Мен және менің мамандығым

Менің бүгінгі таңда атқарып отырған психолог мамандығыма қызығушылығым зор. Сүйікті балабақшама келгенде балалардың әдемі, көңілді, мейірімді, мұңайған, үрейлі, көңілсіз, менің әр ісімді қызықтап бағалай қарайтын көздерін көремін. Мен үшін баланың көзі- оның ішкі жан дүниесін білдіреді. Балалар әр кезде мен оларды түсініп жылы қабылдайтынымды сезініп, сеніммен қарайды. Мен үшін әр бала – жеке тұлға. Өйткені мен психологпын -бала жүрегінің«емшісімін». Менің жүрегім баланың ішкі дүниесін танитын м...
Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ШҚО Семей қаласы. №11 «Ертөстік» ясли-бақшасының

психологы: Кожанова Гульмира Турдаыкыновна


Мен және менің мамандығым.


«Егер балалар бірдемені түсінбейтін болса,

онда оқытушы оларды кіналауға тиісті емес,

оларға түсіндіре алмай отырған өзін кіналауға тиіс»

Ы. Алтынсарин

Мен 20 жылғы педагогикалық еңбегімді мектепке дейінгі тәрбие беру саласына арнадым. «Мамандығым-мақтанышым» деп үлкен намыспен және толық сеніммен айта аламын. Көп жылдар тәрбиеші қызметін атқардым. Әрбір баланы жеке тұлға деп танып, ұлт болашағы - балаларды адалдыққа, еңбексүйгіштікке, батырлыққа, бауырмалдылыққа, береке, бірлікке тәрбиеледім. Сонымен қатар сұлу мінез, әртүрлі өнермен өрілсін» - деп Жүсіп Баласағұн айтқандай, тәуелсіз мемлекетіміздің тізгінін ұстайтын азаматтарды тәрбиелеуде ғасырлар бойы пайдаланып келе жатқан халықтың салт-дәстүр мен ұлттық тәрбиені тиімді қолдандым. Менің бүгінгі таңда атқарып отырған психолог мамандығыма қызығушылығым зор. Сүйікті балабақшама келгенде балалардың әдемі, көңілді, мейірімді, мұңайған, үрейлі, көңілсіз, менің әр ісімді қызықтап бағалай қарайтын көздерін көремін. Мен үшін баланың көзі- оның ішкі жан дүниесін білдіреді. Балалар әр кезде мен оларды түсініп жылы қабылдайтынымды сезініп, сеніммен қарайды. Мен үшін әр бала - жеке тұлға. Өйткені мен психологпын - бала жүрегінің «емшісімін». Менің жүрегім баланың ішкі дүниесін танитын мейірімді, «Көреген» құрал. Жағдайға байланысты бәрін білетін, көмектесетін үлкен дос, ойын кезінде серіктес, жанын түсініп қиыншылық сәтте көмекке келетін жақын адам ретінде болуыма тура келеді. Балаларға өзіне деген көз қарасын жаңаша бағалап, өздерінің батылдығы жетпеген кездерінде рух беремін. Мен әр кезде баланың ісіне жеңіл жол сілтемей, алған бағытымен жүруге қол ұшымды беремін. Өкінішке орай баланың психологиялық проблемасын тек балабақша жағдайында ғана, тек психологпен жұмыс барысында шешу мүмкін емес. Ата-аналармен тығыз қарым-қатынас орнатпай бұл жұмыс үстірт қаралатыны мәлім, баланың дамуында пайда болатын жағымды динамика жоққа шығады. Жақсы өзгерістерге әкелетін жолдың негізгі факторы ата-ананың психологпен бірлесіп жұмыс жүргізу ынтасы, балаға проблемалық жағдайларды шешуге көмектесу болып табылады.

Әрбір баланы жеке тұлға деп танып, ұлттық игіліктермен азаматтық құндылықтар сабақтастығын сақтай отырып, тәрбие мен білім беру үрдісін балалардың бойына «Сегіз қырлы, бір сырлы» жеке тұлғаның бастапқы сапаларын, мәдени мінез-құлық дағдыларын тәрбиелеу біздің балабақшаның негізгі мақсаттарының бірі. Балабақшада «Таным» психолог қызметі үш бағытта жұмыс жүргізеді: ата-ана, бала, педагог. Мақсатымыз баланың әлеуметтік ортасы: отбасы, балабақша және құрбы-құрдастары арасындағы қарым-қатынасын зерттеу, тәрбиені ұлттық психология мен халықтық педагогикаға негіздеу жолдарын ұсыну.Ата-аналармен баланың жеке ерекшеліктері туралы әңгімелер, сауалнамалар жүргіземін. Балалармен түрлі психикалық деңгейін дамытуға, ынтымақтастыққа тәрбиелеуге бағытталған ойын-жаттығулар жүргізіп, баланы тәрбиелеуде ескерілуге тиіс ерекшеліктері туралы кеңестер беремін. Баланың жеке қасиеттерін жан-жақты жүйелі зерттей отырып, оның дамуына қолайлы жағдай туғызамын, педагогтармен әртүрлі тренингтер, сауалнамалар өткіземін. Психологтың барлық міндеттерін, этикалық және эстетикалық талғамдарын сақтай отырып, балалардың шығармашылық қабілеттерін, зияткерлігін арттырып,мен өз қызметінің алға басуына бар күшімді саламын. Себебі, мен өз мамандығымды қызығушылықпен орындап, басқалары қызыға қарайтындай деңгейге жеткізгім келеді.

«Мен осы мамандыққа, лайықтымын!»


© 2010-2022