Қазаққа келген қасірет тақырыбында өлең

Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазаққа келген қасірет


Күтпеген ек бұл соғыстың боларын,

Ақтарар деп татулықтың қорабын

Тыныш өмір жұртымызды әлдилеп,

Еш қатердің білдіртпеді тозаңын.

Біреулер қалды әкелерін қимасқа,

Баласын ойлап ана қалды ес жимасқа

Сұрапыл соғыс не істетпеді еліме,

Сүті құрып, қатығы кетті ұйымасқа.

Қанішерлер жерімізді ойран етті,

Елімізден береке мен бақ кетті

Хал үстінде жатқан қазақ жауыны,

"Өлсең де берілме",-деп ескертті.

Отанымның айбатты қорғандары,

Жан кетсе де тұрған жерден қозғалмады

Қан майданның ортасында жүріп - ақ,

Анасына, жарына тілек арнады.

Қоршауда қалған қалалар мен ауылдар,

Құлдыққа түскен туған іні - бауырлар

Аштық қысқан әр қазақтың жаны үшін,

Жырын төкті, қуат беріп ақындар.

Қанша адамның өлімі тыйылмады,

Туған жердің топырағы бұйырмады

Қара қағаз келген сайын штабқа,

Көздің жасы көлдей боп құйылғаны.

Қасіретті жылмен бірге соғыс бітті,

Ана, бауыр жақындарын ұзақ күтті

"Жеңіс" деген сөзді естіп бәріміз,

Құттықтадық ұлы күнмен ел - жұртты.

Батырлары Ұлы Отан соғысының,

Шежірелі, сан қилы тоғысының

Есімдері мәңгі халық аузында,

Мақтанышы әрқашан ұлысының.

Содан бері елім тыныш, бірлікте,

Бағы жанып мерекелі тірлікте

Жауыма да тілемеймін соғысты,

Мынандай нұрлы өмірді үгітпе!


© 2010-2022