Тақырыбы: НЕСИЕ БАҒАСЫ ЖӘНЕ ПАЙЫЗДЫҚ ҮСТЕМЕНІ ЕСЕПТЕУ ӘДІСТЕРІ

Раздел Другое
Класс 12 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«НЕСИЕ БАҒАСЫ ЖӘНЕ ПАЙЫЗДЫҚ ҮСТЕМЕНІ ЕСЕПТЕУ ӘДІСТЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДА «БАНК ІСІ» ПӘНІ БОЙЫНША ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ӘДІСКЕ НЕГІЗДЕЛГЕН БІЛІМДІ ЖЕТІЛДІРУ САБАҒЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ӘЗІРЛЕМЕСІ


Сейдахметова Г.А. -

Алматы экономикалық колледжі

«Банк ісі» пәнінің оқытушысы


Бүгінгі күнгі инновациялық, интербелсенді әдіс тәсілдер және де ақпараттық технологияларды қолдану арқылы студенттің ойлау қабілетін, ізденушілігін дамытып, қызығуын тудыру, белсенділігін арттыру - ең негізгі мақсат болып айқындалады. Адам бойындағы игі қасиет мектеп қабырғасында қаланады. Сондықтан еліміздің ертеңгі ұлт тізгінін ұстар жастарымыздың тәрбиесіне аса мән беруіміз қажет. Қазіргі қоғамға сай білікті де білімді, адамгершілік құндылығымен рухтанған, ұлттық сезімі жоғары адам тәрбиелеу.

Оқытудың ақпараттық технологиясы - бұл ақпаратпен жұмыс жасау үшін арнайы тәсілдер, педагогикалық технологиялар, бағдарламалық және техникалық құралдар мен кешендер (кино, аудио және видеоқұралдар, телекоммуникациялық желілер және т.б).

Әлемдік деңгейдегі білім берудің қазіргі қағидасы білім беруді нәтижеге бағдарлау, оқытуды студенттің жеке тұлғасына бағыттау, ал оқыту әдістерін тұлғааралық қарым - қатынастарға беімдеу болып отыр. Демек, студент білімді дайын күйінді оқытушы түсіндірмесінен алмай, өзінің өмірлік тәжірибесін арқылы танымдық

Оқу үрдісінде оқытудың интербелсенді пікірталас, жеңілдетілген анықтама, шығу парағы т.б.әдістері қолданылды. Себебі, интербелсенді оқытудың тиімділігі сол, барлық оқушы қамтылады, олар өздерінің білетін және ойлайтын нәрселері арқылы түсінуге және қарсы әсер етуге мүмкіндік алады. Оқу материалын игеруде, оқушылардың біріккен әрекеттері мынаны білдіреді; әр оқушы өзіне тән ерекше еңбегін сіңіреді, білім, идея, әрекет ету тәсілдерін алмасу үздіксіз жүреді. Сонымен қатар, мұнда өзара қолдау және бір-біріне деген жанашырлық қалыптасады. Яғни, жаңа білім алып қана қоймайды, танымдық ой-өрістері дамиды, оны әлдеқайда жоғары топтасу мен еңбектесу дәрежесіне көтереді.

«Банк ісі» сабағы нақты ғылым болғандықтан сабақ интербелсенді оқыту және ойын технологиясының элементтерін қолдану арқылы жүргізіледі.

Бұл тәжірибелік сабақ «Несие бағасы және пайыздық үстемені есептеу әдістері» тақырыбының теориялық білімдерін қорыту болып саналады және білімгерлердің өз ойларын еркін жеткізуге және ой - қабілеттерін тереңдету.





























САБАҚ БАРЫСЫ


I.Ұйымдастыру кезеңі: Дәрісхананың сабақ өткізуге дайындығын және студенттердің қатысуын тексеру.

II.Өткен сабақта өткен материалдарды қайталау:

  • Сабақтың мақсаты мен жүру барысын айту.

  • Сайыс өткізу.

Біз бүгінгі тәжірибелік сабағымызды «Несие бағасы және пайыздық үстемені есептеу әдістері» бойынша білімгерлерді жаңа білім қабылдауға және игеруге белсенділендіру және өз ойларын еркін жеткізу тақырыбына арналған және қабылданған теориялық білімдеріңді тәжірибеде қолдана білуге бейімдеу және белгілі бір дағдыны қалыптастыру мақсатында тәжірибелік сабақ өткізгелі отырмыз. Сабақ интербелсенді әдістерінің элементтерін қолдану арқылы жүргізіледі.


  • 1Тақырыбы: НЕСИЕ БАҒАСЫ ЖӘНЕ ПАЙЫЗДЫҚ ҮСТЕМЕНІ ЕСЕПТЕУ ӘДІСТЕРІ - ші кезең «Шындық детекторы» - сұрақ - жауап ойыны.

«Шындық детекторы» (топ басшыларына сұрақ). Әр топқа сұрақ қойылады. Белгілі бір топ сұрақтардың барлығына да шынайы түрде жауап беріп, тек біреуіне ғана жалған жауап қатады. Қалған топтар жауаптардың қайсысы өтірік болғанын анықтап, өз ұстанымдарына дәлелдер келтірілуі керек.

  1. Еншілес банк дегеніміз не?

  2. Несие пайызының мәнін атаңыз?

  3. Қарыз алушының несиелік қабілетіне түсінік беріңіз?

  4. Пайыздық мөлшерлемелер сомасының есеп айырысу тәсілдеріне қарай нешеге бөлінеді?

  5. Банктің тартылған қаражаттары нешеге бөлінеді және жеке-жеке тоқталыңыз?

  6. Клиенттің несиелік қабілетін бағалау тәсілдерін атаңыз?

  7. Жай пайызды есептеу үшін мына қандай формула қолданылады?

  8. Шарт дегеніміз не?

  9. Несие мен депозит бойынша пайыздық төлемдер сомасының есебі үшін қандай формула қолданылады?

  10. Несие жүйесін құрудың маңызды принципі?

  11. Қарыз алушының қаржылық жағдайы қандай төлем қабілетімен байланысты?

  12. Несиенің негізгі формаларын атаңыз?

  13. Шартты жасау уақытына байланысты қандай түрлерге бөлінеді?

  14. Ұзақ мерзімді несиелеу объектілері неше түрге бөлінеді?

  15. Қазіргі несие жүйесін неше маңызды элементін бөліп қарастыруға болады?


  • 2 - ші кезең:

НТақырыбы: НЕСИЕ БАҒАСЫ ЖӘНЕ ПАЙЫЗДЫҚ ҮСТЕМЕНІ ЕСЕПТЕУ ӘДІСТЕРІесие бағасы және пайыздық үстемені есептеу түрлеріне есептер шығару.

№ 1 есеп

Берілгені:

Банк қаржылық көмек көрсету мақсатымен еншілес кәсіпорынға 3 жыл мерзімімен жылдық 20%-ға 10 млн теңге сомасында ссуда берді.

Шарты: Несие мерзімі - 3жыл.

Несие пайызы - 20%.

Ссуда сомасы - 10 млн тг

Пайыздары жай.....

Есептеу керек: 3 жылдан кейін несиені қайтару сомасын және банк табысын анықтаңыздар?

№ 2 есеп

Берілгені:

Салымшы 5 жылға жылдық 50%- бен банкке 2 мың теңге салды. Пайыздары күрделі.

Шарты: Салым мерзімі - 5 жыл.

Пайызы - 50%.

Салым көлемі - 2 мың тг.

Есептеу керек:

Мерзім өткеннен кейін салымшы қаражатының сомасы қанша?

№ 3 есеп

МәуленоваА.Р. ханым 3 жылдан кейін 500 000 тенгеге пәтер сатып алмақшы. Қазір олақшасын 16 % жылдыққа депозитке салмақ. Оған 3 жылдан кейін пәтер алу үшін қанша салым салу керек?

  • 3 - ші кезең:

«Ой қозғау (breinstorming)» - білімгерлер қандайда болмасын ақпарат

(мәлімет, проблема, сұрақ) туралы бар білгендерін жазбаша немесе

ауызша келтіреді, уақыт (3-4) минут.

Мысалы, мына төмендегі сұрақтарға:

- «Не білемін?»

- «Не білгім келеді?»

- «Не үйрендім?»

  • 4 - ші кезең:

«Өндірістік жағдайлар» - топтық зерттеу ойыны, АҚ «Халық банкі», «Каспий банкі» және АО «БанкЦентрКредит» командалары арасында өткізіледі. Бұл ойынның шарты студенттер шағын топтарға бөлініп, аталмыш проблеманы шешу жолдарын талқылау және тиімділігін анықтау, уақыт (15-20) минут.

III. Сабақ нәтижесін қорытындылау: сабаққа белсенді қатысқан студентті және топ жеңімпаздарын анықтау.

IV.Бағалау.

V. Үй тапсырмасы: осы сабақта шығарылған есептерге диаграмма құру.



ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


  1. С.Құлпыбаев, Қ. Қ. Ілиясов; Қаржы оқулығы 2009 жыл.

  2. С.Б.Мақыш «Банк ісі» Алматы «Жеті жарғы» 2009 жыл.

  3. Н.Н. Хамитов «Банк ісі» Алматы экономика 2006 жыл.

  4. Р.Ж.Қалғұлова «Екінші деңгейлі банктегі бухгалтерлік есеп» Алматы, 2005 жыл.



© 2010-2022