Урок казахский язык на тему Сөз таптары (5 класс)

Раздел Другое
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ерденова К.Е

Сабақтың тақырыбы . Сөз таптары .

Сынып: 5

Сабақтың мақсаты : Сөз таптарының түрлері туралы оқушылардың білімдерін, ұғымдарын қайталау, бекіту. Танымдылық тапсырмалар , сұрақтар арқылыоқушылардың , шығармашылық қабілеттерін байқау, дамыту. Оқушылардың ана тілін сүюге адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.

Сабақтың түрі: Жарыс сабақ , қайталау сабақ

Сабақтың барысы :

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Психологиялық треннинг : «Жүректен жүрекке» Балалар сабағымызды жылы, әдемі сөздерден бастасақ ( Мысалы: Сіз бүгін өте әдемісіз, сен сұлусын т.с...)

-Балалар қарандаршы бұл жердегі әріптер араласып , шашылып қалған оларды дұрыс жинап сабақ тақырыбын тауып алайық .

Ө З С А Т П Т А Ы Р

Дәптермен жұмыс : Бүгінгі күнді жазу, тақырыпты жазу.

Мұғалім: Екі топқа мына әдемі 2 түсті кәмпит арқылы бөлінеміз .( мұғалім екі түсті кәмпитті сандық ішінен тандап алуға ұсынады)

1 тапсырма : Алдымен сөз таптарын еске түсіріп алуымыз керек .

I топ II топ

Зат есім , сан есім Сын есім , етістік

2 тапсырма : Сурет бойынша сөйлем құр (Урок казахский язык на тему Сөз таптары (5 класс))Урок казахский язык на тему Сөз таптары (5 класс)

Зат есім , сын есім , сан есім, етістікті тауып астын сыз

Сергіту сәті

3 тапсырма

Тапсырма: Берілген сөздерді дұрыс торға жаз. Кестені толтыр . Кітап , мен , он екі, сымбатты ,қызыл, жаңа, орындық , келді, отырды, ұшып келді.

Зат есім

Сын есім

Сан есім

Етістік


Сабақты бірнеше сұрақ арқылы бекітемін:

1 Сан есім заттың ..... білдіреді?

2 Неше ? Нешінші? Қанша ? Нешеу? - ненің сұрақтары?

3 Зат есім заттың .... білдіреді ?

4 Сын есім нешеге бөлінеді?

5 Сан есім заттың қимылын , іс әрекетін білдіреді.

6 Не істеді ? не қылды? Қайтты? Деген сұраққа не жауап береді?

7 Зат есім, сан есім дара және күрделі болып бөлене ме ?.

Мұғалім: Сабақты мақал мәтелмен аяқтасақ әр топ сөз таптарын қолданып бірнеше мақал мәтел жазуы керек.

Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар.

Семіздің аяғы - сегіз.

Бірінші байлық - денсаулық,
Екінші байлық - ақ жаулық,
Үшінші байлық - он саулық.

Тоқсан сөздің тобықтай түйіні бар.

жуз теңген болғанша, жүз досын болған болсын.
7 рет өлше, 1 рет кес

Әкесіне тартып ұл тумас, Шешесіне қарап қыз тумас.

Оқу - білім азығы, Білім - ырыс қазығы.
Кітап - алтын қазына.
Мұғалім: Ал, енді балалар алдарыңызда сендердің ұялы телефон жатқаның көрген шығарсыз .Бұл телефон арқылы сендер маған СМС жіберулеріңіз керек. СМС - сабақ сендерге ұнады ма? немен ұнады? жазып маған тапсырасындар .

Бағалау

Үй тапсырмасын беру

Қоштасу :-Сау болыңыз!

© 2010-2022