Мұқағали Мақатаев (10 класс)

Раздел Другое
Класс 10 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сыныбы: 8 б

Күні : 21. 02. 14ж

Сабақтың тақырыбы:

М. Мақатаев. «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы. (қайталау сабақ)

Сабақтың мақсаты: Ақынның өміріне шолу жасау, сөзімен өлең өрген жыр пырағы - Мұқағали туралы дерек, поэмасының тақырыбы мен идеясы, поэзия туралы түсініктерін,сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамыту.

А)Білімділік:Ақынның поэзиясының өміршеңдігін таныту,көркемдік тілін ашу.

Ә)Дамытушылық:Оқушының сөйлеу тілін дамыту,өз ойын еркін,жаттық жеткізе білуге,мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастыру.

Б)Танымдық:Өз бетімен іздене білуге,ой қорытуға үйрету.

В)Тәрбиелік мәні: Туған жерге деген сүйіспеншілікке, адамгершілікке, табиғат әсемдігін түсінуге,қасиетті нәрселерді қадір тұтуға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: қайталау сабақ

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, топтау, ой толғау.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, кеспе қағаздар.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, биология, география.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

- Оқушылармен сәлемдесу.

- Сынып тазалығын бақылау.

- Оқушыларды түгелдеу.

- Сынып тазалығын бақылау.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

Шығармашылық жұмыс.

1 топ. Мұқағали өлеңдерін оқи отырып, Мұқағалидан не таптыңдар?

2 топ. Сенің Мұқағалиың қандай?

3 топ. Сенің Мұқағалиың не дейді.

Ой толғаулар.

(дарынды оқушылармен жұмыс.)

  1. Әр топтан бір оқушыдан ақынның бір өлеңін жатқа оқу.

  2. Ақынға арнаған арнауларын оқу.


  1. «Топтастыру» стратегиясы

  2. Ақын өлеңдеріне жазылған әндер

  3. Венн диаграммасы

«Ой шақыру» стратегиясы.

Біз Мұқағали ақынды -поэзия патшасы десек,ендеше,поэзия патшалығына сапар шегіп көрейік.Міне,патшалықтың алтын қақпасы ашылды."Аққулар ұйықтағанда" сарайының кілті өз қолдарыңда.Қазіргі сәттен бастап осы сарайдың сырына үңіліп көрейікші. Іске сәт!

Перфокарта толтыру.

Берілген есімдер

Махаббат символы...

Әсем...

Қамқор...

1

Аққу


2

Ана


3

Табиғат


Сұлулықты неден көреміз?

Оқушылар топтарының аттарымен таныстырады.

Психологиялық дайындық.

1 топ. Ұстаздар мен оқушыларға тілек айту.

2 топ. Өлең немесе ән орындап беру.

3 топ. Мақал - мәтел айту.

Поэма бөлімдерімен жұмыс.

Поэма бөлімдері бойынша кестені толтырады.

Сұрақтар мен тапсырмалар.

1 топ.

Тәуіп деген кім?

Аққуды кезенерде ырым жасап, тым құрыса саусағыңды қанаттың ба? деген жолдарды қалай түсінесің?

2 топ.

Тәуіптің айтқан емі қазіргі медицинаға жата ма?

Поэмада көтерілген мәселелерді талқылап, бүгінгі өмірмен байланыстыр.

3 топ.

Қазақ халқы тағы да нелерді киелі санаған?

Егер сіз автор болсаңыз, поэманы қалай аяқтаған болар едіңіз?

Сергіту сәті.

Әр топтан үш оқушыдан шығып, қима қағаздардағы сөздерді алып, қимылмен немесе жуық сөздермен түсіндіреді.

Шығармашылық тапсырма.

1топ. Кубизм әдісі.

"Жетімкөл" табиғатымен өзіңнің тұрғылықты жеріңнің табиғатын Салыстырыңыз.

Сен де күндердің күнінде "Жетімкөл" табиғатын тамашалуға бардың... Елестетіңіз.

"Табиғат" сөзі қолданыңыз. Төрт жолды өлең құрасьтырыңыз.

2 топ. Сұрақ Рефлекция.

Поэмадағы аққу үнінен ұққаным..........................................

Поэмадағы аққудан алған әсерім...........................................

Поэмадағы аянышты аққудыға ұқсағым келеді..................

3 топ. Ана Пирамидасы.

Басты кейіпкер

---------------------------------

Кейіпкерді суреттейтін екі сөз

-----------------------------------------------

Мінезін суреттейтін үш сөз

---------------------------------------------------

Тұлғасын суреттейтін төрт сөз

---------------------------------------------------

Өмірін суреттейтін бес сөз

-----------------------------------------------------

Өңірін суреттейтін алты сөз.

---------------------------------------------------

Дебат.

1 топ

Әсем табиғат...

2 топ

Махаббат символы аққу...

3 топ

Қамқор ана...

9. Сабақты бекіту:

Күн құшқан айдын көлде жалғыз аққу

Қаңқылдап қанатымен сабалап су,

Таранып қаранады жан-жағына,

Сұлуды тасалама ,көк торғын құс.

Құрметті шәкірттерім, ақын Ф.Оңғарсынова "Мұқағалидай ақыны бар халық-- - бақытты халық" деген екен. Олай болса, сыршыл ақынның өміршең шығармасымен танысқан сендер сол бақытты халықтың бақытты ұрпағысыңдар!

Тапсырма:Ақынның поэмасындағы негізгі арқау болған тақырып не? Кестені толтыру.

10. Үйге тапсырма:

1. Ақынның өмірбаяны бойынша қосымша дерек жинау.

2. Поэмасының бір шумағына талдау жасау.

3. Шығарма кестесін толтырып келу.

11. Бағалау:








© 2010-2022