушыларға ерік беріліп, олардың қалаған жұмысын орындауға құқылы.

«Егер де мен...» әдісі оқушыны қиял әлеміне самғатып, шығарма соңын өз еркінше аяқтауға мүмкіндік туғызатын әдіс.

Бүгінгі таңда сабақ үрдісінде оқушы білімін тексеретін әдістердің мазмұн мен түрі жағынан әрі тиімді, әрі жиі қолданылатын тест түрлерін оқушы қызығушылығын арттыру үшін түрліше пайдаланамын.

Жоғарыда көрсетілген сабақ барысында қолданылған стратегияларын мұғалім мен оқушы іс-әрекеттері айқын байқалады. Өз сабақтарымда көз жеткені, оқушыларға:

  • Еркін ойлауға мүмкіндік береді;

  • Жан - жақты ізденеді;

  • Тіл байлығы жетіледі;

  • Ұжымдық іс - әрекетке тәрбиелейді;

  • Шығармашылық белсенділігі артады;

  • Ақыл ойын дамытады.

Заман талабына сай білім беру - бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Осыған орай өз тәжірибемде сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасын пайдаланудың маңызы зор екенін анықтап дәлелдегім келеді..

Сөзімнің соңын Абылай ханның мына даналық сөзімен аяқтағым келеді.

Білекке сенген заманда ешкімге дес бермедік,

Білімге сенген заманда қапы қалып жүрмелік!





© 2010-2022