Өзін-өзі тану пәні бойынша Жүрек жылуы сабақ жоспары

Раздел Другое
Класс -
Тип Статьи
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жалпы орта білім беретін Шипов мектебі

Пәні: Өзін-өзі тану

Сыныбы: 2

Уақыты:

Тақырыбы: «Жүрек жылуы»

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: Қайырымдылық, мейірімділік

Мұғалімі: Заитова А.А

«Табиғаттағы барлық жылу - күннен,
Өмірдегі барлық жылу - адамнан».
Михаил Пришвин

Мақсат-міндеттері:

-Қайырымдылық», «мейірімділік», адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

-мейірімділік, қайырымдылық туралы түсініктерін кеңейту;
-қамқорлық жасауға жетелеу;
- мейірімділікке тәрбиелеу.

Ресурстар:

Құралдар, мәлiметтер

Ұйымдастыру кезеңi.

Амандасу. Түгендеу.

-Cәлeмeтciздep мe, құрметті ұстаздар,бaлaлap, сіздepмeн кeздecyгe қyaныштымын. Бүгiнгi күн бiз үшiн қызықты дa, қyaнышты дa бoлaтынынa ceнeмiн!

Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену»
-Барлықтарыңыз көздеріңізді жұмыңыз. Сіз табиғаттың ең көркем жерінде екенін елестеңіз. Сіз көл жағасында суда жалаң аяқ жалдап жүрсіз. Салқын су сіздің аяғыңызды сипап жатқан сезімде боласыз (тыныштық). Күннің көзі жер бетін қыздыруда (тыныштық). Сіз гүлдің, шөптің және балдың иісін сезесіз (тыныштық). Сіз көңілді құстар ән салып жатқанын естисіз..... (тыныштық).
Тыныштықта тұрып, өзімізді тыңдайық, табиғат - анамызды тыңдайық. Алақандарыңызды күннің көзіне жайыңыз. Көк аспаннан және күзгі жердің суығы ағатын жылы күннің сәулелерін сезіңіз (тыныштық). Қазір біз көзімді ақырын ашып, басқа жаққа қарай қолымызды жайып, бізге өмір, денсаулық, қуаныш және жақсы көңіл күй сыйлаған Ана - Табиғатқа «Рахмет» деп айтамыз.

-Рахмет.
-Не елестетіңдер?

(Мен жылулық сездім),(мен гүлдің баяу ашылып жатқанын ),

(Мен нұр сәулесін аяғыма таралғанын сездім), мен Қолыммен жылулықты сездім),Ал мен жақсы сөздерді,тіліктер айтығым келді.

-Ендеше бәріміз хормен:

-Мен тек жақсы сөздерді айтамын,

-Мен тек жақсыны көремін,

-Мен тек жақсы жолмен жүремін.

Түс қағаздары арқылы оқушыларды екі топқа бөледі.

Үй тапсырмасын тексеру.

Әңгімелесу.

Ж.Әділжанқызы

Жан-жағына нұр шашып,

Арайлап жарқын таң атса,

Жер бетінде жайқалып,

Көгеріп өссе көк майса... .

  • Үлкендер еркелеткенде қандай күйде боласыз?

  • Жақсы көретін адамдарға қандай тілек айтқың келеді?

  • Басқаларға жақсылық жасаған кездерің болды ма?

Жаңа ақпарат.

Оқушыларға адам өзін және өзгелерді жақсы көру арқылы өмірін қуаныш пен шаттыққа, махаббат пен бақытқа бөленетін түсіндіру мақсатында ұйымдастырылады.

«Адам өзін және өзгелерді жақсы көру арқылы өмірін қуаныш пен шаттыққа, махаббат пен бақытқа бөлейді.»

Мәтінмен жұмыс.

Оқушыларға табиғатқа қамқорлық жасауға жетелеу мақсатында ұйымдастырылады.

Маржан мен жауқазын

З.Мейірханова

Маржан бала кезінен табиғатты және оның байлақтарын сүйіп өсті. Ата-бабасынан берілген қасиет шығар, атасы Есқалиды ауылдастары Мичуриннің ізбасары дейтін. Бірде Маржан серуендеп жүріп, бір жылаған дауысқа құлағын түрді. Абайласа, аяғының астындағы тастың қуысынан естіледі... .

  • Маржан жауқазынға қандай жақсылық жасады?

  • Тас пен Маржанның іс-әрекеттерінен қандай айырмашылық байқадыңдар?

Дәйексөзбен жұмыс.

Оқушыларға бұл дәйек сөздің мағынасын түсіндіріп өтеді.

«Табиғаттағы барлық жылу - күннен,
Өмірдегі барлық жылу - адамнан».
Михаил Пришвин

Сергіту сәті.

Оқушылардың бойларын сергіту мақсатында сергіту сәтін ұйымдастырады.

«Қос қарлығаш» әніне бірге қосылып би қимылдарын жасайды.

Тапсырма.

Сабақта берілген ойды түйіндеу мақсатында тапсырма ұсынылады.

Тапсырма: суреттерге қараңдар. Тал мен мысыққа, үлкен кісі мен сырқат адамға қандай жақсылық жасау керек екенін әңгімелеу, талдау.

Шығармашылық жұмыс.

Оқушылардың тақырыпты терең меңгеру мақсатында шығармашылық жұмыс ұйымдастырылады.

I-топ. «Табиғатты қорғайық» тақырыбында сурет.

II-топ. «Ана мейірімі» тақырыбында сурет.

Топпен ән айту.

Оқушыларды топпен ән айтуға шақырады.

Дәптермен жұмыс.

Оқушылар сабақта алған білімдерін дәптермен жұмыста бекіте түседі.

Тапсырма: а) Өздерің жақсы көретін адамдарын туралы жазыңдар.

ә) Суреттегі бос торкөздерге «ана деген кім?» сұрағына жауап жазыңыз.

Қорытынды.

Сабақ қорытындыланады. Сабақ өз мақсатына жетті.

Үй тапсырмасы: Отбасына тілек жазу.


© 2010-2022